─ Сіздің жазған еңбектеріңіздің басты бағыттары қандай?
─ Бүгінге дейін он төрт кітап, үш жүзден аса мақала жарияла-
ныпты. Алғашқы еңбегім — "Сынсонар" 30-ыншы жылдарда-
ғы әдеби сын жайлы. Әдеби сынның теориясына қатысты "Сын
өнері" еңбегін жаздым. Еуропада әдеби сынды эстетиканың бір
тарауы деп қарастырса, мен оның жеке сала екендігін және оның
жеке теориясы барлығын дәлелдеп, зерттеп жазып шықтым. Бүгін-
де әдеби сынның тарихын есте жоқ ескі заманнан қазірге дейінгі
түрлі салаларын зерттеу үстіндемін. Шамалауымша, көлемі үлкен
еңбек болуы керек. Бір жағынан, оқулық, екінші жағынан, ғылыми
зерттеу жұмыс. XX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеген "Әде-
биет алыптары" деген кітабым шықты. Әдебиет саласындағы 40
жыл уақыт текке кеткен жоқ деп ойлаймын.
366
Достарыңызбен бөлісу: |