40 жылға тарта уақыт болыпты. Сынға калай келдіңіз?
— Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ қазақ тілі мен әде-
биеті пәніне кызығушылығым зор болатын. Сол себепті де әде-
биетке бір табан жақын өстім. Әдебиетші болғанға өзімді бақыт-
тымын деп санаймын. Қиындығы да, қызығы да мол тірлік. Жалпы
қазақ тілі мен әдебиеті саласының мамандары – ерекше адамдар.
Олар – ұлттық рухты, эстетиканы, ұлттың жанын түсінетін және
ұлтқа барынша қызмет ететін мамандар. Ұлттың сөзін сөйлеп,
туын көтеріп жүретін жандар. Кейде шаршаңқырап қалған сәтте
мақалаң, кітабың жарық көрсе рахат сезімге бөленіп, құлшыныс-
пен қайта кірісесің. Ондағы ойымыз біздің жанайқаймыз халық-
тың кәдесіне жараса екен деген тілек қой. Осы уақытқа дейінгі
өміріме өкінбеймін. Егерде өмірді қайтадан бастап "кім боласын?"
десе, әдебиетші мамандығынан бастаған болар едім. Бір күнімді
босқа өткізбеуге тырысамын. Құрығанда 1-3 бет жазу өмірлік
әдетке айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |