(«Әдебиет және искусство», 1939, №2)
, «Қобыланды батыр» туралы»
(«Әдебиет және искусство», 1940, №12)
, «Едіге батыр» жыры» туралы»
(Әдебиет және искусство», 1940, №7,8)
«Қорқыт туралы»
(Әдебиет май-
даны», 1940, №10)
секілді зерттеулерінде қазақ эпосының аса маңыз-
ды мәселелері көтерілді.
«Қазақтың лиро-эпосынан» кандидаттық (1945), «Көне түркі
поэзиясы және қазақ фольклорынан» докторлық (1971) диссерта-
циялар қорғаған Ә. Қоңыратбаевтың «Қазақтың «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу жыры туралы» (1959), «Эпос және оның айтушылары»
(1975), «Қазақ эпосы және түркология» (1987) атты еңбектері кі-
тап болып басылған. Академик Қажым Жұмалиевтің «Қазақ эпосы
мен әдебиет тарихының мәселелері» (1958) атты монографиялық
зерттеуінде қазақ эпостарының жай-күйі кеңінен қарастырылды.
Мәлік Ғабдуллин “Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерт-
теудің проблемалары» (1947) тақырыбында кандидаттық диссер-
тация қорғады. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде
жазылған «Қазақ халқының ауыз әдебиетінде» (1958,1964) эпос-
тық туындыларға көбірек орын берілді. Қазақ халқының бай эпи-
калық жырлары жан-жақты талданылған «Қазақтың батырлық
эпосы» (Т. Сыдықовпен бірге, 1972) атты монографиялық зерттеуі
үшін ғалымға Ш. Уәлиханов атындағы берілді. Ы. Дүйсенбаев-
тың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1959), «Қазақтың лиро-эпосы»
(1973), «Эпос және ақындар» (1987) атты зерттеулері жарық көрді.
Академик Рахманқұл Бердібайдың «Қазақ эпосы» (1982), «Эпос
– ел қазынасы» (1995), «Эпос мұраты» (1997) , «Қазақ-түркі эпос-
тарының мәселелері» (2010), т. б. секілді еңбектері қазақ эпосын
зерттеуге елеулі үлес болып қосылды. Ғалымның еңбектері қазақ
эпосын түркі халықтарының эпостарымен салыстыра отырып
109
зерттеуімен ерекшеленеді. Қ. Саттаров «Қазақ романдық эпосы-
ның поэтикасынан» (1991) докторлық диссертация қорғады.
Белгілі эпостанушы ғалым Ш. Ыбыраевтың «Қазақ эпосы»
(1986), «Эпос әлемінде» (1993), «Оғыз эпосының поэтикасы»
(1997), «Дастан поэтикасы» ( түрік тілінде, 1998) сияқты іргелі
зерттеулері бүгінгі қазақ фольклористикасының биік өресін бай-
қатады. Шәкірдің еңбектерінде түркілік эпостарды салыстыра
отырып қарастыру басым.
Қазіргі қазақ эпостанушылары қатарында Т. Қоңыратбаев
(«Эпос және этнос», 2000),
М. Әбдуов
(«Қазақтың діни эпосы», 2006),
Б. Рахымов
(«Тарихи эпос табиғаты», 1999; «Эпостану негіздері», 2000)
секілді ғалымдар жемісті еңбек етіп келеді. Сондай-ақ белгілі
фольклортанушылар С. Қасқабасовтың, С. Садырбаевтың, Е. Тұр-
сыновтың зерттеулерінде де эпос жайлы айтылған құнарлы пікір-
лер баршылық.
Екі мыңыншы жылдары жарық көрген он томдық «Қазақ әде-
биеті тарихының» бірінші томы (редакциясын басқарған С. Қасқа-
басов, 2008) ауыз әдебиетіне арналды. Бұрындары жарық көрген
«Қазақ әдебиетінің тарихтарында» ауыз әдебиеті негізінен жанр-
лық тұрғыда қарастырылып келсе, жаңа көптомдықта қазақ фольк-
лоры алғаш рет тарихи даму үстінде көрінді. Қазақ эпосы да осы
жүйемен беріліп, көне, қазақ хандығы дәуіріндегі, жаңа дәуірдегі
эпостар жеке тарауларда қарастырылды. Мұның өзі эпостануда
ғана емес, бүкіл қазақ флоьклористика ғылымындағы жаңа сөз
болды.
110
ҚАЗАҚТА АҚЫН ӨТКЕН
ҚҰЛЫНШАҚТАЙ
Ә
деби дамудың негізгі даңғыл жолы – ұлттық әдеби дәстүр. Біз күні
кешеге дейін осы ақиқатты мойындамай, әдебиетімізді батыстық
даму жолына бұрып, қазақ әдебиетіндегі жылт еткен жақсылықтың
барлығы да орыс әдебиетінен келген деп, өзеуреп келдік. Жамбылдың
Сүйінбайды, Майлықожа мен Құлыншақты, Құлыншақтың Шөжені
ұстаз тұтып, олардан ақындық өнердің қыр-сырын көп үйренгендігі,
нәтижесінде олардың ойынан шығып, үкілеген үмітті шәкірті ретінде
бата алғандығы, сөйтіп, қазақтың біртұтас ақындық дәстүрінің жалға-
сып келгендігі саяси себептермен ұмыт қала берді. Саяси жағынан за-
лалсыз ақындар ғана әдеби дәстүрден үзіп алынып, жеке-дара ұсыныл-
ды. Осындай себептермен өткен замандарда жасаған көп ақындарымыз
өзіне лайықты бағасын алып, халыққа өз дәрежесінде танылмай келді.
Құлыншақ Қаратау өңірі ақындық мектебінің аса ірі өкілі ретінде
аты аталып жүргенімен де, оның поэзиялық мұрасын жинап, басты-
ру, ғылыми тұрғыдан баға беру, оқырманға таныстыру өз дәрежесінде
болып келді деп айта алмаймыз. Оған басты себептер: ақынның халық
қамын жырлағандығы. Отаршылдық саясатқа қарсы шыққандығы, ді-
ни-ағартушылық бағытта болғандығы, ең бастысы – әділеттілікті жыр
еткендігі. Әрине, мұндай ақынның патшашыл отаршылдарға да, ке-
ңесшіл отаршылдарға да ұнай қоймасы анық еді.
Құлыншақ – ең алдымен, халықшыл ақын. Сондықтан да ол бір
өлеңінде «Халқым үшін шарқ ұрып, алаңдаймын» деп жырлайды.
Ақынның өлеңдері көбіне адамдықты, имандылықты уағыздаған ди-
дактикалық сарында келеді. Оның көп өлеңі «Жабыдан айғыр салма
жалы бар деп. // Тексіздің қызын алма малы бар деп» – сарындас ке-
леді. Мұндай өлеңдерінен ұлттық таным-түйсік, ата-баба дәстүрін
ұлықтаушылық мен мұндалап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |