Ғашықтардың пірі едің,
Ләйлі – Мәжнүн саруар-ау, – деп, баласына ақ жол тілейді. Ал
Қыз Жібектің бейнесі:
«...Қыз Жібектің құрметі,
Жаханнан асқан сәулеті.
Ләйлі –Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті.
Үш қызы бар қасындай,
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай» –деп суреттеледі.Ауыз әдебиеті
есте жоқ ескі замандардан брі келе жатқан дейтін болсақ, онда-
ғы «Ләйлі – Мәжнүннің» сілемдері сөз жоқ, бұл дастанның қазақ
даласына ерте кездерде келіп, өз жырындай болып кеткендігінің
бірден – бір дәлелі.
Көркем шығарманың өзіндік сипаты, құрылыс, бас аяғы бар
біртұтас туынды дейтін болсақ, «Ләйлі-Мәжнүн» қазақ дала-
сына белгілі бір ақынның туындысы ретінде емес, алдымен сю-
жеті, тақырыбы, кейіпкерлері келді. Шығыс әдебиетіне тән нә-
зирашылдық дәстүрмен қазақ ақындары қисса дастаншылары да
бұл жырды өздерінше жырлап, әдебиетіміздің төл туындысына
айналдырып жіберді. Шығу тарихы VI ғасырдағы арабтың Мәж-
нүн атанған ақынының есімімен байланыстырылатын бұл сюжеті
әдеби нұсқа ретінде тұңғыш рет дастан қылған Низами саналады
(XIIғ). Әлішер Науайы да (ХVғ) «Ләйлі –Мәжнүнді» жырлаған.
Ал Әзербайжанның атақты ақыны Физули бұл жырды Низамидің
нұсқасының үлгісінде Әзербайжан, одан қалды бүкіл түркі, шығыс
әдебиетінің бай дәстүрлерімен байыта отырып өзінше қайта жыр-
лап шықты. Адам бойындағы ең бір асыл сезімі асқақ шабытпен
жырланған Физулидің осы нұсқасы қазақ арасында молынан тара-
ды.
«Ләйлі- Мәжнүннің» Физули жырлаған нұсқасының сюжеті бо-
йынша Шәкәрім Құдайбердіұлы 1907 жылы дастан жазды. Поэма
«Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы 2-8 сандарында жария-
ланды.Журналдағы басылымына редакция атынан берілген қысқа-
ша түсініктемеде «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны араб елінде ғана емес,
дүниежүзілік әдебиетте өзіндік орны бар шығарма екендігін айта
келіп, мұны қазақ тіліне еркін аударған араб әдебиетімен жете та-
ныс Шәкәрім Құдайбердиев екендігі айтылған. Артында редакция
алқасы дастанды «Шолпан» журналының редакциясына тапсыр-
ған, жариялауға ұсынған- Мұхтар Әуезов.Шәкәрім дастанды еркін
аударған деген түсініктеме бергеніне қарамастан, қазақ тіліндегі
«Ләйлі-Мәжнүн» нәзира үлгісімен жырланған қазақтың төл туын-
дысы деуге болады. «Ләйлі-Мәжнүн» 1935 жылы С.Сейфуллиннің
алғы сөзімен жеке кітап болып басылып шықты.
114
Қазақ тарихында отызыншы жылдардың соңына қарай жеке
адамға табынушылықтың салдарынан туындаған саяси құғындау-
лар кезінде Шәкәрім де ұлтшыл, халық жауы атанып, шығарма-
лары да халыққа зиянды деп табылды. Шәкәрімнің өзінің, шы-
ғармаларының кеңестік кезеңде ескішіл, кертартпа саналып, ұзақ
жылдар бойы «қамауда» жатуына байланысты «Ләйлі- Мәжнүн»
де қапасқа қамалды. Содан сексенінші жылдардың соңына қарай
Ш. Құдайбердіұлы ақталғаннан соң барып, оның шығармалары
қайтадан халқымен қауыша бастады.Шәкәрімнің 1988 жылы жа-
рық көрген шығармалар жинағына «Ләйлі-Мәжнүн» де кіріп, қа-
зақ оқырманының сүйікті туындысына айналды. Осы уақыттан
бастап ақынның шығармаларымен бірге жарық көріп келе жатыр.
Физули (лақап аты, білімдар, от тілді, орақ ауызды деген ма-
ғынаны білдіреді) «Ләйлі-Мәжнүнді» ақындық даңқы гүрілдеп
тұрған 74 жасында, яғни әбден кемеліне келген кезінде замандас-
тарының тілегіне орай жазған. Ақынның бүкіл поэзиясының идея-
лық бағытын анықтайтын адамгершілік, гуманистік уағыздар бұл
дастанда да мейлінше көрініс тапқан. «Ләйлі- Мәжнүннің», оны
авторы Физулидің атын әлемдік әдебиетте асқақтатып тұрған осы
адамзаттық мәні бар ұлы мәселелердің поэтикалық тұрғыдан шы-
райлана жырлануы дер еді. Бұл ретте Физули дүние қумай, адами
асыл қасиеттермен өмір сүруді уағыздайтын сопылық әдебиеттің
үлкен бір өкілі ретінде көрінеді.Асыл идеялар ақындық құдірет-
пен ерекше қасиетті өнер туындысына айналады.Кезінде В.Г. Бе-
линскийдің өзі «Физули өлеңдерінің өн бойында сурет әсем әуез
боп, ол әуезі таңғажайып суретке айналып тұрады, сөздері бояулы,
бейнелі келеді, осы қасиеттердің бәрі қосылғанда өзгеше бір тұтас
сұлулық дүниесі сыр шертеді»- деп, Физули поэзиясын аса жоғары
бағалаған.
Физули мұрасын зерттеушілер «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын Ни-
замиден аударма деп емес, ақынның төл туындысы деп қарайды
Достарыңызбен бөлісу: |