«Ғашықтықтың- жан жүрегі жақсылықтан жаралған,
Ақиқатты аңсағандар махаббаттан нәр алған.
Бұл махаббат-шалқу, шаттық, қуаныштың шыңы ғой,
Шарап буы, сыбызғы әні қан боп бойға таралған – деп, жыр-
лайды ақын.
Сондықтан да ол «Махаббаттың ақ жолынан тайғам жоқ», «Мен
мәңгілік махаббатқа тұтқынмын»- деп, «Бәрі жалған махаббаттан
өзгенің» санайды.Сүйе білетін адамдар- жүрегі таза, нәзік, өмір-
ге құштар. Ал жүрегі таза адамдардың адамгершілігі де жоғары
келетіндігі, ал адамгершілік атаулының адамдардың бақытты өмір
сүруінің басты шарты екені белгілі.Сондықтан да ақын адамның
сүйе білу қасиетін, яғни ғашықтық сезімін адамның бойындағы ең
бір асыл қасиет санап, жырға қосады. Тіпті, «Махаббаттан безу-
ұят» санайды. Бұл жерде «махаббатсыз- дүние бос» деп, жырлаған
қазақтың ұлы ақыны Абаймен Физулидің үндес жатқандығын бай-
қаймыз. Ақынның «Ғашығымды көрген сәтте өмір жібі ұзарып»-
деп, жырлауына қарағанда, өмірдің бәр мәні мен сәні махаббатта
жатыр, ол саған қүш-қуат беріп, өміріңді де ұзартады. «Махаббат-
тың тақсыретін тартсаң, жайың жай табар»- дегенде, махаббаттың
қандай қиындығы болса да қашпайтындығы көрінеді.
Физули- діндар ақын, сопылық әдебиеттің ірі өкілі.Ол бұл дү-
ниенің қызығы дүние қууда емес, махаббатта деп біледі: «Тәрік
етіп бұл дүниені махаббатты жай ізде». Ол үшін байлық дүниенің
молдығы емес, қайырымдылық : «қайырымдылық байлығым».
«Бұл тірліктің игілігі – жоқтық пенен тарлықта,
Патшалықтың керегі жоқ, ол қыл көпір шегінде.
Тәж бен тақтан талай бастар домаланып үзілген,
Тақ-бұғау да, тәж дегенің-ашулы есік өлімге» – деп, жырдайды
ақын.
Бұл шумақта еңбек етуге, сол еңбектің нәтижесінде жиналған
материалдық байлыққа табынуға үндейтін Батыстық философияға
қарсы адамгершілік идеяларды жырлаған, адамзаттың бойындағы
асыл қасиеттерді бәрінен де жоғары қоятын Шығыстың гуманизмі
анық көрінеді. Бұл өмірдің мәні байлықта емес, бай бол, кедей бол,
адам болып қалуда. Сондықтан да ақын «Мен, Физули, бұл өмірді
тәркі етіп безбекпін» дейді. Тіпті оның «Ей, Физули, бұл өмірде
жалғыз ерлік- жоқшылық» дегені оқырманын бұл қалай дегендей,
ойландырмай қоймайды.
Физулидің поэзиясы ойға жомарт, оқушысын тереңіне қарай тар-
та түседі:
«Жаһанды жалмап жұт келсе, қорқыта алмас адамды,
Әмірші әділ болмаса-қорқатын, әне, заманды
122
Қайғы-мұң түссе басыңа, уақыт өзі сейілтер
Сол қайғыны бөлетін дос болмаса, жаманды».
«Сабырлы кісі науқастан, түбі, сауығар,
Сабырлы кісі бақытқа, түбі, жолығар».
«Жақсымен жүрсең, жомарт та, мәрт те боларсың,
Жаманмен жүрсең, ұяты кір боп жағылар».
Физулидің поэзиясы қазақша сөйлегенде жарқ-жұрқ еткен сән-
салтанаты мен кенен ойларын жоғалтпаған. Аудармашы Ә.Жәмі-
шев пен Ж.Қыдыровтың тәржімашылық шеберлігі арқасында
құлпыра түскен. Айшықтау амалдарының небір тамаша үлгілерін
көреміз.
«Жүрегім-арал тұншыққан суға,
Көз жасым-теңіз аумаған».
«Жүрек –көмір, жанып барам....
«Қара сұлу, көлеңке болып, ұрланып кірер бөлмеңе.
Күн-күнің болып, нұр сеуіп ерте, тазартып қояр аулаңа» – де-
ген сияқты өрнекті жолдар айшықтаудың метафоралық тәсілімен
құлпыра түскен. «Сайқал дүние» тіркесінің эпитеттік мағынасы
қаншама тереңдеп, бейнелі болып шыққан.
«Күңірегенде күрсінісім көк көбесін сөккен соң,
Достарыңызбен бөлісу: |