137
маларын қазақ тіліне негізгі аударушылардың бірі Шерхан Мұртаза:
«Шын дүниеде Шыңғыс енді Манас бабасымен табысқан шығар. Бұл
Шыңғыс енді бұдан шамада 900 жыл бұрын жасаған Шыңғыспен де
табысқан шығар. Ол жарты әлемді қылышпен жаулап алса, бұл Шың-
ғыс бүкіл әлемді қаламмен баурап алды. Рухтары мәңгі сөнбейтін
алыптар екі дүниеде де жарқырайды» – деп, тебіренді.
Олжас Сүлейменов: «Қазақ табиғаты, далалықтар бейнесі Әуезов-
тен кейін барынша планеталық тұрғыда Айтматовтың романдарында
көрінді... Шыңғыс Айтматов феномені туралы әлі көп айтылатын бо-
лады. Өзін Еуразияда мыңжылдықтар тоғысында танылуы кездейсоқ
болмаған осынау тұлға қандай екенін оның бүкіл болмысын ой елегі-
нен өткізіп, түсіну үшін уақыт қажет» – деп жазды.
Ш.Айтматов алғашқы әңгімелерінің біріне пікір айтқан Әбіш Кекіл-
баев: «...Шыңғыс Айтматов барда арқамыз жарға сүйеулі еді ғой.
Алайда, өзі ортамыздан кетсе де әлемдік әдебиет кеңістігінде Ала-
тау баурайында тігілген тойлы ауылдай қақырайып, Айтматов әлемі
қаз-қалпында тұр. Сағынсақ, соны аралап, мауқымызды басамыз.
Дағдарсақ, кітабын ашып, ақ пейіл ұстазбен ақылдасамыз. Қан базар-
дай қымқуыт біздің заманымызда адамзатқа, бір-біріне тонның ішкі
бауындай жақын біздің халықтарға Айтматовтай данагөй берген тағ-
дыр мен тарихқа тәубе дейік!» – деп, мазасызданған жүректерді са-
бырға шақырады.
Жазушылар Төлен Әбдіков пен Әлібек Асқаров: «Өкінбейтін жал-
ғыз нәрсе – Шыңғыс Айтматов шығармаларының бізден кейін де
талай-талай ұрпақтың жанына ізгілік шуағын төгіп, тазалық пен
мейірімділіктің, елге, өнерге деген, адам баласына деген сүйіс-
пеншіліктің өмірден өшіп кетпеуіне қорған болып, адамзатпен бірге
жасайтындығы» – деп, тәубе етті.
Шыңғыстың ұзақ жылдар қасында жүрген, рухани інісі Мұхтар
Шаханов Айтматов шығармаларында көркемдікпен көтерілген адам-
зат алдында тұрған ауқымды проблемаларды, оның ішінде мәңгүрт-
тену мәселесінің барынша шынайы көрініс тапқандығын айта келіп,
«Қырғыз топырағындағы Манастан кейінгі ұлы тұлға Шыңғыс Айт-
матовтың сан миллион тілектестерінің рухын тасытып, бірен-саран
қызғаншақтардың мінезін жасытатын дара ғұмыры – екінші ғұмыры
басталды» – деп толғанды.
Академик Рымғали Нұрғали «Сонда біз Айтматов арқылы күллі
түркі жұрты үшін, бүкіл мұсылман әлемі үшін мақтанатынбыз»,
С.Абдрахманов: «Адамзат Айтматовынан айырылғанда ет жүректі әр
адам қалай аһ ұрмасын, көкірегін күрсін қалай кернемесін?!» – деп,
тебіренді.
Шыңғыстың тағы бір рухани інісі Нұрлан Оразалин «Иә... Шыңғыс
Айтматов есімі – бір ұлттың, бір халықтың, бір аймақтың, бір құр-
лықтың үрдіс-үлгісін танытар ұғымдармен шектелмей, ғасырмен,
ғасырлармен безбенделер, жалпыхалықтық, жалпытүркілік, жалпыа-
138
дамзаттық өлшеммен бағаланар мәңгілік биігіне көтерілген ұғым» –
деп, адамзаттың Айтматовы рухы алдында басын иді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің 2008 жылғы 13 маусым күні №24 саны-
ның бірінші беті «Түркі дүниесінің тау тұлғасы құлады» деген та-
қырыппен ашылған. Онда «Қазақтың игі жақсылары» «Шықаң» деп
әспеттеп, қасиеттеген Шыңғыс Айтматов дүниеден озғанын естіген
мезетте ет бауыр жақыныңнан айрылғандай бөлекше күйді басымыз-
дан өткергеніміз рас... «Өкпеге қиса да өлімге қимайтын» азаматынан
қазақ қауымы да айрылып отырған жайы бар, ендеше» деген жолдар
бар. Ақын Ш.Сариев:
Достарыңызбен бөлісу: