Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет63/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(Ш.Айтматов. Боранды бекет. 

А., 1986, 107-бет).


141

Екі мәтінді салыстыра қарағанда, ұқсастығы да, айырмашылығы да 

байқалады. Ұқсастығы – мәңгүртті қолдан жасайтындығы. Айырма-

шылығы – Әбіште адамдарды мәңгүрт жасау ісі өмірде болған нақты-

лы оқиға ретінде суреттелсе, Шыңғыста Найман-Ананың тағдырына 

байланысты  аңыз  ретінде  баяндалады.  «Күйде»  қысқа  ғана  көрініс 

тапса,  «Боранды  бекетте»  мәңгүрттіктің  анатомиясы  барынша  кеңі-

рек  жалаңаштанған.  Шыңғыста  оқиғаның  үшінші  жақта  баяндалуы 

публицистикалық сарындағы авторлық көзқарасқа ұласып отырады: 

«Дүниедегі  жаза  біткеннің  сұмдығы  адамды  ақыл-есінен  айыру  да. 

Ақыл-ой адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой. 

Біреудің  қолында  бар  байлық  басқа  біреуде  де  бар  болар,  ал  ақыл-

ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек жалғыз асылық. Өзінің 

түнек тарихынан тағылықты ең сұмдық, қатігез түрін мирас қылған 

көшпенді жуан-жуандар адамның әлгі ең асыл қазынасына қорқаулық 

жасаған. Олар құлдарды сап-сау күйінде ақыл-есінен таза адастыру 

амалын тауып, сол арқылы адам баласының болмысына дүниедегі зұ-

лымдық біткеннің ең бір сорақы – зорақысын қолданған ғой» (сон-

да). Бұл жерде ХХ ғасырдың соңғы ширегіне қарай қоғамда көрініс 

тапқан мәңгүрттікке қарсы айтылған автордың пікірі айқын көрінеді. 

Ш.Айтматов  дала  аңызындағы  Найман-Ананың  бейнесін,  тағдырын 

шеберлікпен сомдау арқылы мәңгүрттіктің адам баласы үшін аса қа-

терлі әлеуметтік дерт екендігіне көзіңізді жеткізеді. Осы бір қауіпті 

құбылысқа  жұртшылық  назарын  аударады;  мәңгүрттіктің  алғашқы 

құрбандарының  бірі  болған  Найман-Ананың  аузымен  оған  қарғыс 

айтады; адамзат қоғамын, әсіресе аз ұлт өкілдерін мәңгүрттіктен сақ-

тандырады.

Бұл жерде мынадай мәселе туындауы мүмкін. Екі жазушының қай-

сысы алғаш рет мәңгүрттік мәселесін көтерді? Мәселеге осы тұрғы-

дан  келгенде,  мәңгүрттік  туралы  алғаш  қалам  тартқан  Ә.Кекілбаев 

та,  ал  оны  аса  маңызды  әлеуметтік  проблема  ретінде  көтеріп,  оған 

жұртшылық назарын аударған – Ш.Айтматов. Әбіштің «Күй» повесі 

шыққанда ол туралы пікір білдірген әдебиетшілердің бірде-бірі онда 

суреттелген мәңгүрттік туралы оқиғаға қоғамдық маңызы бар құбы-

лыс ретінде назар аудара қойған жоқ. Оған дала төсіндегі жаугершілік 

заманның қатыгез бір көрінісі ретінде ғана қарады. Ал Ш.Айтматов 

болса, адамзат қоғамында белгілі бір зымиян күштердің әсерімен етек 

алып бара жатқан мәңгүрттікке әлеуметтік мән беріп, оның болашақ 

үшін аса қатерлі екенін алғаш көре біліп, дабыл қақты. Екі суреткер 

бір нәрсеге екі түрлі көзқараспен қараған, екі түрлі идеялық ой түйін-

деген.

Тағы бір мәселе: «Боранды бекетті» жазарда Ш.Айтматов Әбіштің 



«Күй»  повесімен  таныс  болды  ма,  болса  оның  Шыңғыстың  мәң-

гүрттікті  суреттеуіне  қаншалықты  әсері  болды?  Ш.Айтматов  өзінің 

бір сұхбатында өз романын жазарда осыдан он жылдай бұрын шыққан 

«Күй» повесімен таныс болмағандығын айтады. Сонда қалай болған. 

Сонда  қазақ  жазушысы  мен  қырғыз  жазушысының  қаламына  қорек 



142

болған қазақ даласында сандаған жылдар бұрын өткен тарихи оқиға, 

не болмаса соған негізделген аңыз деуге негіз бар. Екі жазушы оны 

екі түрлі уақытта, екі түрлі мақсатпен, екі түрлі көркемдік тәсілмен 

суреттеген. 

Ш.Айтматовтың  шығармашылық  ерлігі  сол,  ол  «Боранды  бекет» 

арқылы  Кеңес  империясы  барынша  күшейіп  тұрғанның  өзінде  ол 

жүргізіп отырған КСРО-да біртұтас «совет халқын» қалыптастырып, 

«түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік»  мәдениет  жасау  арқылы  басқа 

халықтарды ұлттық  сана-сезімінен айырып, орыстандыру саясатына 

қарсы шығып, алғаш үн көтерді. «Боранды бекет» шыққан соң, жұрт 

елді ендеп бара жатқан мәңгүрттікке назар аударып, ұлттың болашағы 

үшін аса қатерлі дерт деп танып, дабыл қақты.

Мәңгүрттік проблемасы, әсіресе, туысқан қос халық – қазақ, қыр-

ғыз үшін аса зәру мәселе бола-тұғын. Екі елде де ұлтжанды азаматтар 

Шыңғыс ушығып тұрған әлеуметтік құбылыс ретінде көрсеткен мәң-

гүрттікке  қарсы  ашық  күреске  шықты.  Ш.Айтматовтың  туысындай 

болып кеткен үзеңгілес інісі әрі «Құз басындағы аңшының зары» атты 

эссе-романды  бірге  жазысқан  шығармашылық  әріптесі  Мұхтар  Ша-

ханов мәңгүрттікке қарсы осы бір аса құрметті де қауіпті күреске мен 

қазақпын дегендерді бастап, атой салды. Ол қазақ тілінің республика 

көлемінде өзіне лайықты орнын алуға, яғни мемлекеттік тіл ретінде 

қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуын талап ет-

кен қоғамдық қозғалысты ұйымдастырып, оның ту ұстаушысы болды. 

М.Шахановтың  Ш.Айтматовпен  азалы  қоштасуда  оқыған  өлеңінде 

мынадай жолдар бар:       





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет