(Р.Бердібаев. Ең үлкен
мәдени байлық. «Қазақ әдебиеті», 22.IV.1956).
Өткен ғасырдың орта шенінде айтылған бұл пікірлер қазірге дейін
өзінің зәрулігін жоғалтқан жоқ. Бір таңқаларлығы, бүгінгі күні осыдан
елу жылдан аса уақыт өтсе де бұл жағдайдың оншалықты көп өзге-
ре қоймағанын көреміз. Бұрынғы жағдайға отаршылар кінәлі болса,
бүгінгі тәуелсіз елімізде бұған кім кінәлі?
Қазақ ұлты үшін өткір де өзекті мәселені қозғаған бұл мақала ке-
ңестік тоталитарлық жүйеде ұзақ жылдар бойғы қуғындаулардан
есеңгіреп қалған қазақ қауымын дүр сілкіндіргендей болды. Бойында
ұлттық қаны бар қазақтардың ұлттық намысы оянып, руханият айды-
нында нажағайдай жарқ етіп, атой салып, жұртшылықтың жүрегін дір
еткізіп, сәуле шашқан мақалаға үн қосты. «Ең үлкен мәдени байлық-
та» көтерілген ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, оның қазіргі мүшкіл халі,
оны жандандыруға бағытталған іс-шаралар туралы ұсыныстар көптің
ойынан шығып, аяғы ұлт мәдениетін жан-жақты дамытуды көздеген
келелі пікіралысуларға ұласты.
Бұл мақала кеңестік кезеңнің құрсауына қамалып, тұншыққан ұлт-
тық рухты босатып жібергендей болды. Бұған 1955 жылдан бастап
қайта шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газеті үлкен мұрындық бол-
ды. Осы басылым бетінде Ә.Нарымбетовтің «Ана тілін ардақтайық»,
Т.Кәкішев бастаған партия тарихы институтының бір топ қызметкер-
лерінің «Тіл мәдениеті», Т.Қожакеевтің «Ұлттық сезімді ұмытпайық»,
М.Қаратаевтың «Қайта қарауды қажет ететін мәселелер», Қ.Тұрған-
баевтың «Тағы да әдеби мұра жайында», Ғ.Мұсабаевтың «Әдеби мұ-
раны бұрмалаушылыққа қарсы», т.б. мақалалар жарық көріп, көптен
тұншығып, жабық жатқан тақырыптарға қозғау салды. Бұларда со-
дырлы саясаттың салдарынан өлмеші күн кешіп жатқан қазақ тілімен
қатар әдебиеті мен өнерінің де зәру мәселелері батыл көтерілді.
Рахаңның осы кезде жазған, тоқталмай кетуге болмайтын, тағы бір
мақаласы – «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері»
(«Әдебиет
және искусство», 1956, №12; «Көкшетау правдасы», 04.01.1957)
. Автор
мұнда қазақ әдебиетінің озбыр саясаттың кесірінен қозғалмай жатқан
бай мұрасын игеруге шақырды. Бұл кездерде қазақ әдебиетінің тари-
хын XVIII ғасырдан, яғни Бұқар жыраудан бастап жүрген. Оған дейін
қазақ халқында әдебиет болған жоқ, болса ол ауыз әдебиеті ғана деп
келген болатын. Сол кезде үстемдік құрған марксизм-ленинизм ілімі
179
бойынша, фольклор әдеби дамудың төменгі сатысы, ал шын мәніндегі
әдебиет жазба әдебиет деп есептелетін. Міне, осы бір қазақ халқының
ғасырлар бойы сөз маржанын теріп жасаған әдеби мұрасын қаралап,
оны руханият айдынынан шығарып тастауды көздеген, ұлт үшін аса
зиянды концепцияға Б.Кенжебаев бастаған ұлтжанды азаматтар ашық
қарсы шықты. Ол кезде мұндай пікірге жол жабық болатын; бұлай-
ша сөйлеу сол кездегі саясатқа, яғни марксизм-ленинизм теориясы-
на негізделген социалистік мәдениет жайлы ілімге қайшы келетін.
Жұрттың бәрі социалистік реализм әдебиетінің «артықшылықтарын»,
«өміршеңдігін» дәлелдеп, жаппай жарысқа түсіп жатқанда, Р.Берді-
бай тағы да қиғаш кетті.
Әрине, бірыңғай социалистік мәдениет жасау міндеті (мұны ұлт
мәдениеттерін орыстандыру деп түсініңіз) алға негізгі мақсат ретінде
қойылып жатқанда, ұлттық мәдениет мәселелерін көтеру жоғарыдағы
билік басындағыларға ұнамады. Көп ұзамай-ақ, осы мәселені батыл
көтерген «Қазақ әдебиетінің», Р.Бердібай бастаған авторлардың мәсе-
лесі 1956 жылдың қазан айында Қазақтан Компартиясы Орталық Ко-
митетінің бюро мәжілісінде қаралды. Онда «Қазақ әдебиеті» газетінің
редакторы С.Мәуленов, оның орынбасары Ж.Молдағалиев, жауапты
хатшысы Т.Әбдірахманов қызметінен босатылды.
Р.Бердібайдың «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» атты
мақаласын жариялағаны үшін «Әдебиет және искусство» журналы-
ның редакторына қатаң сөгіс берілді, ал осы мақаланы көшіріп бас-
қан «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы Ө.Оспанов қызметінен
босатылды. «Ең үлкен мәдени байлықта» көрсетілген кемішіліктерді
«жою үшін» он пункттен тұратын қаулы қабылданды.
Осыншама адамның қызыметінен алынып, жазалануына негізгі се-
бепкер болған Р.Бердібай да өзіне лайықты «сыбағасын» алды; ол сол
кез үшін аса ауыр жаза – партия қатарынан шығарылып, саяси жа-
ғынан сенімсіз болғандықтан да баспасөзде жұмыс істеуге болмайды
деп, қызметінен босатылды.
Осы кезде Р.Бердібайдың «ұлтшылдық жат пиғылдарын» талқан-
дауға ерекше көңіл бөлінді. Республиканың бас газеті Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Социалистік Қазақстан»
газеті «Қазақ халқының мәдениетін көркейте берейік»
Достарыңызбен бөлісу: |