180
теліктерін қайталайды. Онда автор қазақ тілі жөнінде Қазақстанда «оз-
бырлық» болып отыр десе, бұл мақаласында мәдени мұраларды баға-
лауда «озбырлық» бар дейді.Ең жаманы сол Р. Бердібаев өзінің ғылыми
негізсіз, саяси қате, біздің идеологиямызға жат бұл пікірлерін тағы да
көпшіліктің пікірі деп ұсынған. Шынында ол қайта қарау арқылы бір
кезде партия қатты айыптаған, ғылымға жат «бірыңғай ағым» теория-
сына қарай итермелейді. Қазіргі қазақ совет әдебиеттану ғылымының
негізгі кемшіліктерін мақала авторы «жалған саясатшылдықта» деп
түсінеді. Яғни, ол әдебиеттің идеялылығын жоққа шығарып, оның сая-
саттан тыс болуын уағыздайды. Көркем әдебиеттің идеялыылығы де-
генді ол құбыжық етіп көрсетпек болады. Р. Бердібаев өткен заманнан
қалған мұраны әділ зерттеп бағалаудың орнына оның бәрін әдебиеттің
«алтын қорына» қосуды ұсынады. Ол заманда үстем тап тудырған,
солардың мүддесін жырлаған әдебиет те болғанын Р. Бердібаев біл-
мей ме? Ендеше, әр шығармаға маркстік-лениндік ілім тұрғысынан
баға беруге ол неге қарсы?»
(«Социалистік Қазақстан»,05.02.1957)
– деп,
«кемшіліктерін» санамалайды. Партияның ресми органы бетінде ре-
дакцияның атынан жазылған бұл мақалалардан кейін де Бердібайдың
“қоғамымызға жат” пікірлері барынша «әшкереленіп» жатты.
Бұдан «Қазақ әдебиеті» газеті де қалыспады. Онда жарияланған
«Әділ сын, алғы міндеттер» (01.02.1957) және «Ұшқары пікірлер,
елеулі қателер» (08.02.1957) атты мақалаларда Р.Бердібайдың ұлт-
шылдық бағыттағы пікірлерін идеялық жағынан талқандауға едәуір
көңіл бөлінді. Сөйтіп, Р.Бердібайдың “саяси қате” пікірлері өзіне ла-
йықты бағасын алып, саяси тұрғыдан барынша айыпталды
Ол кезде мұндай пікірлердің бапасөз бетінде айтылуына билік ба-
сында тұрған компартия жол бермейтін. Мақаланы орталық басылым-
дар баспағандықтан да облыстық “Көкшетау правдасы” газетінде жа-
рық көрген-тұғын.
Бұл мақалалардың отыз жетінің атышулы қаралағыш мақалалары-
ның сарынынан ешбір айырмасы жоқтың қасы болатын. Партияның
“көзі”, “құлағы”, “сөзі” болып табылатын басылымдар бетінде айтыл-
ған мұндай пікірлерге саяси мән беріліп, тиісті шаралар қолданыла-
тын. Мұның алдында ғана Мәскеуді қойғанның өзінде Қазақстан Ком-
партиясының Орталық Комитеті қазақ әдебиеті туралы бірнеше қаулы
қабылдап, әдебиет майданында саяси қырағылықтың күшейіп жатқан
кезі еді. Қаламгерлердің біразы саяси қуғындауға ұшырап, Е.Ысма-
йылов, Х.Жұмалиев, М.Қаратаев сияқты алды әдебиеттен зорлықпен
шеттетілген болатын. Ендігі кезек Бердібайларға да жақындап қалған
еді. Бірақ Сталин қайтыс болған соң оның бет қаратпайтын сұрапыл
саясаты ептеп ішін тартып, саябырлап беті қайта бастағандай-тұғын...
Бәрі бір Бердібайлар жазадан қашып құтыла алмады. “Қазақ әдебиеті”
газетіндегі бірнеше пікірлес әріптестерімен бірге мәселесі Орталық
Комитетте қаралып, ол кез үшін аса қауіпті саяси сенімсіз, “ұлтшыл”
атанды.
181
Өмірінің осы бір аса қиын кездері туралы Р. Бердібай кейіннен бы-
лай деп жазады: «Мен қазақ тілі мен мәдениетінің аса ділгір мәселе-
лерін көтергенім үшін елуінші жылдары бірінші ұлтшыл атанып, Қа-
зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қауллысына іліккенімді,
«Правда» газетінің бетінде сынға ұшырағанымды, жұмыстан, пар-
тиядан шығарылғанымды, мақалаларым мен кітаптарымды бастыра
алмай, көп сарсаңға түскенімді, қай күні итжеккенге айдалып кетер
екенмін деп жүрген сергелдең күндерімді мақтаныш үшін ғана еске
түсірмеймін. Бұл менің өмірбаянымдағы белгілі белестер. Қазіргі күн-
ге дейін мен осыдан жарты ғасыр бұрын көтерген тақырыбымды – ұлт
мұратын жалғастырып келемін»
Достарыңызбен бөлісу: