Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет82/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(Рахманқұл БЕРДІБАЙ)

Т

опырақ. Қазақта осы бір сөзден қасиетті сөз жоқ шығар, сірә. 



Әркімнің туып-өскен жері өзіне қымбат. Ғалымдардың пайым-

дауынша, адамдардың бойындағы бар қасиет туған жер топырағына, 

өскен  ортасына  тікелей  байланысты  екен.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

мына жалған дүниеге келіп, өмір сүріп жүргеніміздің, әр қайсымыз-

дың    өз  жолымызды  тауып,    жақсылы-жаманды  бірдеңе  тындырып 

жатқанымыздың бәрі де -туған топырақтың арқасы. Ал қалың қазақ-

тың бүгінгі болмысы, тұрмыс-тіршілігі, жеткен жетістіктері барлығы 

тағы да сол бойға сіңген қазақ даласының, қазақ топырағының қасиет-

терінен болса керек.                            

Қазақ үшін – қазақтың бар жері қасиетті. Десек те, Түркістанның 

орны  бөлек.  Тек  қазақ  қана  емес,  күллі  түркі  халықтары  бірлігінің 

символына айналған  киелі қала көне Түркістанның топырағы ғасыр-

лар бойы түркі әлемінің рухани астанасына айналды. Түркістанның 

түркі  халықтарының  ұлыс  болып,  қазақ  халқының  ұлт  болып  ұйы-

суында атқарған тарихи ролі айрықша. Бұл топырақтан түркі әлемі-

не, қазақ халқына адал қызмет етіп, атақ-даңқы шар тарапқа мәшһүр 

небір ұлылар, қайраткерлер шыққан. Солардың соңғы тұяғы біз әңгіме 

өзегіне айналдырғалы отырған – Рахманқұл Бердібай.                                            

1927 жылдың 2 желтоқсанында Түкістанның жанындағы Көкіш ау-

лында шыр етіп, дүние есігін ашқан қазақтың атақты әдебиеттанушы 

ғалымы,  белгілі  түркітанушы,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  Қазақстан  Республикасы    Ұлттық  Ғылым  Академиясы-

ның,  Түрік  тіл  құрылымының  (Түркия),  Халықтық  (экологиялық),  

Халықаралық Айтматов, Ресейдің халықаралық психология академия-

ларының академигі,  «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайрат-

кері»  (1984),  «Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  мәдениет 

қызметкері» (1990), ҚР ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлы-

ғының (1990), Махмуд Қашқари атындағы Халықаралық сыйлықтың 

(1998), «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының иегері, 

«Парасат» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған Рах-

манқұл Бердібай  үстіміздегі жылы 85 жасқа толады. Атақтарынан-ақ 

байқалып отырғандай, мерейтой иесінің есімі Қазақстанға, одан қал-

ды түркі әлеміне кеңінен танымал.                                                     

Қазақ  әдебиеттану  ғылымына,  одан  қалды  түркі  әлемін  зерттеуге  

айтарлықтай үлес болып қосылған 50-ден аса кітап, 1500-дей ғылыми, 

ғылыми-көпшілік мақала Р. Бердібайды қазақ әдебиеттану ғылымы-

ның,  қазіргі түркітанудың  аса көрнекті өкілдерінің қатарына қосты. 



174

Ғалымның  ғылыми еңбектері энциклопедиялық құлашымен, ғылыми 

тереңдігімен, қоғамның зәру проблемаларын дер кезінде көтере білген 

өміршеңдігімен, жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Ұлттық, түркілік 

мұраттармен суғарылып, жалпыадамзаттық идеалдар биігіне көтеріл-

ген ғалымның еңбектері өзіне лайықты бағасын ғылыми жұртшылық 

тарапынан әлдеқашан–ақ алып қойған. Енді солардың кейбіреулеріне 

назар салайық.                                                                     

                     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет