КӨПТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Көптомдық шығармалар жинағын шығару – қазақ әдебиетінде бұ-
рыннан бар үрдіс. Бірақ та көбіне ақын-жазушылардың, онда да атақ-
тылардың поэзиялық, прозалық туындылары том-том болып жарық
көріп жататын. Ал, сын-зерттеу еңбектері болса, көп томдық түгілі,
жеке кітап түрінің өзінде де сирек шығатын. Рас, кеңес өкіметі жыл-
дарында саяси науқанға байланысты академиктер, сыншылар М. Қа-
ратаевтың үш томдық, С.Қирабаевтың екі томдық таңдамалылары
жарық көрді. Енді міне, осы жуырда ғана «Қазығұрт» баспасынан
Рахманқұл Бердібайдың бес томдық шығармалар жинағы басылып
шығып, әдебиеттану ғылымында елеулі оқиғаға айналып отыр.
Өзінің шығармашылық жолын әдеби сыннан бастаған Р.Бердібай
– бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің
бірі. Елу жылдай әдебиет майданының ең бір қызу тұстарында өзіндік
батыл да өміршең ойлар айта білген Р.Бердібай солардың ішінен елеп-
екшеп, іріктеп, біразын осы бес кітапқа сыйғызып, оқырмандарына
ұсыныпты. Сонымен қолымызға тиген Р.Бердібайдың бес томдық
шығармалар жинағын ғалымның оқырмандарына ұсынған таңдамалы
туындылары десе де болғандай.
Рахманқұлдың ғылыми зерттеулерінің аясы өте кең. Ол – халықтың
ауыз әдебиетінен бастап, қазақ әдебиетінің тарихы, жиырмасыншы ға-
сырдағы әдебиет, бүгінгі әдебиет пен мәдениеттің өзекті өңірлері ха-
қында сүйекті еңбектер жазған құлашы кең ғұлама. Ғалымның «Қазақ
эпосы», «Сарқылмас қазына», «Эпос – ел қазынасы», «Жыршылық
дәстүр», «Айтыс әлемі», «Кәусар бұлақ» секілді күрделі еңбектері ха-
лық әдебиетін зерттеуде жаңа ғылыми концепцияның негізін салды.
Бірінші томды құраған «Эпос – ел қазынасы» таза ауыз әдебиетіне,
оның ішінде де эпосқа арналған. Р.Бердібайдың қазақ эпосын тарихи-
типологиялық, тарихи-мәдени, тарихи-генетикалық тұрғыдан зерттей
отырып, аса қызғылықты байқаулар жасаған. Мұның өзі Р.Бердібай
бұрынғы таптаурын болған жолдармен кетпей, эпостанудың әлемдік
деңгейдегі жаңаша тәсілдерін кеңінен пайдаланғанын аңғартса керек.
Эпостық дастандарды қарастырғанда, бір ғана қазақтық ауқымда қа-
лып қоймай, бүкіл түркілік әлемде салыстыра отырып зерттеуі ғалым-
ға кең мүмкіндіктер ашқан. Мысалы, «Едіге батыр» жайлы әңгімеле-
201
генде, оның қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт халықтарында да
кездесетіндігін, мұның өзі бұл халықтардың түбі бір түркілік екендігін
айта отырып түсіндіреді. «Едіге батыр» сияқты бұрындары түрлі се-
бептермен зерттелінбей келген «Ер Сайын», «Шора батыр», «Қарасай
Қази», «Орақ-Мамай» сияқты жыр-дастандардың да Р.Бердібайдың
зерттеулерінде алғаш рет ғылыми тұрғыдан талданылғанын ескерте
кеткен жөн. Сол сияқты күні кешеге дейін зерттемек түгілі, ауызға
алуға да болмайтын діни қисса-дастандар да тұңғыш рет ғылыми зерт-
теу нысанасына айналыпты.
Екінші том «Кәусар бұлақ» аталған. Мұнда негізінен, түркі тектес
халықтардың ауыз әдебиеті қарастырылады. Онда да қазақ әдебиеті-
мен байланыстырыла, сабақтастырыла баяндалады. Мұнда да туысқан
халықтардың фольклорлық мұрасын салыстыра отырып зерттеу аса
пайдалы, жемісті жол болған. Ғалым түркі халықтарының ғасырлар
бойғы жасаған бай фольклорлық мұрасына ғасырлар биігінен көз жі-
беріп, олардың күні бүгінге дейін өз маңызын жоймағанын, керісінше,
арта түскендігін ескертеді. Бұл ретте Р.Бердібайдың «көзқамандар»
жайлы айтқан пікірінің қазіргі кез үшін де аса зәру екендігін айта ке-
тудің артықтығы жоқ. Қырғыздың атақты «Манас» эпосының «Көзқа-
мандар» тарауында суреттелген оқиғаны еске сала отырып, тура осы
құбылыстың күні бүгін де қоғамымызда орын алып отырғандығына
назар аударады, халықты «көзқамандықтан» сақтандырады.
“Ана тілін білмегендіктен, халқының көңіліндегі мұңды, көкейкесті
арманды көзқамандар сезбейді. Халық даналығы жаратқан небір әсем
ән, құдіретті күй, аталар сөзі, ғибрат, нақыл бұларға әсер етпейді...
Туған елінің тарихын білмеу, білгісі де келмеу – көзқаманшылдыққа
тән нәрсе. Олар дүниедегі жақсылықтың бәрі басқа елдерде жасал-
ған, өз жұртында мақтаныш тұтарлық, үлгі аларлық ешнәрсе жоқ деп
есептейді, ел намысын жыртып, азаттық үшін жанын пида еткендер,
кертартпалар, ел мүддесін аяққа басып, қарақан басының қамы үшін
күштілерге бас игендердерді болашағын болжаған көрегендер санай-
ды.”
Достарыңызбен бөлісу: |