(2000, Алма-
ты, 272 бет),
«Жазба комедияның даму ерекшеліктері»
(2000, Ал-
маты),
«Этнодеформация және әдебиет»
(2007, Қызылорда)
секілді
монографиялық зерттеулері жарық көрген.
Ғалымның «Қазақ комедиясы», «Жазба комедияның даму ерек-
шеліктері» секілді іргелі зерттеулерінде қазақ комедиясы алғаш
рет кең көлемді ғылыми зерттеулердің нысанына айналды. Коме-
дияның қазақ топырағында пайда болуы, кейін дами келе жанрлық
түрлерінің шығуы, диалог комедия және оның жанрлық түрлері,
диалогтың жарыспалылығы мен даралығы және екпін жүйесі, ко-
медияның көркемдік әлемі нақтылы проблемалар ретінде алынып,
осы уақытқа дейінгі жазылған еңбектерге сүйене отырып, жан-
жақты зерттелінді. Ж. Әбіловтің «Қазақ комедиясы» мен «Жазба
комедияның даму ерекшеліктері» атты монографиялары қазақ әде-
биеттану ғылымындағы драмматургия саласын тереңдете зертте-
ген елеулі еңбектерінің қатарында.
Қазақстан тәуелсіздігін алып, енді-енді ұлттық даму жолына
түсе бастағанда, тағы да отарлаудың жаһандану аталған бет қарат-
пас дауылына тап болды. Мақсаты ұлттық тіл мен ұлттық мәде-
ниеттерді жойып, бүкіләлемдік ортақ тіл, ортақ мәдениет жасау
болып отырған жаһанданудың ойланарлық, байқамаса, орны тол-
мас зардаптарға, өкініштерге апарып соқтыратын тұстары да бар-
шылық. Міне, бұл жағдай көзі ашық әрбір азаматты ойландыруда.
Ұлтжанды Ж. Әбілевтің «Этнодеформация және әдебиет» атты
зерттеу еңбегі бүгінгі күн үшін аса маңызды болып отырған осы
бір зәру проблемаға арналған. Осы бір күрделі тақырыпты қозға-
ған зерттеудің негізгі идеясы, бүкіл мазмұны мына бір жолдардан
анық байқалады:
«Өркениеттік қажеттіліктер сыртқы ортадағы қажеттіліктерді
құрайды. Мұндай қажеттіліктердің ұлттық рухани қажеттіліктер-
мен мазмұны, мәні жағынан сәйкес келмейтіні белгілі. Бірақ олар-
209
дың өзара ықпалдастықта дамуы – өркениет талабын іске асыру-
дың бір жолы. Сондықтан да осы арада қажеттіліктер арақатысы
деген мәселе төбе көрсетеді»
(Ж. Әбілов. Этнодеформация. (Ұлттық
сана мәселелері. Қызылорда, 2007, 21-бет).
Бұл жолдардан ғалымның арбауы мен күрмеуі көп жаһандануға
деген көзқарасы анық көрінеді. Біздің ұлттық мәдениетімізге үйле-
сетін, үйлеспейтіндігіне қарамастан, Батысқа көзсіз еліктеушілік-
тен сақтандырады; қажетін ғана алып, ұлттық әдебиетімізді, мәде-
ниетімізді дәстүрлі жолмен дамытуға, сақтауға шақырады.
Жұмабай Әбілевтің зерттеу еңбектері, монографиялық мұрала-
ры дерек көздерінің нақтылығымен, тың материалдарымен, зерт-
теу мен зерделеуге құрылған саралау-талдауларының тереңдігімен
ерекшеленеді.
Оның әдебиет туралы ойлары, театр, сахна өнері жөніндегі, ре-
жиссура мен репертуар хақындағы толғамдары, әсіресе, қазақ сах-
насының тарландары Ә.Мәмбетов, А.Әшімов, Р.Сейтметов, С.О-
разбаев, Б.Римова, Т.Жаманқұлов, Ә.Молдабеков, Ш.Жиенқұлова,
Р. Бағыланова, М,Ералиева т.б. жайлы әдеби зерттеу мақалалары,
очерк суреттемелері өнер сүйген қалың көпшілікке таныс.
Көзі тірісінде ғалымның еңбектері түгелдей, әсіресе әдеби сын,
өнер тақырыбындағы зерттеу мақалалары жинақталып, жарық
көріп үлгермеді. Ж.Әбілов өзінің өмірінің соңғы жылдарында қыз-
мет еткен Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықа-
ралық қазақ-түрік университетінің басшылығы ғалымның алпыс
жылдығына орай, оның еңбектерін толықтай бастырып шығарса,
нұр үстіне нұр жауар еді деген тілек білдіргіміз келеді.
Жұмабай Әбілов қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты.
Ол «Түркология» журналының тұрақты авторы болды. Өмірінің
соңына дейін рухани қазынамыздың, ұлттық ерекшелігіміздің
сақталуына, қазіргі қазақ әдебиетінің дамуына, отаншыл студент-
терді ғылыми бағытта дайындауға үлкен үлес қосты. Түркістанда-
ғы Қожа Ахмет Иассауи атындағы университетте қазақ әдебиеті
кафедрасын басқарып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Шәкірттері
қазір еліміздің ертеңі үшін әдебиет-мәдениет айдынында жемісті
еңбек етіп жүр.
210
АСЫЛ СӨЗДІҢ
ЖҮЙРІК ТОРЫСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |