осы жолға түссем адаспай тура барып шығармын-ау деп теріс бағытқа
жүргелі тұрғанда, бір жасырын үн пайда болады да, оны тоқтатады. Кісінің
жаратылысындағы бойына біткен мінезі, дұрыс ақыл-ойы, тіпті сана-сезімі
жетіп кӛздеген белгілі мақсаты сен осы жолмен жүр деп оны бастаса да, ол
кӛзге түспейтін күштің түсініксіз ықпалын серпіп тастай алмайды, егер ӛзінің
сол қалаған жолына түсіп жүріп кеткенде, оның сӛзсіз бір қазаға
ұшырайтындығы артынан белгілі болады. Сол сықылды пікірдің ықпалы
бойынша мен ӛз тұрмысымда мынадай қағиданы бетке ұстадым: әлгідей
қиын-қыстау жерлерде не қыларымды білмей сасқалақтап тұрған кезімде,
ішкі үннің ақылын аяқ асты қылмай, соның сілтеген жағына қарай жүр.
Мұның дұрыстығын дәлелдеу үшін осы жексұрын аралда болған кездегі ӛз
тұрмысымның соңғы кездерінің тәжірибесінен — мен аңғармаған кӛптеген
оқиғаларды есептемегенде егер байқаған болсам мен оларға сӛзсіз зейін
аударған болар едім және оларға тап қазіргі кӛзқарасыммен қараған болар
едім де толып жатқан дәлелдер келтіруге болар еді. «Тентектің ақылы түстен
кейін кіреді» деген ғой, солай бола тұрса да барлық ақылы есі бүтін
107
Sauap.org
адамдардың қай-қайсысына болса да ақыл айтқым келіп отыр, ол айтатын
ақылым, кімде-кім осы менің басымда болған тұрмысқа душар бола қойса,
ішкі үннің ақылын алып, айтқанына құлақ қоюлары керек. Түрлі дәлелдер
келтіріп жақсылап түсіндіре алмасам да менің ойымша, осындай құпия үн
пайда болып, жӛн сілтеген кезде ӛлі дүние мен тірі дүниенің рухы қосылып
бірі-бірімен байланыс жасауы анық қой деп сенем. Бұл айтқандарымның да
дұрыстығын кӛрсету үшін қайғылы аралда жападан-жалғыз тұрмысымды
суреттеген әңгімелерімде мұнан былай да түрлі орнықты дәлелдерді келтіріп
ӛтермін.
Соңғы жылдарда қауіп-қатердің қақ ортасында болып, қорқыныштың
әсері арылмай, үнемі елегзи бергендіктің салдарынан, ӛнерпаздық жасау
ісімнен және шаруашылығымды кеңейтіп, үй ішіме қолайлы жағдай
туғызудан ұшты-күйлі қол үзгендігімді айтсам, оқушыларға оғаштау бола
қоймас-ау деп ойлаймын. Тамақ ішетін үстелімді әдемілеп істеуге
ыңғайланып жүргенімде, қара басымның қамын ойлап жан сақтаудың
шарасына кірісуге тура келді. Тақылдатып шеге қағуға да қорықтым,
балталап ағаш та жарғаным жоқ, себебі дыбысын естіп жабайылар келіп қала
ма деп қауіптендім. Мылтық атуды қойғаныма кӛп заман болды. Маған
бәрінен қорқынышты оттың будақтап шыққан түтіні болды, от жақпасқа тағы
болмайды, жақсаң түтіні будақтап жабайыларды қол бұлғап шақырғандай
болады. Амал бар ма, отты да қорғанның ішіне кіргізіп, таса жерге әкеліп
жағуға тура келді. Ұмытып бара жатыр екемін-ау, бір күні келе жатып
таудың арасындағы бір үңгірге кездестім, үңгірдің іші кең, ауыз жағы тар, ол
үңгірге қапелімде жабайылар түгіл басқалар да кіре алатын емес; жанын
қоярға жер таба алмай сасқалақтап жүрген біреу болмаса, бұл тесікке кім
басын сұқсын. Үңгір таудың етегінде, әуелі бұл жерде үңгірдің барын
сезгенім жоқ, тек таудың етегінен ағаштың бұтағын кесіп жүргенмін. Әзір
үңгірдің әңгімесін қоя тұрып, бұтақты не үшін кескенімді айтып ӛтейін.
Үйдің жанына әкеліп от жағуға қорыққанымды әлгіде айтып ӛткенмін,
қорыққаным оттың түтіні болды; бірақ нан пісірмей, я ет аспай тұруға
болмайды ғой. Міне, сондықтан от жағып лаулатқанша деп, түтін шықпайтын
кӛмірдің шоғына ас пісіргім келді. Кӛмірді қалай жағып алатынын Англияда
кӛргенім бар еді, жуан бұтақтарды шымның астына бүркеп жағып алатын.
Сол кӛргенімді істедім. Қалың орманның арасына барып, ағашты жақтым да,
даяр кӛмірді арқалап үйге тасыдым, сӛйтіп, шоғына тамақ пісіретін болдым.
Бір күні орманға барып ағаш кесіп жүргенімде, бір топ ағаштың сырт
жағындағы тастың арасында бір кішілеу қуыс кӛзіме түсті, бұл қайда барып
тоқтар екен, білейін деп қасына келдім; ауыз жағы тым-ақ тар екен,
қыстырылып-қымтырылып ішіне кірдім, кірсем ар жағы кең, биіктігі екі кісі
бойына жақын қалай болса солай түрегеліп жүре беретін. Бірақ кіруін кірсем
де әрі бара алмадым, кіруімнен шығуым жылдам болды. Ішіне кіріп енді
ілгері қарай жүре бергенімде адам екенін немесе шайтан екенін білмеймін,
екі кӛзі оттай жанған бір нәрсе маған қарап бақырая қалды.
108
Sauap.org
Далаға шығып кішкене тұрдым да: «Осы сен жындымысың, неден
қорқып тұрсың?» — дедім ӛзіме-ӛзім. Барса келместің аралында жападан-
жалғыз жиырма жыл ӛмір сүрген адам кімнен қорқушы еді, ол адам түгіл
шайтаннан да қорқуға тиіс емес, бұл үңгірде менен түсі суық, менен
қорқынышты кім бардейсің дедім тағы да. Сӛйттім де қолыма шырақ ұстап,
батырсынып үңгірге қайтакірдім. Үш адым аттамай-ақ селк етіп артыма
қарадым, ауруы қатты адамдардың ентіккені сықылды біреудің ыңқылдағаны
естілді, бұдан кейін ыңырсыған, күңкілдеген тәрізді бір нәрсе естілді, мұның
артынан тағы ентікті. Зәре-құтым қалмай, маңдайдан шып-шып шыққан тер
шұбырып бетімді жуды; денем біресе қызып, біресе суынды, шашым үрпиіп
тікендей түрілді, егер басымда бӛркім болса ұшып жерге түсер еді... Бірақ
есімнен танғаным жоқ, бойымды билеп, жүрегімді тоқтатып, құдайға сиынып
ілгері қарай жүре бердім, келіп қарасам, алдымда жатқан мүйізі қарағайдай
бір ешкі қозғалуға халі жоқ, ӛлім халіне жетіпті, кәрілігі жетіп қалжыраса
керек.
Қасына келіп аяғыммен түртіп ем ұмтылды да, тұруға шамасы келмей
қайта жатты. «Қозғамайын, мейлі, жаны шыққанша жата берсін, мені қалай
қорқытса, кім біледі, келе қойса жабайыларды да солай қорқытар» — дедім
ішімнен.
Жүрегім орнына түскенсін, бұрылып жан-жағыма қарадым. Қарасам,
үңгірдің іші ӛте тар, не бары жиырма шаршы футтың шамасы, іші тым
қолайсыз, я дӛңгелек емес, я тӛрт бұрышты емес, жаратылғаннан бері адам
баласының қолы тимегені ӛзінен-ӛзі кӛрініп тұр. Ішінде құдық секілді тағы
бір тесік бар, аузы тар, еңбектеп кірмесе болатын емес. Ол тесіктің қайда
алып баратынын білмегесін және жарық қылып қарайтын шам болмағасын,
оның ішіне кіргенім жоқ, ертеңіне үйден май шам әкеліп қарамақшы болдым.
Сол айтқанымша істедім. Үйге барып, ӛз қолыммен істеген алты үлкен
май шамды алдым да (ол кезде мен ешкінің майынан шам құйып шығаруды
үйренгенмін, білтесі болмаса, басқасы қиын болған жоқ, білтеге ескі
арқанның кендірін және кендір сықылды ӛсімдіктерді пайдаланғанмын),
үңгірге қайтып келдім. Жаңағы айтқан тар есікті қуалап тӛрт тағандап ілгері
қарай еңбектедім, еңбектеумен он метрдей жер жүрдім, менің бұл жүрісімді
жүрек жұтқандық деп айтуға болады, себебі ол жолдың қайда апаратыны,
алдымда нендей бәленің мені күтіп тұрғандығы, әрине, маған белгісіз еді.
Бара-бара үңгір үлкейіп, іші кеңи бастады, шамды кӛтеріп қарағанымда
тӛбесінің биіктігі бес-алты аршын бар-ау деп шамаладым, іші кең әрі әдемі,
шамның жарығымен сәулеленіп жалт-жұлт етеді. От сәулесіне шағылысып
тұрған алмас, я қымбатты гауһар тастар болу керек, тіпті алтын болса да ӛзі
білсін! Жылтылдаған сәулесі кӛздің жауын алып қаратпайды.
Кӛрдім де таң қалдым, кӛңілім кӛтеріліп, кеудемді қуаныш кернеді,
үңгірдің табаны тегіс, құп-құрғақ қиыршық құм. Дымқыл тартып суланған
жері кӛрінбейді; құрт-құмырсқа, жылан-шаян сықылды жәндіктер тағы
сезілмейді. Тек жаман жері есігі тар, бірақ оның маған пайдасы болмаса
зияны шамалы, себебі қиын-қыстау заманда қашып барып тығылуға маған
109
Sauap.org
керегінің ӛзі сондай жер еді. Әрине, ондай орын іздесе де таптырмайды ғой.
Іздегенім оп-оңай аяқ астынан табылғасын қуанышым қойныма сыймады,
кӛп кідіріп тұрғаным жоқ, қымбатты заттарымның бәрін де осы үңірге тасып
әкелмекші болдым, ол заттарым: ең әуелі әкелетінім — мылтық дәрісі, артық
мылтық —екі құс мылтық (барлығы үшеу еді) және үш мүшкет (не бары сегіз
болатын). Сонымен, қорғанымда оқтаулы, аузын сыртқа қаратып дайындап
қойған бес мүшкет қалды.
Оқ-дәрі мен мылтықтарымды жаңағы үңгірге апарып қойдым да, қайтып
келіп баяғы суға тиген бір бӛшке дәрінің аузын аштым. Ашып қарасам,
дәрінің бәрі суға тиіп бүлінбеген, тек суға тиген жері айнала екі еліге жақын
қабыршақтанып қатыпты да, ортасы аман қалыпты, басқасы құп-құрғақ сол
күйінде қарап тұр. Сонымен ойда жоқ жерде олжа тауып, дәрім тағы
молайып қалды, бұдан алған дәрім жаңылмасам алпыс қадақтың шамасындай
болу керек. Кӛктен іздегенім жерден табылды. Үйде үш қадақтан артық дәрі
сақтағаным жоқ. Ӛзім оқ жасап жүрген қорғасындарымның артығын да сол
үңгірге апарып қойдым.
Мен тау-тастың үңгірінде тұратын ескі заманның дәуі, мейлі жабайылар
қаншама кӛп болып келіп, бүкіл аралды тінтіп қараса да мені табуы қиын,
таба қойғанда да қолынан келер қайраты шамалы, үңгірге кіру түгіл,
тұмсығын да сұға алмайды,— дедім.
Үңгірде жатқан ешкі ертеңіне ӛлді. Терең етіп қаздым да, жатқан жеріне
кӛме салдым, себебі: далаға сүйреп шығарудан гӛрі, ол маған оңайырақ
болды.
Менің аралға келіп тұра бастағаныма жиырма үш жыл толып, жиырма
тӛртінші жылға аяқ басты. Жалғыздық тұрмысқа әбден үйрендім, тек
жабайылардың қорқынышы болмаса, басқа уайымым жоқ, бүкіл ӛмірімді
осында ӛткізіп, әлгі үңгірдегі кәрі ешкіге ұқсап қартайып ӛлуге ырзамын.
Уақытты тез ӛткізу үшін ӛзіме аз да болса кӛңіл кӛтерерліктей жағдай да
туғыздым. Оқушының ӛзіне белгілі, бірінші ермегім — тотыны сӛйлету,
тотым аузына келгенін боталап анық сӛйлейтін болды, тыңдауға ӛте қызық.
Ол менімен бірге жиырма алты жыл ӛмір сүрді. Мұнан кейін оның қанша
ӛмір сүргенін білмеймін; бірақ Бразилияда жүргенімде тоты жүз жасайды
дегенді естуші ем. Менің тотым «бейшара Робин-Крузоны» шақырып, аралда
әлдеде ұшып жүрген шығар. Маған ұқсап тотымен сӛйлесуді құдай тағала
басы жұмыр пендеге бермесін; егер мен сықылды бақытсыздыққа ұшыраған
бейшара адам оны мынау жын ба, әлде шайтан ба деп, қорқар еді. Ӛзіммен
бірге келген тӛбетім аралда ӛзіммен бірге он алты жыл ӛмір сүрді: ақырында
қартайып ӛлді. Ал енді мысықтарымның кӛбейіп ӛскенін, жеп дымымды
қоймайтын болғасын ӛлтіргенін ӛлтіріп, ӛлтірмегенімді орманға қуып
жібергенімді әңгімемнің бір жерінде айтып ӛткенмін. Ӛзіме ұнаған екеу-
үшеуін алып қалып, басқаларын туысымен-ақ ӛлтіріп отырдым; бұл
мысықтар үй ішімнің белгілі бір мүшесі сияқты еді. Бұдан басқа асыранды
екі-үш ешкім болды, үйренгендігі сондай, шақырсам шӛпті, жемді қолымнан
келіп жеуші еді. Бұрынғыдан басқа тағы екі тотым болды: ол екеуі де
110
Sauap.org
былдырлап сӛйлеп: «Робин Крузо» деп шақыратын, бірақ бұрынғы тотымдай
анық сӛйлей алмады, дегенмен бұларды үйретуге де кӛп уақыт ӛткізіп, біраз
еңбек сіңірдім. Ұстап алып асыраған бірнеше құстарым да болды, бірақ
оларды не деп атайтынын білмеймін; есейгесін, ұшып кетпесін деп
қанаттарын кесіп үйдің жанындағы ағашқа қоя бергенмін, менің бұл
ағаштарым әбден ӛсіп кішкене орманға айналған, құстарым сол ағашта ӛсіп,
жұмыртқалап, әбден мекенденіп алды, бұл да қуанышты ісімнің бірі болды.
Егер жабайылардың қаупінен құтылатын болсам, тұрмысым жақсы, әрі
тыныш, тағдырға ырзамын.
Бірақ тағдыр олай етіп қойған жоқ, ӛзінше ұйғарды; біздің
тұрмысымызда кӛбірек кездесіп қорқыныш туғызатын нәрсе — жауыздық
қой; солай бола тұрса да, сол айтқан жауыздық адам баласын сыннан ӛткізіп
сынайтын кӛрініс екеніне және осы жауыздық бізді келешекте неше түрлі
қауіп-қатер, бақытсыздықтан азат қылатын бірден-бір сабақ болатынына осы
ұзақ әңгімені оқыған адамдар зер салып кӛңіл бӛлсін деймін. Бұл
айтқанымның дұрыстығына ӛз тұрмысымның тәжірибесінен бірнеше мысал
келтіруге болады, әсіресе менің аралда ӛткізген соңғы жылдарымның
оқиғалары бұған ӛте айқын дәлел бола алады.
Сонымен, менің аралға келіп шегеленгеніме жиырма үш жыл толды.
Желтоқсан айы туды, бұл уақыт күннің оңтүстікке ауысатын кезі (сондықтан
мен мұндай ыссы уақытты қыс мезгілі деп атай алмаймын), бұл — менің егін
орып, астық жинайтын уақытым.
Бір күні таң алдына үйден шығып келе жатқанымда теңіздің жиегінде
жылтырап от кӛрінді, кӛрдім де, қорқайын дедім, себебі бұрын-соңды
жабайылардың бұл араға келіп-кетіп жүргенін тіпті сезген емеспін. Бір таң
қалғаным, олардың келіп түскен жері — аралдың менің бұрыннан байқап-
бақылап жүрген жағы емес, нақ менің үйім тұрған жағы.
Кӛзіне түспейін деп үйдің жанындағы қалың ағаштың ішіне жасырынып,
қорыққаннан бұға қалдым. Бірақ жасырынуын жасырынсам да, тыныш тауып
отыра алмадым. Егер жабайылар аралдың ішін араласа менің егінімді немесе
басқа бір заттарымды кӛреді де, адамның бар екенін біліп, іздеп тапқанша
тыныш таппайды ғой деп қорықтым. Тез жүгіріп қорғаныма келдім де,
басқышты тартып ішке түсіріп, қорғану шарасына кірістім.
Келдім де, барлық зеңбіректерімді (үйдің сыртқы қабырғасының ӛн
бойында лафеттарда тұрған мүшкеттерімді зеңбірек деп атап отырмын) және
тапаншаларымды оқтап, ӛліспей беріспеуге бел байладым. Сол әзірленген
бойыммен, тыста не болып жатқанынан хабарым жоқ, екі сағаттай үйде
отырдым. Отырмағанда қайда барам, жіберіп хабар алатын кісім жоқ.
Бұдан кейін біраз уақыт отырып, ақыры шыдай алмадым, басқышпен
ӛрмелеп қорғанымның жанындағы тауға шықтым. Қалтамнан дүрбімді алдым
да, етпеттеп жатып қарадым. Қарасам, отты айнала он шақты жабайылар
отыр, бәрі де — анадан туғандай тыр жалаңаш. Әрине, олар отты тоңып
жағып отырған жоқ, адам етінен ас пісіргелі отырған болу керек.
111
Sauap.org
Жабайылар екі қайыққа тиеліп келіпті, қайықтары жағада тұр: судың
қайтқан кезінде келіп, енді еліне қайтуға судың кӛтерілуін күтіп әзірленіп
отырған сықылды. Жабайыларды кӛргенде қандай халде болғанымды
ауызбен айтып жеткізу қиын; ойда жоқ жерде үйімнің түбінен келіп
шыққанын қайтерсің, бұл жерге келеді деп бұрын ойлаған емеспін ғой. Кейін
бұлар судың кӛтеріліп тасыған кезінде келеді екен, су қайтып кейін серіпкен
кезде үйден шығып жүруіме қауіп жоқ қой деген ойға келіп, қорыққан
кӛңілімді азырақ басып, еш нәрсе кӛрмеген кісіше астығымды орып
жұмысымды істеп жүре бердім.
Сол айтқанымдай-ақ болды: су қалай кӛтерілісімен олар да қайығына
мініп жүріп кетті. Айтуға ұмытып барады екенмін-ау, жүрерден бір сағат
бұрын жабайылар секіріп билеп біраз уақыт кӛңілдерін кӛтерді, билері, дене
қозғалыстары ӛте қолапайсыз, бәрі де тырдай жалаңаш, бірақ қайсысының
еркек, қайсысының әйел екенін ажырата алмадым.
Олар кетісімен-ақ, тӛбеден түстім де, екі құс мылтықты иығыма асынып,
екі тапаншаны беліме қыстырып, қанжарды қынабына салмай, жалаң
күйінше қолыма ұстап, жабайылардың келіп кеткен жағындағы тӛбеге қарай
аяңдап жүре бердім. Екі сағаттай жүріп (үстім толған ауыр құрал
болғандықтан ӛте жай жүріп, жүрісім ӛнбеді), тӛбенің басына келіп шықтым,
шығып қарасам, әлгілерден басқа тағы үш қайыққа тиеліп, аралдан еліне
қарай кетіп бара жатқан жабайыларды кӛрдім.
Аяғымды ептеп басып әлгілердің от жаққан жеріне келсем, айналасы
қып-қызыл қан, адамның сүйегі, ішек-қарны, бӛлек-салақ еттері жатыр, бұл
айуандар мұны ойнап-күліп, билеп, той жасап отырып жеді ғой, осыны
кӛрдім де қаным қатып:— «Мың да болсаң біріңді қалдырмай қырармын,
қанішер жауыздар!» — дедім. Ашу үстінде қатты-қатты сӛздер аузымнан
шығып кетті, сертімді бұзып баяғы жоспарды, яғни жабайыларды қыру
жоспарын қайта орындамақшы болдым.
Жабайылар анда-санда болмаса аралға кӛп келмейді, бұлай деу себебім:
сол соңғы келіп кеткеннен кейін жылдан аса уақыт ӛтті, содан бері қарай
олардың ӛзі түгіл, ізін де кӛргенім жоқ. Жаңбырлы уақыттарда тіпті
келмейтін болу керек, себебі ол кездерде үйлерінен шықпайды, шықса да кӛп
ұзамайды. Бірақ солай бола тұрса да, мен тыныш тауып отыра алғаным жоқ,
әне келеді, міне келеді деумен, минӛт сайын, сағат сайын жабайыларды күтіп
елегізіп мазам кетті. Сондықтан мен бәлеге душар болудан бәлені күткен
жаман деген қорытындыға келдім.
Сол кезде менің ниетім қан тӛгуде болды. Егер олар осы соңғы
келгеніндей екі топ болып келіп, екі жаққа бӛлініп түссе, есебін тауып,
қапылыста жабайыларға шабуыл жасамақшымын. Бірақ мен бір келгенін бір,
екі келгенін екі ӛлтіріп қынадай қыра берсем, ақырында ӛзімнің олардан да
жаман қанішер болатынымды ескермеппін ғой. Жабайылар бір келіп қана
қоймас, екінші күні тағы келер, үшінші күні тағы келер, бір тобы бір жетіден
кейін келер, бір тобы бір айдан соң келер, бірсыпырасы бір жылдан соң
112
Sauap.org
келер, сӛйтіп, бірінің артынан бірі келе берер, соның бәрін қырып
бітірмекшімін бе?
Менің күндерім үнемі дабыл қағумен ӛтті, тыныш ӛмір, тәтті ұйқы
болған жоқ, қашан да болса бір күні мейірімсіз жыртқыштардың тырнағына
ілінетінім ӛзіме мәлім, үйден шығып онда-мұнда барғанның ӛзінде, бұлар қай
жағымнан келіп қалар екен деп, ылғи алақтаумен болдым. Қолға ұстап мал
ӛсірудің қажеттігін сол кезде ғана білдім: шынында бұл менің басыма келіп
қонған бақыт құсы ғой. Ешкілерді айналасы қоршалған алаңға ұстау
жӛніндегі пікірім шын мәнінде нағыз дұрыс пікір болып шықты. Осындай
қиын қыстау заманда қорегім — қолымда. Мылтық ату ӛте қауіп, әсіресе
аралдың жабайылар келетін жағында мылтық даусын шығаруға тіпті
болмайды: егер мылтық даусын естіп екі-үш жүз қайыққа тиеліп келіп, тиіссе
халімнің не болатыны ӛзіме мәлім.
Содан кейін бір жыл, үш ай уақыт ӛтті. Жабайылар тағы кӛріне бастады,
бұл туралы кішкене жайырақ айтармын. Осы уақыттардың ішінде жабайылар
аралға келмеген болу керек, келсе де кӛп уақыт болмауы керек, себебі мен
оларды содан қайтып кӛргенім жоқ; аралға келгеніме жиырма тӛрт жыл
толғанда олармен тағы кездестім, бұл кездесуім таңғаларлық іс болды, мұны
да әзір қоя тұрып, әңгімемнің тиісті жерінде айтып ӛтермін.
Осы ӛткен он бес ай уақыттың тұрмысыма қандай ауыр әсер еткенін
айтып жеткізе алатын емеспін. Тыныш ұйқы болмады, түн сайын түрлі
жаман түстер кӛріп, қорқып жатқан жерімнен ұшып түрегелетін болдым.
Түсімде кӛретінім жабайылармен алысу, жұлысу, бірін ӛлтіріп, бірін ұрып
білгенімді істеп жатам және осы кісі ӛлтіріп қан тӛккеніме мен айыпты
емеспін ғой деп, отыра қалып ойланам. Күндіз де тыныш тауып тұра алғаным
жоқ. Бұл әңгімені де әзірше қоя тұрайын.
Мамыр айының орта кезі, жаңылмасам он алтысы болу керек; қатты
дауыл тұрып ертеден кешке дейін теңіз шайқалып, толқын тулады да жатты,
сол күні түнімен соқты. Мен ол уақытта ӛзімнің ауыр халімді ойлап, Інжіл
оқып терең қиялға шомып, ауыр күрсініп отырған жезім еді. Бір кезде
атылған зеңбіректің даусы естілді, даусы теңіз жақтан шыққандай болды.
Ойда жоқ жерде зеңбірек даусы естілгесін не қыларымды білмей
сасқалақтап қалдым; бірақ, бұл оқиға тағдырдың қалауы бойынша менің осы
кезге дейін кездесіп жүргендерімнің бірде-біріне ұқсамайды. Мылтық даусы
естілісімен-ақ басыма неше түрлі ой келді. Бір минӛт кідіріп тұрғаным жоқ,
басқышты қойдым да, кӛзді ашып-жұмғанша ӛрмелеп тӛбенің басына
шықтым. Тӛбенің басына шыға бергенімде зеңбіректің қызарып оты кӛрінді,
жарты минӛттей болған жоқ, зеңбірек тағы атылды. Зеңбіректің даусы баяғы
мені ығыстырып алып кететін жақтан шығып жатыр, байқауымша, сол
маңнан қашық емес.
Әрине, бұл дыбыс — қазаға ұшыраудың белгісі. Бір кеме қазаға
ұшыраған, ол кемеге таяу бір кеме болу керек, сол кемені бұл жәрдемге
шақырады, бәрін ойлап біліп отырмын. Зеңбірек даусын естіп, толқыған
кӛңіл аласұрып не қыларын білмеді, осы адамдарды апаттан мен аман алып
113
Sauap.org
қала алмағаныммен, мүмкін, олар мені құтқарар деген ой түсті. Осыны
ойладым да, уақыт ӛткізіп тұрмай, дереу қолыма түскен құрғақ ағаштарды
жинап үйіп, от жақтым. Құрғақ ағаш желдің шалқытқанына қараған жоқ,
лаулап тұрып жанды, егер кеме екені рас болса, отты кӛру керек. Сірә, кӛрген
болу керек, оттың жалыны шапшып аспанға шыққанда, зеңбірек үсті-үстіне
атылды. Отты сӛндіргенім жоқ, таң сарғайғанша жаға бердім. Таң әбден атып
жарық болған кезде аралдың күншығыс жақ бетінде кеменің желкені екенін
немесе арт жағы екенін білмеймін қараңдап бір нәрсе кӛрінді, тұрған жері
жағадан алыс, теңізден тұманның серпіліп болмаған кезі еді, дүрбімен
қарасам да не нәрсе екенін анықтап айыра алмадым.
Әлгі кӛрінген нәрсені анықтап айыра алмай күні бойы қарадым,
орнынан қозғалмайды, сол жерде әлі тұр, әрі ойлап, бері ойлап, сірә, бұл
кӛрінген неде болса, зәкірін түсіріп, тоқтап тұрған кеме болар деген
қорытындыға келдім. Не екенін анықтап білуге ынтыққаныма түсіну қиын
емес, қолыма мылтықты алдым да, аралдың баяғы ӛзімді алыс алып кететін
жағындағы биік жартасқа қарай жүгіре бердім. Бір кезде тұман ашылды. Бұлт
серпіліп тарай бастады. Мен де сол кезде жартасқа жақындадым.
Жаңылмаппын, әлгі кӛрінген кеме екен. Желдің күшімен ығып келіп су
түбіндегі биік тасқа соғылған, сол жерде қирап, қайырлап барып шӛккен
екен, су астында мұндай тастардың бар екенін қайықпен жүргенде сезген
болатынмын: ол жартас теңіздің тасуына кесе-кӛлденең келіп қарсы ағыс
туғызады, сӛйтіп теңіздің тасып жағаға шығуына бӛгет болады, осының
арқасында жиекке шығып аман қалғанмын.
Ондай нәрсе қай уақытта біреуді құтқарса, екінші біреуге ажал болып
жабысады. Бұлар кім болса да, су астындағы кедергіні байқамай қатты
дауылдың кесірінен тасқа түнде келіп соқтыққан болу керек. Егер олар
аралдың бар екенін сезсе (меніңше білмеген болу керек), қайықпен жиекке
Достарыңызбен бөлісу: |