Данияр Сүлейменов


Махаббатты қалай түсінесіз?



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Махаббатты қалай түсінесіз? 

Махаббат  –  екі  жақтың  бір-біріне  деген  терең  рухани  байланысы.  Рухани  байланыс 

нәтижесінде  адам  бойында,  мінезінде,  ой-пікірінде,  қажеттіліктерінде  осы  махаббаттың 

сәулелері көрініс табады.  

Мынаны да ескерген жөн, махаббат ешқашан құр сезімге негізделмейді.  «Махаббат» ұғымы 

әлдеқайда  ауқымды.  Мысалы,  әлдекім:  «Мен  отанымды  сүйемін,  отанға  деген  махаббатым 

шексіз!» – деп, қиын-қыстау кезде отанын тастап қашып кететін болса, ондай адамның отанға 

деген махаббаты бар деп есептемейміз. Ендеше, махаббат аясына сезім ғана емес, сол сезімге 

деген адалдық, шынайылық және сол сезім жолында көретін қиындыққа сабыр ету де кіреді. 

Сезім  сырларын  зерттеуші  ғалымдардың  айтуына  сүйенсек,  «бір-бірімізді  сүйіп  қосылдық» 

деген  жандардың  сезімі  бар  болғаны  төрт  жылға  ғана  созылады  екен.  Оның  орнын 



46 

 

бауырмалдық, өзара құрмет пен сыйластық басады, ал бұл деңгейге өте алмағандар көп ұзамай 



амалсыз ажырасып кетеді. 

Отбасылық  өмірде  де  небір  қиын  кезеңдер  болады,  себебі  өмір  –  сынақ  алаңы,  сондықтан 

жалаң сезіммен «өмір мектебінің сынағынан оңай өте саламын» деу адамның өзін-өзі алдауы 

болып  табылады.  Орыстың  ойшылы  А.П.  Чехов  осы  мәселені  дөп  басып  айтып  кеткен:  «В 

семейной жизни главное терпение… Любовь продолжаться долго не может». 

Расымен де өмірдің қиын-қыстау кезеңінде сынға түспеген махаббатты шынайы махаббат деп 

айта  алмаймыз.  Кез  келген  нәрсеге  нақты  баға  беру  үшін  арнайы  дәлел  мен  зерттеу  қажет. 

Сонда барып ол өзінің шынайы бейнесін табады.  



Шынайы махаббат үлгісі 

«Махаббаттың  символы  кім?»  десе,  бүкіл  әлем  бірауыздан  Шекспирдің  кейіпкерлері  Ромео 

мен Джульеттаны айтады. Бірақ  аңызға сенсек, олар  – қосыла алмаған ғашықтар. Қосылған 

күнде олардың бір шаңырақ астында бақытты өмір сүрер, сүрмесін бір Алла ғана біледі. Ал 

бір-бірін  ұнатып  үйленіп,  бір-біріне  ерекше  сүйіспеншілік  көрсеткен,  бірі  өмірден  өтсе  де 

екіншісі  есінен,  жүрегінен  еш  шығармаған,  бір-бірімен  өмірлерінде  ренжісіп  көрмеген 

Мұхаммед  пайғамбар  мен  Хадишаның  оқиғасын  естіген  бе  едіңіз?!

121


  Бәлкім,  естіген  де 

боларсыз, бірақ Пайғамбарымыз бен Хадиша анамыздың арасындағы кіршіксіз махаббаттан 

ғибрат ала білдіңіз бе?!  

121


  Islam.kz,  М.Шапиянның  «Нағыз  махаббат  Ромео  мен  Джульеттанікі  емес,  Мұхаммед 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен Хадишанікі (р.анһа)» атты мақаласы. 

Шынайы  махаббат  үлгісіне  куә  болғыңыз  келсе,  Пайғамбарымыз  бен  Хадиша  анамыздың 

өміріне назар аударыңыз: 

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасиетті шаңырағында үлкен бір оқиғаның 

болуына  міне-міне  аз  қалған  кез.  Уахидың  хабаршысы  іспетті  аян  түстерді  де  жиі  көретін 

болды. Бір жағынан айналасында Құдайын танытпас надандық та қатты өрши түсті. Қағбаның 

айналасы толған пұт, адамдар Алласын ұмытқан бір өліара кезең. Халықтың барлығы дерлік 

жалған, қолдан жасалған Құдайларына жалбарынуда жарысқа түскендей. Әрине, бұның бәрін 

көргенде Алла елшісі қатты күйзелетін. Аллаға құлшылық ету үшін салынған жер бетіндегі ең 

алғашқы  құрылыс  қасиетті  Қағба  маңы  ол  күндері  түнек  мекеніне  айналған.  Сол  себепті 

ардақты елші не Қағбадан кете алмай, не маңын ұнатпай әрі-сәрі күй кешетін. Бірақ жыраққа 

кетуді  әдетке  айналдырды.  Бірнеше  сағат  жол  жүріп,  Нұр  тауына  жететін.  Нұр  тауының 

Қағбаға қараған жағындағы үңгірге жайғасып, қалаға қарап ұзақ ойланатын. Кім білсін, мүмкін 

надандық пен пұттардан тазарар уақытын ойша елестететін бе еді. Жылдың не айдың белгілі 

күндерінде осында келіп, оңаша біршама уақыт өткізуді өзіне дағды етті.  

Тура бір Қағбаға қарап рүкуғ етіп тұрғандай Хира үңгірінде өзіне тән құлшылығы да жоқ емес-

ті.  


Тауға  әр  кеткені  әзірет  Хадиша  үшін  де  ауыр  тиетін.  Расулалла  үңгірде  өзін  ерекше  жақсы 

сезінетін, алайда Хадиша еріне қатты алаңдаушылық танытатын. Әлденеге ұрынып қалмаса 

екен деп қорқатын. Сол себепті артынан қызметшілерін жұмсап, амандығын білуді әрі сырттай 

қорғап жүруді тапсыратын.  

Адамзаттың  асылы  үйдегі  сүйікті  жарының  да-йындап  берген  ас-ауқатын  алып  Нұр  тауына 

аттанатын.  Бірер  күннен  кейін  азық-түлік  алып  кетуге  қайта  келетін.  Бірақ  көбінесе  әзірет 

Хадиша шаңырағының шаттығы әрі тірегі отағасына сағаттап жол жүріп, сегіз жүз алпыс алты 

метрлік Нұр тауына көтеріліп, одан әрі Хира үңгіріне өз қолымен ас апаратын. Кейде жолдары 

қазіргі  «Ижаба  мешіті»  деп  аталатын  жерде  түйісіп,  сонда  бірге  түнейтін.  Кейіннен 

Пайғамбарымыз қайтадан үңгірге қарай бет алып, Хадиша анамыз үйге қайтатын. 




47 

 

Күйеуінен жырақта болуға қай әйел шыдамақ, бірақ әзірет Хадиша арада ұзақ уақыт өтсе де 



қабақ шытпайтын. Қарсылық танытпақ түгіл, қайта ерінің жалғыздығын бөлісіп, оны болашақ 

күндерге дайындайтын.  

Сондай  оңашадағы  күндерінің  бірінде  Пайғамбарымыз  өзі  көрмесе  де  ту  сыртынан:  «Уа, 

Мұхаммед! Мен Жәбірейілмін!» деген дауысты естіді. Бұл тосыннан естілген дауыс уахидың 

келер алдындағы бір хабаршысы еді. Естілген дауыстан секем алып қалған ол тағы да жұбаныш 

іздеп Хадишаға барды. Жарына болған оқиғаны тәптіштеп түсіндірді. Түсіндіріп отырып: 

– Алланың атымен ант етейін, бір жамандыққа ұшыраймын ба деп қорқудамын, – деді.  

Рухы мықты жан бұрынғы әдетінен танбады. Дереу ерінің қорқынышын сейілтіп: 

–  О  не  дегенің!  Алла  сақтасын!  Алла  сені  жамандыққа  ұшыратпайды.  Сен  аманатқа  берік, 

ағайындарына қарасатын, сөйлегенде де сөздің ең дұрысын айтатын жан емессің бе?!

122

 – деді 


...  

122


 Бұхари 1; 4 

Тағы бірде кешкісін айналаны қараңғылық басқанда, жұрт үйді-үйлеріне тарқасты. Тыныштық 

орнаған уақытта Жәбірейіл періштенің дауысы тағы да естілді. Періште «Сәлем!» деп, өзіне 

сәлем  беруде  еді.  Бұны  естігенде,  адымдарын  жылдамдатып,  дереу  Хадишаға  барғанша 

асықты. Асыл ерінің  

артынан қызметшілерін жұмсап, амандығын білуді әрі сырттай қорғап жүруді тапсыратын.  

Адамзаттың  асылы  үйдегі  сүйікті  жарының  да-йындап  берген  ас-ауқатын  алып  Нұр  тауына 

аттанатын.  Бірер  күннен  кейін  азық-түлік  алып  кетуге  қайта  келетін.  Бірақ  көбінесе  әзірет 

Хадиша шаңырағының шаттығы әрі тірегі отағасына сағаттап жол жүріп, сегіз жүз алпыс алты 

метрлік Нұр тауына көтеріліп, одан әрі Хира үңгіріне өз қолымен ас апаратын. Кейде жолдары 

қазіргі  «Ижаба  мешіті»  деп  аталатын  жерде  түйісіп,  сонда  бірге  түнейтін.  Кейіннен 

Пайғамбарымыз қайтадан үңгірге қарай бет алып, Хадиша анамыз үйге қайтатын. 

Күйеуінен жырақта болуға қай әйел шыдамақ, бірақ әзірет Хадиша арада ұзақ уақыт өтсе де 

қабақ шытпайтын. Қарсылық танытпақ түгіл, қайта ерінің жалғыздығын бөлісіп, оны болашақ 

күндерге дайындайтын.  

Сондай  оңашадағы  күндерінің  бірінде  Пайғамбарымыз  өзі  көрмесе  де  ту  сыртынан:  «Уа, 

Мұхаммед! Мен Жәбірейілмін!» деген дауысты естіді. Бұл тосыннан естілген дауыс уахидың 

келер алдындағы бір хабаршысы еді. Естілген дауыстан секем алып қалған ол тағы да жұбаныш 

іздеп Хадишаға барды. Жарына болған оқиғаны тәптіштеп түсіндірді. Түсіндіріп отырып: 

– Алланың атымен ант етейін, бір жамандыққа ұшыраймын ба деп қорқудамын, – деді.  

Рухы мықты жан бұрынғы әдетінен танбады. Дереу ерінің қорқынышын сейілтіп: 

–  О  не  дегенің!  Алла  сақтасын!  Алла  сені  жамандыққа  ұшыратпайды.  Сен  аманатқа  берік, 

ағайындарына қарасатын, сөйлегенде де сөздің ең дұрысын айтатын жан емессің бе?!

122


 – деді 

...  


122

 Бұхари 1; 4 

Тағы бірде кешкісін айналаны қараңғылық басқанда, жұрт үйді-үйлеріне тарқасты. Тыныштық 

орнаған уақытта Жәбірейіл періштенің дауысы тағы да естілді. Періште «Сәлем!» деп, өзіне 

сәлем  беруде  еді.  Бұны  естігенде,  адымдарын  жылдамдатып,  дереу  Хадишаға  барғанша 

асықты. Асыл ерінің алаңдаушылығын байқаған жары: – Мына күйің қалай, не болды? – деп 

сұрады. Жарына болған жайтты тәптіштеп айтып берді. Сөзін бітіре бергенде, Хадиша толқып:  

– Бұл қуанышты жағдай ғой! Сәлем деген сөздің өзі жақсылық

123

 – деді . Осы сөздері арқылы 



«сәлем деген сөзді кім айтса да, ол сені түбі жақсылыққа апарады» деген ойды ұқтырғандай 

еді. 


123

 Ибн Хаммад, әз-Зүрриятут-Тахира, 1/33.  

Уахидың түсуі 



48 

 

Күллі  адамзат  тарихындағы  ұлы  бір  оқиға  уахидың  келуіне  аз  қалды.  Нұр  тауында  нұрлар 



шағылысқалы  жатыр.  Жер  мен  көктің  арасында  ұлы  бір  тылсымнан  тартылған  байланыс 

құрылмақ.  Жәбірейіл  періште  Жаратушы  Жаббар  иеден  көптен  күткен  ұлы  бір  міндетті 

адамзат абзалына табыстамақшы. Жер бетінің ардақтысы мен көктердің ардақтысы жүздесіп, 

осы арқылы адамзат баласына жаңа бір шариғат, жаңа бір міндет табысталмақ. Осыдан кейін 

жер  беті  нұрланады,  адамзат  қайта  нұрмен  қауышып  бақытқа  ие  болмақ.  Хира  үңгірінде 

құлшылық жасап отырған Пайғамбарымызға Жәбірейіл періште келді. Көк нұры жердің нұрын 

құшағына қысып, «Оқы!» деп бұйырды. Бұл бір жағы тау-тастың өзі басын алып-қашқан ауыр 

міндеттің адам баласына жүктелуі еді. Ол ауыр міндетке шыдас беру оңай соқпасы анық.  

Көктің  нұры  Жәбірейіл  «Алақ»  сүресінің  алғашқы  бес  аятын  жеткізді.  Ізінше  Нұр  тауында 

жолыққан екі нұр бір-бірінен ажырағанда, Расулалла Меккеге қарай асыға жөнелді. 

Жолай ұшырасқан тас пен ағаштардың бәрі тілге келіп: «Уа, Расулалла! Сізге Алланың сәлемі 

болсын!»


124

 – деп жатты.  

124

 Ибн Хажар, Исаба 7,601; Мүнауи, Файзул қадир, 3 /19 



Дереу үйіне келіп, аяулы жарынан тезірек үстін жамылғымен жабуды сұрады.  

Қатты шошынғанын айтып, соңы неге апаратынына көзі жетпегендіктен, кәдімгідей алаңдап 

қалғанын жеткізді.  

Ерінің бұл келісінің әдеттегідей еместігін аңғарған Хадишаның жүрегі орнына түсті. Өйткені 

бұл жолы тауға кеткеніне көп болды әрі артынан  

жіберген қызметшілері де таппай құр қол қайтқан еді. Асыл ері бірдеңеге ұшырап қалды ма 

деп те уайымдады, бірақ бар күмән артта қалған секілді. Иә, бүгінгі жүрісі бұрынғыдан тым 

өзгеше. Әрдайым жұбататын жары бұл жолы да басу айтты:  

– Отағасы, еш уайымдама! Алла тағала сені қараусыз қалдырмайды, – деді әуелі. Артынша бұл 

болған оқиғаға қайғыру емес, қайта қуану керектігін түсіндірді.  

Не  деген  мықтылық  десеңізші?!  Аллаға  деген  сенімнің,  ұшқыр  ақылдың  және  өте  бір 

парасаттылықтың көрінісі еді бұл.  

Біраздан  соң  Алла  елшісі  болған  жайтты  алғаш  рет  жұбайына  айтты.  Өмірден  көргені  мен 

түйгені көп, парасатты Хадиша анамыз нағыз тәуекелдің адамы еді. Іле көмекке, қолдауға зәру 

кезінде  өзінен  күтілгендей  сүйеу  болатынын  былай  деп  білдірді.  Еріне:  «Сүйінші!»  деп 

бастады сөзін.  

– Бұл ісіңде табандылық таныт. Хадишаның шыбын жанын құдірет уысында ұстаған Аллаға 

ант етейін, осы үмбетке пайғамбар боларсың деп үміттенемін, – деді.  

Ішкі дайындығы соншалықты – еш іркілместен, дереу сол жерде тілін кәлимаға келтіріп, әзірет 

Мұхаммедтің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) пайғамбарлығын мойындады. Бұндай қысылтаяң 

кезде қолдау білдіру қажеттігін жақсы білді. Неге десеңіз, сол күнге дейін ел сеніміне бөленіп 

келген жанның кемелдікке қадам басуында көңілі жабырқамауы тиіс еді.  

–  Еш  алаңдама,  –  деді  сөзін  жалғап,  –  Алла  сені  жамандықтан  қорғайды.  Өйткені  сен 

туыстарыңа қарасасың, сүрінгенді демеп, жығылғанды орнынан тұрғызасың. Жалаңаштарды 

киіндіресің. Қонақжайсың. Үнемі ақиқаттың соңындасың. Өзіңді тұтастай жақсылық жолына 

арнаған  жансың!  –  деп,  асыл  жарына  жұбату  сөздер  айту  арқылы  барша  мұсылман  әйел 

қызығатындай іс жасады, сөйтті де бұл дүниеде жақсылықты істе озып алға шығудың үлгісін 

көрсетті.  

Артынша  Хадиша  Уарақа  ибн  Нәуфалға  барды.  Болған  жайтқа  тіпті  таңданбағандай,  неге 

десеңіз,  өзі  күткендей  нәтиже  аларына  нық  сенімді  еді.  Уарақаға  келіп  сүйікті  күйеуінің 

басынан өткерген оқиғасын бүге-шігесіне дейін айтып берді. Естіген әрбір жайт Уарақаның 

таңданысын арттырып, ішкі әлемін астан-кестен етті. Бір уақытта Уарақа шыдамай кетіп: 

– Қуддус! Қуддус!

125


 – деп дауыстап жіберді. Іле: 


49 

 

125



 Уарақа ибн Нәуфалдың таңғалып айтқан сөздері басқа риуаяттарда «Суббух», «Суббух» 

делінген. Қараңыз: Ибн Хишам Сиратул Набауия 2, 73 

–  Уарақаның  шыбын  жанын  құдіретті  уысында  ұстаған  Құдіретке  ант  етейін,  егер  маған 

айтқандарыңның бәрі рас болса, онда күйеуіңе көрінген жағдай кезінде Мұса мен Исаға келген 

Намус акбар! (Жәбірейіл періште). Ендеше, Мұхаммед – осы үмбеттің пайғамбары. Барып оған 

осыны айт, табандылық танытсын! – деді. 

Бүкіл Мекке жұрты Алла елшісіне қарсы шықса да, әзірет Хадиша өзінің берер көмегін аянбай, 

сүйеу  бола  білді.  Ері жаны  жабырқай  қалса,  қасына  келіп  көңілін жұбататын,  өміріне қауіп 

төнгенде де қауіпсіз әрі  тыныштық мекені ретінде қасына келетін. Осы себепті әркез өзінің 

білгенін айтып, ерін демеуге тырысатын. 

Бірде сағынышты нәбиден жырақ қалмау үшін артынан іздеп барып жүрген күндердің бірінде 

әзірет Хадиша Расулаллаға азық, сусын алып жолға шықты. Ол кезде Расулалланың жанында 

тағы да Жәбірейіл періште бар еді. Келгенін көргенде, Расулаллаға қарап мынадай қуанышты 

хабар айтты:  

– Мына келе жатқан Хадиша. Қолында әкеле жатқан азығы мен сусыны бар. Оған Раббымнан 

және  менен  дұғай  сәлем  айт.  Бұған  қоса,  жаннатта  оған  інжуден  салынған  сарай  сыйға 

берілетінін, ол жерде шаршау да, шу да болмайтынын айт!

126


 – деді. 

126


 Ибн Абдул Бир, Истиаб; 41/821 

Раббысының арнайы сәлеміне лайық болу, не деген биік мәртебе десеңізші! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет