Данияр Сүлейменов

Pdf көрінісі
бет21/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Қиыншылыққа толы жылдар  

Бұл үш жылға созылған мехнатты жылдар еді. Қиындықтар күн өткен сайын арта берді. Әр 

күні әр жерде, әр шатырдың басында қайтыс болған адамын жоқтаған зар айтылып жатты. Ал 

мүшріктер Меккеде сайран салумен болды.  

Бұл үш жыл аштыққа, шөлге және ауруларға тола өтті. Не деген қатыгездік! Қаныпезер Мекке 

мүшріктері жас-кәрі, әйел, бала-шаға деп ажыратып жатпай бәріне тегіс зұлымдық жасады.  

Аштықтан  жылаған  балалардың  зарлы  үні  Фаран  тауларында  жаңғырды.  Кешқұрым 

мұсылмандар  намазға  тұрғанда,  мүлгіген  тыныштықты  осы  балалардың  зары  бұзатын. 

Шырылдаған ащы үн намазда тұрған әрбірінің жүрегін қарып, шоқтай қыздыратын. 

Аштық жалмаған адамдар жүрек жалғар талғажау болар азық іздеп, жер-жерге тентіреп кетер 

еді. Сағд ибн Әбу Уаққас бір күні тері тауып алады. Теріні жақсылап тазалап, артынша отқа 

қақтап  жеп,  үш  күн  бойын  тіктеуге  әл  бергені  үшін  Аллаға  шүкір  айтқан.  Көпшілігі 

ағаштардың қабығы мен жапырақтарын жеп күнелтіп, соның салдарынан қой секілді құмалақ 

тастаған

127

.  

127

 А.Кулькибаев, «Алғашқы мұсылман – әзірет Хадиша (р.анһа)», Көкжиек-Б, 63-75-беттер. 

– Алматы, 2016. 

Осы  кезде  күйеуінің  жанынан  табылып,  оны  жақсы  күндерге  қанаттандырған,  сабырға 

шақырған  жан  Хадиша  еді.  Ислам  жолында  бар  байлығын  тәрк  етті,  денсаулығынан  да 

айырылды. Бірақ күйеуіне деген махаббаты сондай – еш мойып, сол күніне бір ауыз шағым 

айтқан емес. Мүшріктер Пайғамбардың отбасымен және оның соңынан ергендермен барлық 

қарым-қатынасты үзді. Сөйлеспеді, азық-түлік сатпады, былайша айтқанда байкот жариялады. 

Хадиша  анамыз  қолындағы  бар  байлығын  мұқтаждарға  таратып,  өздерінде  де  ішіп-жемге 

ештеңе қалмаған жағдайға жетті. Сол ауыр кезді ойлап көріңізші! Хадиша анамыздың екі қызы 

Үммі Гүлсім мен Зейнепті күйеулері Алла елшісіне дұшпандығы себепті қайта әкеліп берген 

болатын.  Анаға  одан  ауыр  не  болсын?!  Аштықтан,  ауыр  азаптан  түнде  олардың  жылағаны 

естілетін. Осы кездері екі ұлы Абдулла мен Қасымнан да айырылып, азап үстіне қаза жамылды. 

Сонда  

адамын жоқтаған зар айтылып жатты. Ал мүшріктер Меккеде сайран салумен болды.  

50 

Сонда Пайғамбарымыз жылаған әйелін жұбатып тұрып: «Хадиша, жылама! Оған Алла Тағала 

жұмақта  емізетін  әйел  дайындады»  дейтін.  Осындай  ауыр  күндерге  қарамастан, 

Пайғамбарымыз  Хадиша  анамызды  тек  жымиған  күйде  көретін.  Оның  жүзіне  қараған  жан 

қиындық  бар  десе,  сенбес  еді.  Ерінің  жүрегін  жараламайын  деп,  өз  мұңын  жасырған  жар 

Хадишадай-ақ болар. Тіпті денсаулығының сыр беріп жүргенін де күйеуіне білдірмеді

128

.  

128

  Islam.kz,  М.Шапиянның  «Нағыз  махаббат  Ромео  мен  Джульеттанікі  емес,  Мұхаммед 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен Хадишанікі (р.анһа)» атты мақаласы. 

Негізі,  Құрайыштықтардың  байкоты  Хадиша  анамызға  қатысы  жоқ  еді.  Яғни,  байкот  тіке 

Хашим ұлдарына жасалды. Сондықтан үш жыл қуғын-сүргін көрмей-ақ Меккеде шалқып өмір 

сүруге оның толық мүмкіндігі бар болатын. Бірақ сонау алғашқы күннен бастап өзі қадіріне 

жеткен  пайғамбарымызды  бұл  қиындыққа  жалғыз  тастап  кететін  кісі  ол  емес.  Қуанышты 

кездерін бірге бөліскендей қайғылы уақыттарда да жанынан табылуы тиіс еді. Расында сөйтті. 

Меккедегі жылы төсегі мен алпысты алқымдаған жасына қарамастан, аштық пен шөлге шыдап 

бақты. Неге десеңіз, жары дәл осындай уақыттарда сүйенішке көбірек зәру еді.  

Ізгі  адамның  жанашырлығы  назардан  тыс  қалушы  ма  еді?!  Пайғамбарымыз  өмір  бойы 

жарының осы жақсылықтарын есіне алып отыратын. Мүмкіндік туа қалса, Хадиша анамызды 

кейінгілерге үлгі етіп айтатын. Иә, тарихта бұндай аяулы тұлғалардың саны қанша болды екен 

десеңізші?! 

Хадиша  Алла  мен  елшісіне  алғаш  иман  еткен  кісі  еді.  Оған  дейін  ешбір  еркек,  ешбір  әйел 

мұсылман болмаған. Осы артықшылығымен Алла елшісінің жүгін жеңілдеткен. Пайғамбарлар 

сұлтаны  өзін  әлдекім  алда-жалда  жалғанға  шығарса,  өміріне  қауіп  төндіріп,  міндетіне  тіл 

тигізсе,  қоғамнан  оқшаулауға  тырысса,  дереу  Хадишаның  жанына  келетін.  Содан  алған 

қолдауымен жүгі жеңілдеп, адамдардың қорлығын ұмытып, ісіне деген ынтасы қайта оянғанын 

сезетін.  Хадиша  ерінің  бетіне  ешқашан  жел  боп  тиген  емес.  Пайғамбарымыз  оның  жанына 

келгенде  көңіл  аспанының  қара  бұлты  сейіліп,  шуақты  күні  қайта  шыққандай  жан  дүниесі 

жадырап сала беретін

129

51 

129

 А.Кулькибаев, «Алғашқы мұсылман – әзірет Хадиша (р.анһа)», Көкжиек-Б, Алматы, 2016. 

Пайғамбарымыздың Хадишаға деген теңдессіз сүйіспеншілігі 

Әрине, қиын кездер артта қалды. Ислам қанатын кеңге жайды. Ауыр күндер ұмытылды. Бірақ 

Пайғамбарымыз  ерекше  махаббатымен,  сүйіспеншілігімен  бір  сәт  те  естен  шығармаған  бір 

адам бар еді. Ол – Хуайлидтің қызы, Алла Тағаланың өзі сәлем жолдаған Хадиша болатын. 

Пайғамбарымыз Хадиша анамыз туралы жиі еске алатын. Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін 

бірнеше жылдан соң сырттан Хадишаның сіңлісі Халәның дауысын естіп, оны өз жұбайының 

дауысына ұқсатып: «Тәңірім-ау, Халә!» деп орнынан тыпыршып кеткені жайлы дерек те бар. 

Үйіне Халә келсе, орынан тұрып құрмет көрсетеді екен. 

Ал үйінде қой сойылса, бір бөлігін Хадишаның құрбыларына жіберту, сыйлық келсе, оны да 

соларға сыйлау Пайғамбарымыздың бұлжымаған заңы болатын. Айша анамыз: «Пайғамбарды 

Хадишадан қызғанғанымдай басқа әйелдерінен қызғанған емеспін. Оны әсте көрмегенмін де», 

– деген. Бір күні Пайғамбарымыз Хадиша анамыздың жақсылықтарын тағы есіне алады. Айша 

анамыз  шыдай  алмай:  «Үнемі  Хадишаны  айтасыз.  Алла  Тағала  сізге  одан  да  жас  әрі  әдемі 

әйелдер  берді  емес  пе?»  –  дейді.  Тозаңдай  жақсылықты  ұмытпайтын  Пайғамбар:  «Алла 

Хадишадай  қайырлы  жар  сыйлады.  Ел  мені  мойындамай  күпірліктің  күңсіген  қоқсығын 

ақтарып  жүргенде,  ол  иман  келтірді.  Жұрт  түгел  мені  өтіріксінгенде,  ол  растап,  қолдады. 

Халық менен не нәрсесін болса да аяп итіне жегізгенде, ол дәулетіне ортақ етті. Алла Тағала 

тек  содан  маған  перзенттер  нәсіп  етті»,–  деді.  Хадиша  анамыз  жайлы  бұл  сөздерді  естіген 

Айша  анамыз  айтқанына  ұялып:  «Уа,  Расулалла!  Сені  пайғамбар  етіп  жіберген  Аллаға  ант 

етейін,  бұдан  кейін  Хадиша  жайлы  естеліктеріңді  айта  жүруіңді  өтінемін»,  –  деп 

Пайғамбарымыздың көңілін аулаған еді. Не деген құрмет, не деген сүйіспеншілік!  

Пайғамбарымыз өмірінің соңына дейін Хадишаны есінен шығарған емес. Ол Меккеге келгенде 

де  қаланың  жоғарғы  жағынан  кіреді  екен.  Өйткені  онда  сүйікті  жары  Хадишаның  қабірі 

болатын,  соған  баратын.  Сол  жерде  Жаратқанға  жалбарынып  аяулы  жары  үшін  бар 

жақсылылқты тілеп дұға ететін!

130

130

  Islam.kz,  М.Шапиянның  «Нағыз  махаббат  Ромео  мен  Джульеттанікі  емес,  Мұхаммед 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен Хадишанікі (р.анһа)» атты мақаласы. 

Жұмсақ сөзді болыңыз 

Ертегі уатпай ма баланы да, 

Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да? 

М. Жұмабаев 

Сөздің өзіне тән сиқыры бар екенін білесіз бе?

131

 Расында, адам бір ғана сөзбен екі елді бір-

біріне  айдап  салса,  бір  ауыз  сөз  арқылы  екі  елдің  арасын  жарастыра  алады.  Сөз  арқылы 

жалғанды ақиқатқа, ақиқатты жалғанға шығаруға, сөз арқылы біреудің махаббатына бөленіп 

немесе ашуына ұшырауға да болады.  

131

 Расында, сөзде сиқыр бар. (Бұхари, 5325) 

Сөз – сіздің күйеуіңізбен арадағы жақсы немесе жаман қарым-қатынастың кілті. Сөз арқылы 

күйеуіңіздің көңіліне қуаныш сыйлап, сөз арқылы күйеуіңізден көңіліңізді жадырататын сөзді 

ести аласыз.  

Бір  әйел  кісіден  күйеуіңізбен  қалай  қарым-қатынас  жасайсыз  деп  сұралғанда,  «Үйде 

күйеуіммен сиқырлы сөз арқылы саясат жүргіземін», – деген екен. Расында да сөз орнымен, 

дұрыс қолданылса, көптеген проблеманың алдын алады. Мысалы, сіздің айтқан жылы сөзіңіз 

күйеуіңіздің  ашуын  басады,  тіпті  ашуын  сыртқа  шығармай  іште  бұқтырып  жоқ  етуіне 

көмектеседі.  

Ендеше,  күйеуіңізбен  жылы  һәм  жұмсақ  сөйлесіңіз.  Жұмсақ  сөйлеу  арқылы  сіз  де 

алдыңыздағы адамнан жылы сөздер естисіз. Күйеуіңіз үнемі сізден «қорғаным, қамқоршым, 

сүйенішім, сүйіктім» деген мақтау сөздерді көп естісін. Сонда сіз де «махаббатым, жарқыным, 

52 

сүйіктім» деген сөздерді ести аласыз. Кішкене бір баладан: «Анаңның аты кім?» – деп сұралған 

кезде, «Білмеймін, әкем «сүйіктім» дейді, ал мен «анашым» деймін!» – деп жауап берген екен. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет