Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Ажырасуды ойлаған әрбір адам өзіне мына сұрақтарды қойғаны жөн 

– Отбасын сақтап қалу үшін қолымнан келген барлық нәрсені жасадым ба? 

– Бақытсыз болуымның себебі үйленгендігім екеніне сенімдімін бе? 

– Ажырасқан соң алдымнан шығатын қиындыққа төтеп беруге шамам жетеді ме? 

– Бала екеумізге де ортақ. Ажырасатын болсақ, не әкесіз, не шешесіз өседі, мұны қабылдай 

аламын ба?  

Есте сақтаңыз: 

– Шешім қабылдағанда асығыстық танытпаған жөн.  

– Ажырасқан отбасында ең көп зардап шегетін бала-шаға екенін ұмытпаңыз! 

–  Ажырасу  секілді  ауыр  мәселені  сезімге  емес  ақылға  жеңдіре  біліңіз.  Қандай  қиындық 

болмасын төзімділікпен ажыраспаудың жолын табуға тырысу қажет. 

Мен қандай адаммын? 

Адам біреумен қарым-қатынасқа түсіп араласуды қаласа, дұрыс адамды  

таңдағысы келеді. Сол себепті көбіне өзіне «Маған лайықты адам кім?» деген сұрақты қояды. 

Негізінде,  адам  өзінен  әуелі  «Мен  қандай  адаммын?  Мен  ол  кісіге  лайықтымын  ба?»  деген 

сұрақты қойғаны жөн. 

Үйленуді қалаған кейбір адамнан: «Болашақ жарыңыздың қандай болғанын қалайсыз?» – деп 

сұрасаңыз, таң қаласыз! Болашақ жарының бойынан бар жақсылықтың табылғанын қалайды, 



43 

 

бірақ өзінің бойынан ол нәрселерді көрмейсіз. Адам «Өзіме лайықты адам іздеп жүрмін» деген 



кезде, «Мен ол кісіге лайықтымын ба?» деген сұрақпен қатар ең болмағанда  «Өзімді жақсы 

жаққа қарай өзгертуге тырысып жүрмін бе?» деген сұрақты қойғаны жөн.  

«Отбасын құрған соң қандай жар боламын?» деген сұрақты қоя білген адам бақытты отбасы 

құруға алғашқы қадам жасаған болып саналады. Өзіне осы сұрақтарды қоюдан қашқан адам 

бойындағы кемшілігін көре алмайды. Нәтижеде, көптеген қиындыққа тап болады. 

Асылында, адам баласы өмірде де, отбасында да бақытты болуға не қажет екенін жақсы біледі. 

Мысалы, отбасын құруға бел буған азамат пен азаматшадан «Отбасында бақытқа жетелейтін 

не нәрсе?» деп сұрасаңыз, «Бір-бірімізді жақсы көру, қуаныш пен қиындықта бірге болып бір-

бірімізге демеу көрсету, өзара адалдық таныту, бір-бірімізді  ренжітпеу т.б.»  сынды керемет 

құндылықтарды  тізбектеп  береді.  Аталмыш  құндылықтарды  оп-оңай  тізбектеп  берген 

жандардың бір күні ажырасып жатқанын көресіз. Неге?  

Рас,  бұл  айтылған  нәрселерден  адам  бейхабар  емес.  Біздің  ең  үлкен  қателігіміздің  бірі  – 

білгенді жүзеге асырмауда жатыр. Отбасын сақтап қалу үшін жақсы жар болу керек екенін біле 

тұра, жақсы жар болуға ұмтылмайтын, бойындағы кемшілікті мойындаудан қорқатын адамдар 

бар.  Біле  тұрып  орындамау  және  орындауға  тырыспау  –  адамның  адами  қадір-қасиетін 

түсіретін  кеселдің  бірі.  Өзіне  «Мен  қандай  адаммын?  Бойымда  қандай  артықшылық  пен 

кемшіліктер бар?» деген сұрақ қойып, соған сай амал ете білмеген адам дамымайды. 

Есте сақтаңыз: 

–  Дұрыс  отбасы  болу,  өзімізді  дұрыстауға  тікелей  байланысты.  Егер  өз  бойымыздағы 

кемшілікті дұрыстай білсек, отбасылық өміріміз де ретке келеді. Сол себепті айналамыз дұрыс 

болу үшін өзімізді дұрыстауға тырысу қажет. 

– Білген нәрсемізбен амал етуді үйренсек, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. 



Отбасылық бақытқа жету қажырлы еңбекті талап ете ме? 

Күйсандықта  шебер  ойнайтын  танысымнан  күніне  қанша  уақыт  дайындалатынын 

сұрағанымда, «Күніне тоғыз сағат» деген жауап алған едім. Күйсандықта шебер ойнау үшін 

осыншама уақыт бөлініп еңбек етіліп жатса, отбасы бақытына жету үшін қаншама еңбек пен 

уақыт қажет екенін өзіңіз пайымдай беріңіз!  

Еркектердің сыры 

Ғалымның әңгімесінен: 

Бір күні бір әйел маған өзінің күйеуінің үстінен шағым айтып келді. Айтқан шағымы: «Күйеуім 

мені жақсы көрмейді, айтқан сөзіме құлақ аспайды, қырсықтығы тағы бар, не істесем болады?»  

Әйелге былай деп жауап бердім:  

–  Сөзіңізден  ұққаным:  сіз  ер  адамның  табиғатын,  онымен  қалай  қарым-қатынас  жасау 

керектігін түсінбегенсіз.  

– Бәлкім солай да шығар, бірақ сізге айтқанымның бәрі рас, – деді. 

– Сөзіңіздің шын екенінде күмәнім жоқ. Менің ойымша, проблема өзіңізде, күйеуіңізді түсіне 

алмай  жүрген  сияқтысыз.  Егер  күйеуіңізден  дәл  қазір  «Әйеліңізді  жақсы  көресіз  бе?»  деп 

сұрасақ, «Иә» деп жауап беретініне сенімдімін. Ол болса: 

– Иә, күйеуім маған да жақсы көретінін айтады, бірақ менің бұған күмәнім бар, – деді. Оған: 

– Онда менің сөзіме құлақ асыңыз. Әлемдегі ер адамның көпшілігіне тән сипаттарды баяндап 

берейін,  содан  кейін  үкімін  өзіңіз  айтарсыз,  –  дедім.  (Келісетінін  білдіріп  басын  изеді)  Ал 

ендеше тыңдаңыз:  

Бірінші: Ер адам өмірде, өзіндік ой-пікірінде біреуге тәуелді болғанды қаламайды. Әйелінің де 

өмірінің  әрбір  сәтіне  араласқанын  ұнатпайды.  Бұл  –  ер  адамға  тән  табиғат.  Кейде  сіз 

күйеуіңізге насихат айтасыз, бірақ ол оны қабылдамайды, себебі өзі талап еткен жоқ. Ал әйел 

кісі мұны түсінбестікке, қаттылыққа балайды да, түрлі ойға беріліп ренжи бастайды. Бұл – әйел 

тарапынан болған қате түсінік. 




44 

 

Екінші: Ер адам көбінесе «Жоқ» деп жауап бергенді ұнатады, себебі бұл сөз оған өзінің жігіт 



екенін,  күш-қуаты  бар  екенін  сезінуге  көмектеседі.  Сіздің  өтінішіңіздің  көбі  бірден  қабыл 

етілмейтіні  де  содан.  Сізге  «жоқ»  деген  кезде  ашуға  салынсаңыз,  жағдайды  ушықтырып 

аласыз. 

Үшінші: Еркектердің көбі өміріне, киген киіміне өзгеріс енгізгенін қаламайды, әсіресе өзгеріс 

енгізу  талабы  әйел  тарапынан  болатын  болса.  Себебі  бұл  нәрсе  оларда  әлсіздік  сезімін 

тудырады, әсіресе отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінде. 

Төртінші: Ер адам кез келген тақырыпты кіріспесіз бірден бастап кеткенді ұнатады. Егер бұлай 

болмаған жағдайда әңгімеден қашуы мүмкін. Ал сіз оны өзіңізбен әңгімелесуді қаламайды деп 

түсінесіз. Ақиқатында, сіз күйеуіңіздің тілінде сөйлесіп жатқан жоқсыз. 

Бесінші: Еркектердің көбі көзбен көру арқылы әсерленеді. Әйелдегі сыртқы сұлулық, хош иіс, 

әдемі  киім  –  еркектер  тарапынан  қатты  бағаланады.  Әйелдер  жағы  көбіне  есту  арқылы 

әсерленеді. Олар жылы сөзді, мақтауды жақсы көреді. Сізге айтарым, күйеуіңіздің табиғаты 

нені қалайды соны беруге тырысыңыз, сонда өз қалауыңызға да қол жеткізесіз. 

Алтыншы:  Ер  кісі  өзін  құрметтемейтін  әйелді  жақсы  көрмейді.  Өз  отбасында  құрметке 

бөленбесе, оны сырттан іздейді. 

Жетінші: Ер адам өз ісін жүйелеуде әйелге қарағанда жылдамырақ. Мысалы, үйден шығу үшін 

ер кісіге он минут жетіп жатыр, ал әйелге қосымша уақыт қажет. Сол себепті кейбір еркектер 

үйден әйелімен бірге шықпағанды ұнатпайды, тіпті осы үшін кейде ұрыс-керіс те орын алып 

жатады. 

Сегізінші: Ер адам әйелдің күнделікті сөйлейтін сөзінің үштен бірін ғана сөйлейді. Ал кейбір 

әйелдер  мұны  басқаша  жорамалдап,  «менімен  сөйлесуді  қалаймайды»  –  деп  іштей  ренжіп 

жүреді. Жоқ, олай емес! Бұл – оның табиғаты. 

Тоғызыншы:  Ер  адам  бір  істе  көбінесе  мақсатқа  жетуді  көздеп  тұрады.  Ал  әйелдер  бір 

мақсаттан  екінші  мақсатқа  секіріп  отырады.  Мысалы,  базарға  кірген  ер  адамның  мақсаты 

қалаған затын сатып алу болса, әйел кісіге базар аралау – қызық.  

Оныншы: Әйелдер ерінің өзіне деген махаббатын сәт сайын сынап білгісі келіп тұрады. Күйеуі 

гүл шоқтарын күнде сыйға тартса да, әйел оны көп көрмейді. Тіпті кейбіреуі оны да азсынуы 

мүмкін.  Күйеуі  бір  күн  телефон  шалмай  қалса  да,  көңілі  түсіп  түрлі  ойға  барып  жатады. 

Мысалы,  күйеуі  телефон  шалмаған  күні  айнаның  алдына  барып,  «Мен  толып  бара  жатқан 

сияқтымын, бұрынғы сұлулығым көрінбей қалған ба қалай өзі, күнде телефон шалатын еді ғой, 

бүгін неге шалмады екен, әлде мен ұнамай жүрмін бе?» деген сынды. Бұл – әйелге тән табиғат. 

Ал  ер  кісіге  жақсы  көретініңізді  жылына  бір-екі  мәрте  білдіріп  отырсаңыз  жетеді.  Оның 

әйелден бар талап ететіні – өзіне деген құрмет пен сенім. Осы он сипатты естіген соң, көзін 

төмен салған күйі біраз уақыт үнсіз отырды. Бір кезде: 

– Айтқаныңыздың бәрі рас. Тіпті бізбен бірге бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан адам 

секілдісіз. Міне қызық! – деп таң қалды. Оған былай дейді: 

– Күйеуіңізден айырылмаңыз, ол – нағыз жігіттің төресі! Ол қырсық та, қатал да емес! Сізді де 

қатты жақсы көреді, бірақ, өзі қалағандай жақсы көреді, сіз қалағандай емес! Себебі ол ер адам, 

табиғаты да сізден бөлек! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет