Тәтті шақтарды еске алып тұру
Мұхтар ағамыздың мына өлең жолдарын оқығанда іштей тебіренбеу мүмкін емес шығар, сірә:
Балаң жылдар байқатпастан өте шықты аяңдап,
Балалықтың біздің бастан көшкендігін баяндап.
барып, қолын қолының үстіне қойып: «Сен разы болмайынша, көз ілмеймін» – деп айтады»
140
,
– дейді.
140
Табарани «Муғжамус-сағир», 23-бет, «әл-Әусат», 1\170.
Ендеше, сіз де шексіз нығметке толы жаннатқа қауышқыңыз келсе, арада келіспеушілік туған
жағдайда күйеуіңіздің қолынан ұстап кешірім сұрау арқылы мәселені оп-оңай шеше салыңыз.
Күйеуіңіз анасының аялы алақанынан кейінгі бар жылулықты сізден тапсын. Басқадан табуға
және іздеуге мүмкіндік қалдырмаңыз!
Жақсы иіс қолдану тәсілі
Жақсы иіс қолдану тәсілі – адамды өзіне үнсіз баурап алатын тілдердің бірі. Оның сиқырлы
әріптері ауада қалқып, иіс сезу арқылы адамға әсер етеді. Зерттеулер нәтижесінде, жақсы иіске
құмар аңның ұрғашысы басқа ұрғашы аңдарға қарғанда серігін тез табатыны анықталды. Аң
екеш аңның өзі жақсы иіс қолдану арқылы осындай жетістіктерге жетіп жатса, ардақты етіп
жаратылған адам өмірінде жақсы иіске ие әтірдің қаншалықты маңызды екенін ойлай беріңіз.
Сіздің отбасыңызда да осы тәсіл жұмыс жасау керек. Егер бұған аса мән бермей жүрген
болсаңыз, бүгіннен бас-тап қолға алыңыз. Адам өмірінде, әсіресе, әйел кісінің өмірінде жақсы
иісті әтірдің рөлі өте үлкен. Күйеуіңіз ең жақсы иісті сізден, үйіңізден тапсын. Басқа жерден
табуға және іздеуге мүмкіндік қалдырмаңыз!
Бұл жердегі ескеретін мәселе, әйел кісі жақсы иіс пен барынша сәнденуді басқаға емес күйеуіне
ғана арнауы тиіс. Сонда барып отбасының бірлігі мен тыныштығы баянды болады. Басқа
еркектің алдында сәнденуі керісінше отбасының ыдырауына әкелуі мүмкін және бұған
шариғатымыз да тыйым салады.
Тәтті шақтарды еске алып тұру
Мұхтар ағамыздың мына өлең жолдарын оқығанда іштей тебіренбеу мүмкін емес шығар, сірә:
Балаң жылдар байқатпастан өте шықты аяңдап,
Балалықтың біздің бастан көшкендігін баяндап.
Балалық шақ – іңкәр дәурен сұңқар тауын шарлаған,
Өз көктемін сағынбайтын, аңсамайтын бар ма адам?
Кеудемізде сенің ізің, сенің күзің жатады
Балалық шақ – боямасыз ақ көңілдер отаны.
Аяймын мен аналарды балаларын алдаған.
56
Аяймын мен балаларды ойыншығы болмаған.
Балалық шақ – гүл жазира, балалық шақ – байтақ ән,
Қартаямыз, бірақ саған ораламыз қайтадан.
Саған оймен ораламыз, көңіл шалқып айтады ән,
Ал сен қайтып келмейсің-ау, оралмайсың қайтадан.
Шынымен-ақ, адам өзінің балалық шағын немесе басқа да тәтті кездерін еске алып, сол
жайында әңгімелескенді жақсы көреді. Біз кейде тіпті, тәтті кезеңдерді немесе балалық шақты
еске алған соң «бір жасап қалдық-ау» деп те жатамыз. Себебі бұл біздің өміріміз, тарихымыз!
Өміріміздің тәтті кезеңдері санада мәңгі сақталып қалмақ.
Сіз осындай бір әдемі тәсілді отбасы бақыты үшін ұтымды пайдаланыңыз. Күйеуіңіздің тәтті
шақтарын біліп алыңыз да, сәті түскенде есіне салып қойыңыз. Арада әдемі әңгіме өрбіп,
кейбір тәтті, ұмытылмас шақтарды еске алып бір жасап қаласыз.
Күйеуіңіздің кемшіліктеріне көз жұма біліңіз
«Ақымақ адам бір қауымға басшы бола алмайды, алайда қауымының кейбір қателігіне көз
жұму арқылы өтірік ақымақ бола білген адам сол қауымды басқара алады!»
Кемшіліксіз адам жоқ. Барлық адам қателеседі. Ең бастысы, қателігін түсініп, мойындау
арқылы адамның енді қайта ол қателікке ұрынып қалмауға тырысып, өзін-өзі түзеткені жөн.
Сонымен қатар басқаның да қателігін кешіре білуге өзін үйретуі керек.
Адам кейде біліп-білмей қателік жасайды, кейін тәубеге келіп Жаратқаннан жарылқау тілеу
арқылы қателігінің кешірілуін үміт етеді. Жасаған қате-кемшілігіне басқалар да түсіністікпен
қараса екен дейді. Сөйте тұра басқаның шалыс басқан қадамына түсіністік таныта алмай қалып
жатады. Кейбір адам тіпті түсіну былай тұрсын, басқалардың қате-кемшілігін аңдып, іздеп
тұрады.
141
Бұл әрине адам мен адам арасын бұзатын нашар қылық. Бұдан сақ болған жөн.
141
«Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген
бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар!
Расында, Алла – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп,
Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)» («Хужурат» сүресі, 12-аят)
Ғалымдарымыз адамдар арасында болған қарым-қатынаста кейбір мәселеге, кеткен
кемшіліктерге көз жұма білуді үлкен ерлікке балаған. Хасан әл-Басри: «Елемеушілік, мән
бермеушілік (яғни адамнан кеткен қате-кемшілікке көз жұма білу) – игі істерден», – деген.
Ахмад ибн Ханбал болса: «Көркем мінездің тоқсан пайызы – адамнан кеткен қате-кемшілікті
елемеуде жатыр» – дейді. Мінеки, басқаның кемшілігіне көз жұма білуге ғалымдардың берген
бағасы осындай.
Бұдан мынадай қағида туындайды: «Адам басқаның кемшілігіне көз жұмғанымен оның жақсы
қасиеттерін және өзінің кемшілігін назардан тыс қалдырмауы керек!»
«Басқаға кешіріммен қарай білу, кемшілігіне көз жұма білу» сынды мінез қалыптаспаған соң,
отбасылық өмірде де көптеген келіспеушілік орын алып жатады. Тіпті кейбір ерлі-зайыпты
жандар бір-бірінің тарапынан болған кішкене кемшіліктердің өзін жылдар бойы ұмыта алмай
санада сақтап жүреді. Реті келгенде айтып та қалады. Бұл да шаңырақтың шайқалуына әкелетін
себептің бірі. Отбасы – адамды өмірде бақытты ететін, кемел қоғам қалыптастыратын мектеп,
медресе. Ал адамның осындай бақытқа жету үшін кейбір болмашы әрі уақытша кемшіліктерге
көз жұма салуына болады әрине. Бұл әркімнің өз қолында.
Сіз де, құрметті азаматша, тұрмысқа шығу ниетінде немесе тұрмыстағы адам болсаңыз,
күйеуіңіздің кейбір қате-кемшілігіне кешіріммен қарап көз жұма біліңіз! Сонда сіздің
отбасыңызда береке-бірлік, ынтымақ пен тыныштық орнайды. Алайда өз кемшіліктеріңізді еш
уақытта назардан тыс қалдырм
кемшілігін аңдып, іздеп тұрады.
141
Бұл әрине адам мен адам арасын бұзатын нашар қылық.
Бұдан сақ болған жөн.
57

уақытта назардан тыс қалдырмаңыз, үнемі нәпсімен күресу арқылы надандықтан құтылып,
адамдықтың биік шыңына қарай самғай беріңіз!
Мына бір ғибратты оқиғаны назарыңызға ұсынамын!
«Жиналыстан шығып, жол жиегінде күйеуімді күтіп тұрмын. Кешігіп жатыр. Он минут бұрын
келуі керек еді, әлі жоқ. Мінеки, жарты сағат өтті. Осы бір қылығын қашан қояр екен? Үнемі
кешігеді де жүреді. Өткенде анау, пойыздан қарсы алуға он бес минут кешігіп келді. Айтсаң,
тағы ренжиді.
Әне, өзіммен бірге шыққан құрбыларым қол бұлғап кетіп барады. Осындайда жылағым келіп
кетеді. Мені жақсы көрмейтін шығар деген жаман ойлар да санамды бір шарпып өтпей
қоймайды. Қайда жүр?!
Жарты сағатқа кешігіп келді-ау әйтеуір. Көліктің есігін ашып мені отырғызды. Онысына да
шүкір! Екі езуі екі құлағында. Менен қал-жағдайымды, жиналыстың қалай өткенін тағы
бірдеңелерді сұрап жатыр. Ызадан ба, құлағым тарс бекітіліп қалыпты. Сөзінің бірін естісем,
бірін естімеймін. Іштегі бар ренішімді сыртқа ақтарғым келіп барады. Енді оқтала беріп едім,
күйеуім маған қарап: «Жарқыным, кешіккенім үшін айып етпеші, бүгін мұғалімдер күні ғой,
өзіңе бір сыйлық ала қояйын деп едім, жақын жердегі дүкендерден жақсысын таппаған соң,
қаланың ана шетіндегі дүкенге баруыма тура келді. Сыйлығыңды әдемілеп оратып көліктің
артқы жақ орындығына қойып қойдым. Едәуір үлкен болған соң көліктен шығарғаным жоқ.
Қаласаң қазір, қаласаң үйде көрерсің!» – деді.
Үстімнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Көмейіме өксік тығылып, ұяттан жерге
кіріп кете жаздадым. Күйеуім болса мәз, әлі сөйлеп келеді. Күйеуіме қарасам, сол баяғы
күйеуім, бірақ мүлде басқа адам. Жаңа ғана мені жақсы көрмейтіндей болып көрінген күйеуім
көз алдымда сондай мейірімді, бала сияқты аңғал боп көрініп отыр. Ішімнен: «Жаным-ау, сенің
маған деген адал ниетіңді осы уақытқа дейін әлі ұғына алмай келе жатқан менде де ес жоқ екен
ғой» – дедім. Иығына басымды қойып, ақырын ғана «Алла разы болсын!» – деп дұға тіледім.
Ұяттан екі бетім дуылдап, құлағыма дейін қызарып бара жатқанын сезіп тұрмын.
58
Өзімнің қандай қателікке ұрына жаздағанымды ұғындым. Сонда деймін-ау, маған сыйлық алам
деп зыр жүгірген күйеуімнің жарты сағатқа кешіккенін көтере алмағаным ба? Мейлі сыйлық
алмай-ақ қойсын, жарты сағатқа кешіккенде тұрған не бар екен? «Жарты сағатқа кешігеді
екенсің, міне, саған» деп долылыққа салынсам, жағдай қалай болар еді? Ол да бұлқан-талқан,
мен де бұлқан-талқан. Сол маған керек пе? Елемей-ақ, өткізе салатын мәселе ғой осы! Соған
бола түрлі жаман ойға беріліп. Неге біз осы жақсылық ойлауға сараңбыз?! Әншейінде түйені
де көрмейтін біз басқаның кемшілігін байқауда мүлт кетпейміз осы! Қасымыздағы асыл
азаматымыздың да қадірін осылай түсіріп алып жатырмыз емес пе?! Таудай боп көрініп тұрған
жақсы қасиеттерін байқамай, тарыдай ғана кемшілігін көріп қоямыз. Сөйтеміз де айналаның
бәрін шулатамыз.
Отбасымның бақытты болғанын қалаймын! Бұдан былай бойымдағы осындай кемшіліктермен
жұмыс жасап, мұндай қателікті қайталамауға тырысамын!
Құдайым-ау! Жарты сағат кешіккеніне ренжимін деп, жарты ғұмырлық бақытыма балта шаба
жаздаппын-ау!
Есте сақтаңыз:
Қарым-қатынас кезінде басқаның кейбір кемшілігін байқамаған сыңай таныту – өте тиімді
тәсіл. Десек те шариғат тыйым салған істерде жақыныңыз тарапынан ағаттық кетіп жатса,
байқамай өтіп кете алмайсыз. Шамаңыз келгенше даналықпен айтып жеткізуге тырысқаныңыз
жөн
142
. Айтқанда да көпшіліктің көзінше емес, жанашырлық таныта отырып, жеке өзіне
айтып ескертесіз.
142
«Алла елшісінің: «Араларыңнан әлдекім қандай да бір жаман қылық көрсе, оны қолымен
түзетсін. Егер оған шамасы келмесе, тілімен түзетсін. Тілімен де дұрыстай алмаса, жүрегімен
түзетуге тырыссын (яғни, іштей айыптасын). Бұл – иманның ең әлсізі», – деп айтқан. (Мүслим,
Иман 78).
Достарыңызбен бөлісу: |