Қанағатшыл болыңыз
Қанағат – қолда бардың қадірін біліп, Аллаға шүкір ете білу. Қанағатшыл адам ешқашан
«менде мына нәрселер болғанда бақытты боламын» демейді, керісінше, «менде мына нәрселер
бар, Алла тағала маған осындай нығметтерді берді, сол үшін мен бақыттымын» дейді.
Өмірде бәрі бірден бола бермейді. Өмір сынақ алаңы болғандықтан, табандылық пен қажырлы
еңбекті қажет етеді. Осы жолда қанағаттың да алатын орны үлкен. Әсіресе отбасылық өмірде
ерлі-зайыпты жандардың арасында қанағаттың болуы өте маңызды. Әйел кісі ерінің тапқан
нәпақасына қанағат етсе, ері де қажырлы еңбек ету арқылы жақсы табыс табуға ұмтылып
жатса, мұндай отбасыда тыныштық орнайды. Қанағатсыз әйел күйеуінің тапқан табысын
азсынып «анау жетпейді, мынау жетпейді» деп шағымданғыш келеді. Осы нәрсе отбасының
тыныштығын бұзып, ердің еңсесін түсіреді.
Сабыр мен қанағат және қажырлы еңбек болса, бәрі де бірте-бірте түзеледі
166
.
166
«Тақуа бол, сонда адамдардың ең ғибадатшылы боласың. Қанағатшыл бол, адамдардың ең
шүкіршілі боласың. Өзің үшін жақсы көргенді өзгелер үшін де жақсы көр, сонда мүмін
боласың» (Ибн Мәжә, 3356)
Балаларыңыздың алдында күйеуіңіздің қадірі артсын
Отбасылық өмірде әкенің қадірі болмаса, жанұя мүшелерінің әрқайсысы өз бетінше өмір
сүреді. Нақтырақ айтар болсақ, әркім білгенін істейді. Ондай шаңырақта әкенің «әке» деген
аты болғанмен, сөзінің, ісінің ешбір салмағы жоқ. Не әйеліне, не ұл-қызына сөзі өтпейді. Сөзі
өтпегендіктен, ұл-қызын тыйғысы келген нәрседен тыя алмайды. «Қызым, мына қылығың не
сұмдық, мұндайды енді қайтып көрмейтін болайын» – десе, «Қойшы, әке, өзім білем» деген
жауап алады. Әкелік қадірі болмағандықтан, одан әріге бара алмайды, үнсіз іштей тынады. Осы
75
мәселені қыздың шешесі, яғни әйеліне барып айтса, ол да: «Балалардың ісіне араласпай тыныш
отыр, өзім қадағалап жүрмін» – дейді. Қоғамда мұндай отбасыларды жиі кездестіресіз. Мұндай
отбасыда әкенің рөлі ақша табумен шектеліп, отбасындағы басқа да істерге (бала тәрбиесі,
үйдегі рухани жағдай т.б.) араласуға құқығы жоқ секілді. Бұл әрине отбасындағы үлкен
олқылық. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Әкенің балаға қалдырған ең үлкен мұрасы – дұрыс
тәрбие» – дейді. Әкенің отбасындағы рөлі ақша табумен ғана шектелмейді, отбасылық тәрбие
әкенің де, шешенің де еншісінде
167
.
167
Пайғамбарымыз: «Үш қызын тәрбиелеп (имандылық жолда) өсірген және қиясына
қондырған ананың барар жері жаннат» – дейді. Сонда бір кісі: «Егер екі қыз болса ше?» деп
сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Екі қыз болса да», – деп жауап берген. (Бұхари, «Әдәбул
Муфрад», 76)
Әкенің бала алдында құрметке ие болуында шешенің атқаратын рөлі орасан зор. Сіз сондай
аналардан болыңыз. Ұл-қызыңыз бір нәрсе сұраса, «әуелі отағасымен ақылдасайық» немесе
«бұл мәселені әкең жақсы біледі, әкелеріңнен барып сұраңдар» – деп, бала алдында әкенің
қадірін арттырып отырыңыз. Ұмытпаңыз, отағасының қас-қабағына қарайтын шаңырақта
тәртіп болады. Ал тәртіпке бағынған адам ешқашан Алладан өзгеге құл болмайды.
Демалысты мүмкіндік деп біліңіз
Жексенбі – күйеуіңіздің демалатын күні. Осы демалысты тиімді өткізу қажет. Кейбір ханымдар
күйеуінің бір демалысында тазалық жасаймын деп үйдің астан-кестенін шығарады. Сөйтіп
жарты күні тазалық жасаумен өтеді. Демалыс демалыс емес, «Жаппай тазалық» күніне
айналады. Ондайда кейбір еркектер «бір шаруам бар еді» деп сылтау айтып уақытша үйден
шығып кетеді. Ал кейбіреуі мүлдем кеш қайта бір-ақ оралады.
Сіз олай жасамаңыз. Мүмкіндігінше үй шаруасын демалысқа қалдырмай, апта ішінде,
күйеуіңіз жұмыста болғанда реттеп қойғаныңыз жөн. Себебі бұл күн сіздің небір тәтті тағамдар
жасап, әдемі көйлегіңізді киіп күйеуіңізге ерекше қызмет көрсететін күн. Қол ұстасып саябақта
серуендеп, өзара сырласатын күн. Демалыс – күйеуіңізбен арадағы байланысты одан әрі
күшейтіп алуға үлкен мүмкіндік. Сол мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Әйелдің күйеуі алдындағы міндеттері
Күйеуіне бағынып қолғабыс ете білмеген әйел күйеуін төрге сүйреудің орнына көрге апарып
тығады.
Д. Миль
Әйел кісінің күйеуі алдындағы міндеттері
Достарыңызбен бөлісу: |