Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Неге ренжіте береді? 

Адам мінезі түрлі болып келеді. Біреулер тез ренжігіш болса, енді біреулері басқаны ренжітіп 

қоя береді. Басқаны ренжітіп қоя беретін адамдар ішінде өз ісінің парқына бара бермейтіндер 

де бар. Ондай адам алдындағы кісіні ренжітіп қойғанын өзі де байқамайды. Көп отбасылық 

проблеманың туындауына негізгі себептің бірі осы. «Өзара жарасып кете алмадық» дейтіндер 

өздері білмесе де негізінен осы мәселені меңзейді. 

Есте сақтаңыз: 

– Күйеуіңіз немесе жақыныңыз осындай адамдардан болса, ең әуелі өзіңізді іштей дайындап 

алыңыз. Мысалы, «Ол мені ренжітіп жатқанын байқамайды, біліп тұрған жоқ» – деп. Сонда сіз 

қарсы тараптан болған соққыны жеңіл қабылдайсыз. Бір мәселе шешілді! 

– Екінші, түсінуге тырысыңыз! 

Орынсыз сұрақтар 

Кейбір адамның қызығушылығы мен сұрақ сұрауы жақсы дамыған. Кез келген оқиғаны бүге-

шүгесіне дейін білігісі келіп тұрады. Өз дегеніне жету үшін алдындағы адамға сұрақтың түр-

түрін жаудырады. Тіпті біреулер адамның көңіл-күйіне де қарап жатпайды, сұрақты қоя береді. 

Мақсаты  –  бәрін  біліп  алу.  Отбасында  да  мұндай  жағдай  жиі  орын  алады.  Әйелі  ерінен; 

«Жұмыста не жаңалық, не жедіңіз, кіммен не сөйлестіңіз, не істедіңіз, қайда бардыңыз» деген 

сұрақтарды қайта-қайта сұраумен қатар күйеуі жауап бергісі келмесе, «Неге айтпайсыз, жауап 

берсеңізші»  деп  табандап  тұрып  алады.  Бір  қарағанда  маңызы  жоқ  болып  көрінгенмен, 

отбасындағы кейбір проблеманың туындауына себеп болып жатыр. 

Есте сақтаңыз: 

–  Біліңіз,  сұраудың  өзіндік  әдебі  мен  уақыты  бар.  Мысалы,  күйеуіңіздің  көңіл-күйі  болмай 

тұрса, сұрақ сұрау орынсыз, басқа уақыт таңдаңыз. Әдептен озбаңыз, яғни өзіңізге қажеті жоқ 

немесе күйеуіңізге ұнамайтын һәм мазасын алатын сұрақты қоймаңыз

117


117


  Адамның  Исламды  жақсы  ұстануының  белгісі  –  оның  өзіне  қатысы  жоқ  нәрседен  бас 

тартуы (Тирмизи, 4/558).  

–  «Адамнан  сұрай  берсеңіз,  ренжиді,  Алладан  сұрамасаңыз,  ренжиді!»  Яғни,  сұрақ  болсын 

немесе материалдық нәрсе болсын адамнан сұрай берсеңіз, ренжиді. Ал алақан жайып Алладан 

қанша  сұрасаңыз  да  дұғаңызды  бос  қайтармайды

118


.  Халқымыз:  «Адамнан  сұрағанның  екі 

көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» – деп қалай тамаша айтқан. 

118

  «(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, 



Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да Менің 

үндеуіме оңды жауап берсін һәм Маған тиісінше иман келтіріп, соның арқасында (ақыл-ой әрі 

рухани тұрғыдан) кемелдену жолына түссін». («Бақара», сүресі 186-аят) 

Тақырыпқа қосымша 

Алла тағала – құлдарының барлық дұға-тілегіне жауап беруші. Осы тұста кейбіреулер: «Қанша 

дұға етсек те, сұрағанымыз берілмейді. Сонда бұл аятты қалай түсінуге болады?» – деп жатады. 

Алдымен мына нәрсені білгеніміз жөн: дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны бірден қабыл алу 

бір  басқа.  Жоғарыдағы  аятта  Алла  тағала  Өзіне  бағытталған  барлық  дұға-тілектерге  жауап 

беретінін айтты. Ал дұғада сұралған нәрсенің беріліп, берілмеуі, яғни тілектің қабыл болып, 

болмауы Алла тағаланың хикметі мен қалауына байланысты қилы жолдармен жүзеге асады. 

Осыған  қатысты  Пайғамбарымыз  бір  хадисінде:  «Алла  тағала  Өзіне  дұға  еткен  барлық 



42 

 

адамның дұғасына жауап береді. Оның дұғаларға жауап беруі – дұға еткен адамға сұрағанын 



беруі  арқылы  немесе  дұғасының  сауабын  ақиретке  қалдыру  немесе  оқыған  дұғасының 

көлемінде күнәсін кешіру арқылы болады. Бірақ ол пенделікке бой алдырып, күнә үстіне күнә 

жамамаса,  туысқандық  қатынасты  үзбесе  немесе  дұғам  қабыл  болмады  деп  асығыстық 

жасамаса болғаны» – дейді. (Яғни, Алла тағала құлының сұраған нәрсесін осы дүниеде береді 

немесе  дұғасының  сауабын  ақиретке  қалдырады,  не  болмаса  дұғасының көлемінде  күнәсын 

кешіреді)

119

.  


119

 Тәхфатул-ахуәәзи шарху жәмиғит-Тирмизи, 2-том, 2426-бет, «Бәйтул-әфкәәр әд-Дәулия» 

баспасы 

Міне, төмендегі уақыттарда шынайы ықыласпен дұға етіп дұға қабыл болатын шарттарға сай 

амал етсеңіз, Алла қаласа, дұғаңыз қабыл болады. 

– Түннің соңғы бөлігінде; 

– Азан айтылғанда; 

– Бес уақыт намаз соңында

– Жұма күні күн батқанға дейін; 

– Екінті намазы аяқталғанға дейін; 

Дұға қабыл болатын шарттар: 

1. Дұға етуші жүзін құбылаға қаратуы тиіс; 

2. Дәретті болуы абзал

3. Екі қолын жоғары көтеріп өзінің әлсіз екенін білдіру (немқұрайлы дұға етпеу) 

4. Дұғасын Алла Тағаланы мадақтап, дәріптеп бастау (Көркем есімдерімен);  

5. Пайғамбарымызға салауат айту

6. Қажетін сұрағанда Алладан күнәларын кешіруін сұрап, жалбарынып жарылқау тілеу; 

7. Алла Тағаладан қажетін сұрағанда үміт пен үрей арасында болу; 

8. Алланың көркем сипаттары арқылы сұрау (мысалы: «Уа, Раззақ (Ризықтандырушы)! Маған 

адал ризық-несібе нәсіп ете көр!») 

9. Дұға жасаған соң шама жеткенше қандай да бір жақсылық жасау

Осылай  жасалған  дұға  күмәнсіз  қабыл  болады.  Әсіресе,  пайғамбардың  дұғаларымен  сәйкес 

келсе немесе Алла Тағаланың Ұлы есімімен тіленген болса, қабыл болады

120


120


 mazhab.kz 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет