Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Күйеуіңіздің қадір-қасиетін жария қылу 

Күйеуіңіздің қадір-қасиетін жария қылу – оның жақсы қасиеттерін туысқандарының алдында 

айту.  Яғни,  күйеуіңіздің  көзінше  оны  туысқандарына  мақтасаңыз,  біріншіден,  туысқандар 

арасында  оның  қадір-қасиетін  арттырады,  екіншіден,  оны  қуантады,  үшіншіден,  арадағы 

махаббаттың нығаюына себеп болады. 

Күйеуіңізге деген сеніміңізді білдіру 

Ер адам әйелінің өзіне сенгенін қалайтынын ұмытпаңыз! Үнемі күйеуіңізге құрметтейтініңізді 

білдіріп: «Қасыңда болғанымда, өзімді сондай бақытты сезінемін!» – деген жылы лебізіңізді 

айтып жүріңіз. Әйелінің өзіне сенім артатынын білген еркек тау қопаратын күшке ие болады. 



Сүйетініңізді білдіріңіз 

«Жақсы көрген адамдарыңа жақсы көретіндеріңді айтыңдар!»

135

 

135



 Тирмизи, Зуһд, 54. 

Өмір – себептер алаңы. Белгілі бір себеп арқылы белгілі бір іс жүзеге асып жатады. Осы жүзеге 

асқан  іс  басқа  бір  істің  жүзеге  асуына  себеп  болады.  Сол  секілді  адамның  сүйгеніне 

сүйетіндігін  білдіруі  –  арадағы  сүйіспеншілік  пен  жылулықтың  туындауына  себеп.  Ерлі-

зайыптылардың  бір-біріне  сүйетіндіктерін  білдірудің  тәсілдері  көп.  Әр  тәсілдің  өзіне  тән 

қолданылу  түрі  мен  тілі  бар.  Аталмыш  тілдерді  бәріміз  де  білеміз,  бірақ  өкінішке  орай  аз 

қолданамыз немесе мүлде қолданбаймыз. Егер әрбір тәсіл мен оған лайықты тіл өз орнымен 

дұрыс  қолданыс  тапса,  отбасылық  өмірге  жан  бітірер  еді.  Ендеше,  осы  тәсілдерге  төменде 

тоқталып өтейік:  

Сөйлеу тәсілі және дыбыс ырғағы  

Сөздің  сиқыры  барын  ұмытпаңыз

136

.  Күйеуіңізге  сүйгеніңізді  айту  оның  жүрегіне  қуаныш 



сыйлайды. Алла берген тіл арқылы біреудің сыртынан ғайбат немесе өсек айтпай, басқаның, 

әсіресе,  күйеуіңіздің  көңіліне  шаттық  сыйлауға  қолданыңыз.  «Мен  сені  сүйемін!»  деген  бір 

ғана сөзіңіз, арадағы салқындықты сейілтіп, сыйластық пен мейірімнің артуына себеп болуы 

мүмкін. Өйткені адам табиғаты сүюмен қатар сүйілгенді, еске алумен қатар еске алынғанды 

қалайды. Кез келген адам өзін жақсы көретін әрі  

жатсынбайтын  адамдардың  қасында  жүргенді  ұнатады.  Алла  берген  қызыл  тіл  екі  дүние 

бақытына жетелейтін зікір  мен шүкірге және  өзіңізге де, басқаға да  зиян тигізбейтін жақсы 

сөзге толы болсын!

137

 

136



 Расында, сөзде сиқыр бар. (Бұхари, 5325) 

137


 Сондай-ақ, кімде-кім Аллаға және ақирет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе 

үндемесін. (Мүслим, иман 77) 

Сөйлеген кезде, даусыңыздың ырғағына да қатты мән беріңіз. Өйткені  әйел адамның дауыс 

нәзіктігі – ер адамға қатты әсер ететін құрал. Әйел адамның нәзік те жұмсақ дауысы, мейлі ол 

дуалдың арғы бетінде болсын, ер адамға әсер етіп, оны неше түрлі қиялға жетелейді. Ал арада 

ешбір  бөгет  болмаса,  әсері  қаншалықты  болатынын  өзіңіз  ойлап  көріңіз.  Сол  себепті  де 

шариғатымыз  әйел  кісіге  бөтен  еркектің  алдында  қылымсып  сөйлеуге  тыйым  салады.  Ал 



54 

 

күйеуіңіздің алдында барынша еркелеп, әйелге тән нәзіктігіңізбен қылымсып көрінуге шариғат 



тыйым салмайды, керісінше, құптайды. 

Ер адамның табиғаты әйел кісінің даусын естігенді жақсы көреді. Ендеше, сіз де күйеуіңіздің 

алдында  әйелге  тән  бар  нәзіктігіңізбен  көріне  біліңіз!  Сөйлеген  кезде,  даусыңызға  табиғи 

нәзіктік пен қоса еркелік те аралассын

138

. Күйеуіңіз жанға жайлы жылы сөздің бәрін сізден 



естісін. Басқадан естуге мүмкіндік қалдырмаңыз! 

138


 Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді (мақал-мәтел).  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет