Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет24/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Көзбен айту тәсілі 

Көз  –  адамның  ішкі  жан  дүниесінің  айнасы.  Көз  –  мына  таңғажайып  әлемнің  сұлулығын 

тамашалайтын құрал. Көз – өтеуі мен теңдесі жоқ Алла берген үлкен нығмет!  

Көз арқылы тікелей адамның жүрегіне жол тартуға болады. Көздер түйісу арқылы бір-біріне 

тіл  қатады.  Сіздің  бір  ғана  көзқарасыңыз  жақын  адамыңызға  көктем  гүлін  ұсына  алатыны 

секілді қоңыр күздің салқынын да сыйлай алады. 

Отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар көз арқылы бір-біріне көп нәрсені ұқтырады. Көз – ерлі-

зайыпты жандарда жүректегі алапат сезім мен терең махаббаттың жаршысы. Ендеше, сіз де 

күйеуіңізге махаббат көзімен қарай біліңіз. Күйеуіңіз сізге қараған кезде көзіңізден өзіне деген 

құрмет пен сүйішпеншілікті көре алсын! 

Тағы бір мәселе, сыртқы көрінісіңізді, яғни күйеуіңіздің көзіне әдемі көрінуді де ұмытпаңыз. 

Күйеуіңіздің  алдында  әрдайым  сұлу  болып  көрінуге  тырысыңыз.  Себебі  ер  адамдар  көбіне 

көзбен көру арқылы ұнатады.  

Күйеуіңіздің  көзайымына  айналыңыз!  Күйеуіңіз  сізге  қарағанда,  жаны  жадырап,  қуанатын 

болса, өзіңізді салиқалы әйелдер қатарынан санай беріңіз!

139


  

139


 Салиқалы әйел – оған қарағаныңда қуантатын (жан сұлулығымен де, тән сұлулығымен де), 

қасында болмаған кезіңде ар-намысы мен үйдегі сырды сақтап, бала-шағаңа қамқор болатын 

және бір нәрсе бұйырған болсаң, (күнәлі істен басқа) бұлжытпай орындайдын әйел. (Әбу Дәуіт, 

1664) 


Қолынан ұстау 

Күйеуіңізге сүйетініңізді жеткізудің тағы бір тәсілі – денеңізді оның денесіне тигізу. Мысалы, 

психологтар «қарым-қатынас жасағанда, адамға есімін атау арқылы ілтипат көрсетілсе, қатты 

әсерлі болатынын» айтады. Сол секілді қолынан ұстау немесе иығына қолыңызды қою арқылы 

алдыңыздағы  адамды  жақсы  көретініңізді  білдіре  аласыз.  Бұл  мәселеде  өнегелі  өмірі  бүкіл 

адамзат баласына үлгі болған Алла елшісінің өмірінен ғибрат аламыз. Алла елшісі бір адаммен 

амандасатын болса, әлгі адам қолын алмайынша алмайтын болған. Отбасылық өмірін бақытты 

еткісі  келген  ерлі-зайыпты  жандарға  баға  жетпес  насихат  қалдырды.  Әсіресе,  арадағы 

махаббатқа сызат түсіретін қандай да бір мәселенің алдын алуда күйеуін жақсы көретін, жаны 

жайсаң әйелдің сипатын баяндап былай дейді: «Жаннаттық әйелдердің сипатын айтайын ба? 

Олар – күйеуін жақсы көретін, жаны жайсаң, жарқын жүзді, алтын құрсақты әйелдер (яғни, 

себепсіз  бала  туудан  қашпайтын  әйел,  мысалы,  кейбір  әйелдер  дене  бітімім  бұзылады  т.б. 

сылтау айтып бала тууды қаламайды), олар күйеуін ренжітіп немесе өздері ренжіген күннің 

өзінде күйеулеріне жақын барып, қолын қолының үстіне қойып: «Сен разы болмайынша, көз 

ілмеймін» – деп айтады»

140


, – дейді. 

140


 Табарани «Муғжамус-сағир», 23-бет, «әл-Әусат», 1\170. 

Ендеше, сіз де шексіз нығметке толы жаннатқа қауышқыңыз келсе, арада келіспеушілік туған 

жағдайда күйеуіңіздің қолынан ұстап кешірім сұрау арқылы мәселені оп-оңай шеше салыңыз. 

Күйеуіңіз анасының аялы алақанынан кейінгі бар жылулықты сізден тапсын. Басқадан табуға 

және іздеуге мүмкіндік қалдырмаңыз! 



55 

 

Жақсы иіс қолдану тәсілі 

Жақсы иіс қолдану тәсілі – адамды өзіне үнсіз баурап алатын тілдердің бірі. Оның сиқырлы 

әріптері ауада қалқып, иіс сезу арқылы адамға әсер етеді. Зерттеулер нәтижесінде, жақсы иіске 

құмар аңның ұрғашысы басқа ұрғашы аңдарға қарғанда серігін тез табатыны анықталды. Аң 

екеш аңның өзі жақсы иіс қолдану арқылы осындай жетістіктерге жетіп жатса, ардақты етіп 

жаратылған адам өмірінде жақсы иіске ие әтірдің қаншалықты маңызды екенін ойлай беріңіз. 

Сіздің  отбасыңызда  да  осы  тәсіл  жұмыс  жасау  керек.  Егер  бұған  аса  мән  бермей  жүрген 

болсаңыз, бүгіннен бас-тап қолға алыңыз. Адам өмірінде, әсіресе, әйел кісінің өмірінде жақсы 

иісті әтірдің рөлі өте үлкен. Күйеуіңіз ең жақсы иісті сізден, үйіңізден тапсын. Басқа жерден 

табуға және іздеуге мүмкіндік қалдырмаңыз! 

Бұл жердегі ескеретін мәселе, әйел кісі жақсы иіс пен барынша сәнденуді басқаға емес күйеуіне 

ғана  арнауы  тиіс.  Сонда  барып  отбасының  бірлігі  мен  тыныштығы  баянды  болады.  Басқа 

еркектің  алдында  сәнденуі  керісінше  отбасының  ыдырауына  әкелуі  мүмкін  және  бұған 

шариғатымыз да тыйым салады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет