Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Адамды түсіну һәм түсінуге тырысу 

«Өзіміз қандай болсақ, адамдарды да солай көргіміз келеді» 

Анайс Нин 

Адамды түсіну – оның не сезінгенін, не ойлағанын, неге ондай әрекетке барғанын білу. Адамды 

түсіне білу – өзара тіл табысудың негізі. Адамды түсінуге тырысу онымен араңызда жақындық 

орнауына  септігін  тигізеді.  Адамдар  арасындағы  ұрыс-керістің,  келіспеушіліктің  басты 

себептерінің бірі – бір мәселені әртүрлі түсінунен. Әркім айналаға өз дүрбісімен қарайды. 

Адам  көзқарасының  түрлі  екенін  білу  оған  түсіністікпен,  кешіріммен  қарай  алуымызға 

көмектеседі.  Түсініспеушілік  дұрыс  түсіне  алмаудан  барып  туындайды.  Сол  себепті  әуелі 

түсініп, одан кейін барып өзіңді түсіндіруге тырысу жүректен жүрекке жол ашады.  

Есте сақтаңыз: 

–  Адамды  түсіну  бір  бөлек,  оған  мүмкіндік  беру  бір  басқа.  Адамға  мүмкіндік  беру  –  оның 

қателік жасауына мүмкіндік беру. Яғни, адам қателікке бой алдырғыш екенін ұмытпау. Осы 

мәселе  ескерілетін  болса,  қателік  жасаған  адамға  кешіріммен  қарау  жеңіл  болады.  Қателік 

жасаған адамды кінәламас бұрын өзіңіздің де қателікке бой алдыратыныңызды еске алыңыз. 

Сіз қанша қателік жасасаңыз да, Алла тағаланың кешірімділігін ұмытпаңыз

143

. Ендеше, сіз де 



басқаның жіберген қателігін кешіруге тиістісіз. 

143


  «(Уа,  Мұхаммед!  Оларға  Менің  мына  сөзімді  жеткіз):  «Уа,  күнәға  батып,  өз-өздеріне 

жамандық  жасауда  шектен  шыққан  һәм  өздеріне  берілген  түрлі  нығметтер,  сезімдер  мен 

қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер! 

Өйткені  Алла  барлық  күнәларды  кешіреді.  Расында,  Ол  –  Ғафур  (құлдарының  күнәлары 

қаншалықты  ауыр  болса  да  тәубелеріне  келген  жағдайда  өте  кешірімді),  Рахим  (ерекше 

мейірімді)!» («Зүмәр» сүресі, 53-аят) 




59 

 

Өзіңді басқаның орнына қоя білу 

Басқа  біреуді  түсіну  үшін,  өзіңізді  оның  орнына  қоя  біліңіз.  Яғни  сіз  алдыңыздағы  адамды 

түсіну үшін кез келген мәселеге оның көзімен қарауға тырысасыз. Сол кезде мәселенің кейбір 

жабық тұстары сізге ашыла түседі. Алдыңыздағы адамның жағдайын, не үшін ондай қадамға 

барғанын аңғарып оған түсіністікпен қарай алатын боласыз. Нәтижеде артық сөзден,  

артық іс-әрекеттен өзіңізді тыю арқылы проблеманың алдын аласыз.  

Орынсыз қызғанудан сақ болыңыз 

Отбасылық өмірде, жалпы адам өмірінде болсын шектен тыс қызғану үлкен рухани дерт болып 

саналады.  Негізі,  шектен  шыққан  қызғаныштың  атқаратын  функциясы  –  адам  мен  адам 

арасындағы  қарым-қатынасты  бұзу.  Қызғаныштың  тағы  бір  атқаратын  функциясы  –  адам 

бойында  басқа  да  жағымсыз  мінез-құлықтың  пайда  болуына  түрткі  болады.  Мысалы, 

қызғанушы  адам  көре  алмайтын  адамын  бірте-бірте  «жек  көре»  бастайды.  Яғни,  ол  адамда 

қызғанумен  қатар  жеккөрушілік  пайда  болады.  Ақыр  аяғы  онымен  бір  дастарханда  отыра 

алмайтын деңгейге жетеді. Енді біреулер көре алмау себепті қылмысқа да барып жатады. 

Отбасында да ерлі-зайыпты адамдардың бір-бірін шамадан тыс қызғануы көптеген (жанжал, 

ұрыс-керіс,  өзара  сенімсіздік  т.с.с.)  проблеманың  туындауына  себеп  болады.  Осыған  абай 

болған жөн, себебі жоғарыда айтқанымыздай, қызғаныш өз шегінен шығатын болса, иесін де, 

өзгені де іштей құртып бітеді. 

Мына мәселені де ескергеніміз жөн. Қызғаныш – адам табиғатында бар мінез. Ол әйелде де, 

еркекте  де  бар.  Қызғаныш  өз  орнымен  болған  жағдайда  мақтауға  лайықты,  тек  шектен 

шығармай қадағалай білу керек. 

Психолог мамандардың айтуынша, отбасылық өмірде ер мен әйелдің қызғануы бірдей емес:  

Бірінші: Әйелдің қызғануы 

Әйел адамның күйеуін қызғануы көбінесе өзіне бұрынғыдай көңіл бөлінбеген кезде, жылулық 

болмаған кезде басталады. Соның салдарынан әйел кісі әртүрлі жаман ойға беріліп, ақыр аяғы 

қызғанышқа барып ұрынады. 

Екінші: Ер адамның қызғануы 

Ер адамның қызғанышы қолынан ойыншығын тартып алған баланың қызғанышы секілді, яғни 

ер  адамда  «тек  қана  менікі»  деген  психология  басым  болады.  Сол  себепті  әйелі  рұқсатсыз 

үйден  шығып  кетсе  немесе  бөтен  еркекпен  сөйлесіп  тұрғанын  көрсе,  бірден  қызғанышы 

оянады. Осыны ескере отырып шариғатымыз отбасылық өмірде әйелдің басты міндеті ретінде 

еріне  бағынуды  бекіткен.  Ерінің  рұқсатынсыз  үйінен  шығуға,  бөтен  еркекпен  сөйлесуіне 

тыйым  салған.  Яғни,  шариғатымыз  ер  адамның  «тек  қана  менікі»  деген  психологиясымен 

санасады.  

Пайғамбарымыз қызғанышты екі түрге бөліп көрсеткен: 

1. Аллаға ұнайтын қызғаныш түрі  

Яғни, әйелі еріне теріс ой қалыптастыратын, күмән туғызатын әрекет жасаған жағдайда, ерінің 

қызғануы  –  ұнамды  іс.  Мысалы,  әйелі  бөтен  еркекпен  қалжыңдасып,  күлісіп  т.б.  қарым-

қатынастағы арақашықтықты сақтамай жатса, онда ері қызғаныш танытып, әлгіндей әрекеттің 

бұрыстығын ескертуі тиіс. 

2. Аллаға ұнамайтын қызғаныш түрі  

Түймедейді  түйедей  көріп,  еш  себепсіз  әйелінің  (не  ерінің)  әрбір  әрекетіне  күмәнданып 

қызғану – құпталмайтын әрекет. Мұндай қызғаныштың пайда келтіргеннен гөрі зияны басым 

боп жатады. Жақындатқаннан гөрі алыстата түседі. 

Ендеше,  алдымен  қызғанышты  тудыратын  факторларды  анықтап  алып,  олардың 

бірсыпырасын жарыңызбен ақылдаса отырып, жойып отырсаңыз, бойыңызда сенімділік пайда 

болады

144


, кеудеңізді шарпыған қызғаныш отын да біраз тежейсіз.  

144


 islam. kz / «Сұрақ-жауап», Абдусамат Қасым. 


60 

 

Абдулла  ибн  Жағфар  тұрмысқа  шыққалы  жатқан  қызына:  «Орынсыз  қызғаныштан  сақтан, 



себебі ол – талаққа, яғни ажырасуға жол ашады. Күйеуіңнің кемшілігін бетіне басып кінәлама, 

жеккөрінішті боласың» – деп өсиет айтқан. 

Мына екі нәрседен барынша сақ болыңыз!  

Бірінші:  Күйеуіңіздің  алдында  бөтен  әйел  жайында  әңгіме  қозғамаңыз.  Себебі  бұл  нәрсе 

күйеуіңізді сол әйел жайындағы қиялға жетелеуі мүмкін, нәтижеде таяқтың бір ұшы өзіңізге 

келіп тиеді

145



145



 Алла елшісі: «Қандай да бір әйел күйеуінің алдында басқа бір әйелді сипаттамасын, бейне 

бір күйеуі ол әйелге қарап отырғандай» – дейді. (Бұхари, 5240) 

Екінші: Күйеуіңізді еш уақытта басқа біреумен салыстыра көрмеңіз. Халыққа танымал адам 

болса да оған деген таңданысыңызды күйеуіңіздің алдында білдірмеңіз. Әсіресе күйеуіңізге: 

«Анау бәленшеге ұқсауға тырыспайсың ба?» – деп айтудан қашыңыз.  

Есте сақтаңыз: 

– Әйел адам егер қызғанышы жаман ойларға итермелеп жүрсе, сол жаман ойға беріліп өзін 

іштен кеміре бермей, байыппен осы мәселені күйеуімен ашық сөйлесіп алғаны дұрыс. Сөйлесу 

барысында дауыс көтеру, ұрыс-керіс атымен болмауы тиіс. 

– Әйел кісі күйеуінің қызғанышын оятатын себептерге барынша жол бермеуге тырысуы керек. 

Бірде мынадай бір оқиғаға тап болдым. Әйел кісі ерінің қызғана беретінін айтты. Ал күйеуі 

болса, «әйелім менің рұқсатымсыз бастығынан (бастығы ер адам) қарызға ақша алыпты» деп 

ренжіп отыр. Сіз не дер едіңіз?  

Менің  ойымша,  ақша  әйел  кісіге  қажет  болғаны  рас  шығар,  бірақ  бір-біріне  деген  сенімге 

селкеу түсірмей, отбасы тыныштығын сақтап қалу әлдеқайда маңыздырақ. Мұндай жағдайда 

әйел кісіге күйеуімен алдын-ала ақылдасып, рұқсатын алғаны жөн. 

– Күйеуіңіздің алдында бөтен әйелдер жайында әңгіме қозғамаңыз. 

– Күйеуіңізді еш уақытта ешкіммен салыстыра көрмеңіз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет