Қоғамда келіннің ата-енесімен сыйласа алмауы – жиі орын алатын мәселе. Келіндердің көбі
ата-енесімен тұрғысы келмейді немесе ата-енесінің мінезіне сабыр ете алмайды. Кейбір
келіндер барған жеріне «тастай батып, судай сіңемін, ата-енеме өз қызындай боламын» деп
емес, «сол әулеттің бар билігін қолыма аламын» деген түсінікпен барады. Мұндай келіндердің
мақсаты – күйеуі мен енесін өзіне бағындыру. Дегеніне көнбесе, «не мен, не анаң» – деумен
күйеуін екі ортада қалдырады. Бұл – үлкен қателік. Бұл – ажырасудың басы. Мұндай келіндер
мынаны білгені жөн: есі дұрыс еркек ешқашан әйелін анасынан артық қоймайды
– Әйелдің мойнында ең алдымен кімнің ақысы тұрады? – деп сұрайды. Алла елшісі:
Анасы күйеуіңіздің жаннаты екенін, ал сіздің жаннатыңыз күйеуіңіз екенін ұмытпаңыз
қызмет көрсетіңіз, мен де жәрдемшіңіз болайын. Себебі олар – сіздің жаннатыңыз! Сіздің мен
61
Бір әулетке келін болып барған әйел, ең бастысы, ері мен енесінің көңілін таба білсе, күйеуі
мен енесі өздері-ақ басқа ағайын-туыс алдында келініне шаң жұқтырмай үнемі қорғаштап
отырады.
Есте сақтаңыз:
– Келіннің ата-енесімен сыйыса алмауы – ажырасуға алып баратын себептің бірі. Сіз бұған жол
бермеңіз. Отбасыңыздың бақыты сіз үшін бәрінен жоғары тұруы тиіс.
– Басқа үйдің босағасын аттамай тұрып бөтен үйдің қызы болуға, қандай қиындық болса да
сабыр етіп, сол әулетке сіңісіп кетуге өзіңізді іштей дайындаңыз.
– «Күйеуіңіз – жаннатыңыз» екенін естен шығармағаныңыз жөн. Күйеуіңіздің анасын, яғни
өзіңіздің енеңізді ренжіту арқылы күйеуіңізді де ренжітіп алуыңыз мүмкін. Ал сіз үшін бұл
жағдай сенім тұрғысынан алғанда тиімсіз, себебі Алла елшісі бір хадисінде: «Күйеуі өзінен
разы болған күйде қайтыс болған әйел жаннатқа кіреді» деген
148
. Жаннат иелерінен болғыңыз
келсе, күйеуіңіздің разылығын алуға талпыныңыз.
148
Ибн Мәжа, Никах, 4.
Күйеуіңізге жаныңыз аши ма?
Күйеуіңізге шынымен де жаныңыз ашыса әрі өзіңіздің де, күйеуіңіздің де жаннаттан құр
қалмауын қаласаңыз, төмендегі насихаттарға көңіл бөліңіз және өмірде жүзеге асыруға
тырысыңыз.
– Күйеуіңіз бен әулеті алдындағы міндетіңізді ұмытпаңыз. Сіздің күйеуіңіздің әулеті
алдындағы міндетіңіз – оларға құрмет көрсету. Әсіресе ата-анасына, туған бауырларына
ерекше құрметте болыңыз. Осы нәрсе күйеуіңіз бен араңызды жақындата түседі.
– Ешқашан олар жайында жаман сөз айтпаңыз, керісінше, жақсы жақтарын еске алып,
күйеуіңіздің көзінше оларға Алладан дұға тілеңіз. Жақындарымен танысқаныңызға қуанышты
екеніңізді күйеуіңізге айтып, сездіріп отырыңыз. Сонда күйеуіңіз де қуанып қалады. Өйткені
күйеуіңізді тәрбиелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген солар,
күйеуіңіздің балғын балалық шағы олармен бірге өтті, сол себепті олар оған әрқашан да ыстық.
– Есіңізде болсын, күйеуіңіз кейде өз туғандарына ренжіп, олар жайында ауыр сөздер айтуы
мүмкін, алайда дәл осы кезде сіз де бірге қосылып кетуден сақтаныңыз. Себебі ол өз туғандары
жайында қанша ауыр сөз айтқынымен, жүрегінің түбінде бәрібір жақсы көріп тұрады.
– Ұмытпаңыз! Күйеуіңіздің әулетін жақтырмай-тыныңызды білдіру, әсіресе ата-анасы
жайында жаман сөздер айту сізге пайда бермейді. Керісінше, араңыздың бірте-бірте сууына
әкеп соғады. Ол әулеттің үлкенін де, кішісін де барынша құрметтеуге тырысыңыз
149
.
149
Кішілерімізге мейірімділік танытпаған және үлкендерімізді құрметтемеген адам бізден
(мұсылман үмбетінен) емес. (Әбу Дәуіт, әдәб 58; Тирмизи, Бирр 15)
– Жақындарының кемшілігін қазбалауға тырыспаңыз, себебі қателіксіз адам жоқ. Бәрі
қателеседі. Кешірімді болыңыз! Негізі, басқаның емес, өз кемшілігіңіз сізге өмір бойы
шұғылдануға жеткілікті.
иелерінен болғыңыз келсе, күйеуіңіздің разылығын алуға талпыныңыз.
148
Ибн Мәжа, Никах, 4.
Достарыңызбен бөлісу: