Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет196/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

214 


автомобиль  көлігі  одағының  (IRU)  ұйымдастыруымен  Еуразия  өңірінің  көлік 

министрлері жиыны өтті. 2006 жылғы 16 наурызда Дубай қаласында аталмыш 

одақтың ХХХ Дүниежүзілік конгресі, 2008 жылдың 15-16 мамырында Ыстанбұл 

қаласында «Қайтадан жаңғырған Жібек жолы» деген тақырыпта конгресс, сол 

жылдың 16-19 қазан күндерінде Түркияның Трабзон қаласында І Жібек жолы 

кәсіпкерлер саммиті, 2001 жылғы 14 қыркүйекте Ресейдің Иркутск қаласында І 

Еуразиялық автокөлік конференциясы, 2003 жылғы 6-7 қазан күндері Тегеранда 

ІІ  Еуразиялық  автокөлік  конференциясы,  2009  жылдың  11-12  маусымында 

Алматыда «Ұлы Жібек жолының қайта өрлеуі: ниеттен жүзеге асырғанға дейін» 

V  Еуразиялық  автокөлік  конференциясы  өткізілді.  Сондай-ақ  Түрікменстанда 

2014  жылдың  3-4  қыркүйегінде  «Халықаралық  ынтымақтастық  және  үздіксіз 

дамуды қамтамасыз етуде транзит және тасымалдау дәліздерінің рөлі» атты 

халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Осы орайда, автокөлік тасымалдауының толығымен еркін болуы, көліктер 

үшін рұқсат беру квотасын жою, кеден бекеттеріндегі шараларды біріздендіру 

және  басқа  да  жеңілдету  шараларын  қабылдау,  Каспий  теңізі  бойындағы 

кемежайлардың  қуатын  мүмкін  болған  қысқа  мерзімде  арттыру,  арнайы 

кемежайлар жасап, тұрақты Ро-Ро тасымалын іске қосу секілді мәселелер бұл 

саладағы  басымды  мәселелер  болуы  тиіс.  Яғни,  бір  аймақта  жаңа  бағыттар, 

жаңа қатысушылар және ұйымдастыру әдіс-тәсілдері мен альтернативті жолдар 

қарастыру негізгі міндетіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет