ҰЛЫ ДАЛА тарихы
215
аясы мүше елдермен ғана шектелетін, жабық ұйым болуды көздемейді.
Түркі кеңесі Орталық Азия, Кавказ және Таяу Шығысқа созылған кеңістіктегі
бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосуды мақсат етеді. Түркі кеңесінің
Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықта жұмыс істеуі
аталған ұйымның бақылаушы мүшесі мәртебесін иелену нәтижесін берді. Кеңес
Ислам Ынтымақтастық Ұйымымен де байланыстарын конструктивті түрде және
ашық жүргізуде. Түркі кеңесінің Біріккен Ұлттар Ұйымына бақылаушы болу
ұсынысы үрдісі де жалғасуда. Түркі кеңесінің қысқа уақытта нәтижеге жететініне
сенімдіміз.
Тарихи Жібек жолының қайта жаңғыртылып, ықпалы мен күшін бұрынғы
қалпына келтіру үшін Жібек жолы мен ХХІ ғасырдың мәселелерін дұрыс талдай
білу керек. Жібек жолынан өткен тауарлар қазір маңызын жоғалтты, олардың
орнын энергия тәрізді жаңа өнімдер алды. Энергия құбыр желістерінің құрылысы
көп инвестиция мен капитал қажет ететіндіктен, бұл мәселе халықаралық
ынтымақтастық деңгейінде шешіледі. Энергия ресурстарының тасымалы
мемлекеттераралық жобалармен жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымал
кезіндегі қауіпсіздік тәрізді мәселенің шешілуі өте маңызды. Жібек жолындағы
екінші өзгеріс аймақтың саяси құрылымына байланысты. Алып мемлекеттер
орнына шағын және әлсіз мемлекеттердің пайда болуы да қауіпсіздік мәселесіне
байланысты. Орталық Азия және геосаяси аймақта орталық пен көршілер
тұрғысынан тепе-теңсіздікті жою керек. Бұл тұрғыдан Еуропа одағы мен Қытай
тәрізді күштер маңызды рөл алуы мүмкін.
Ешбір саяси интеграция үрдісі экономикалық ынтымақтастық болмай,
табысқа жете алмайды. Сол себепті Түркі кеңесі жұмыстарының маңызды бөлігін
экономикалық мәселелер құрайды. Бұл саладағы жұмыстардың интеграция
жобалары үшін итермелеуші күш болатынына сеніммен қарайды. Түркі кеңесі
Жібек жолының тек транзит маршрут қана емес, экономикалық тұрғыдан
қайтадан жаңғырып, жол бойындағы мемлекеттердің әлеуетін қолдануына
маңыз бөлуде. Түркі кеңесі бұл мақсатпен инвестор мен кәсіпкерлердің алдын
ашып, сол елдерде бөгетсіз жұмыс істеулеріне мүмкіндік беретін бастамаларды
жүргізуде. Жеке сектордың Түркі кеңесіне мүше мемлекеттерде бірдей заңмен
жұмыс істеуіне жағдай жасау – бұл бастамалардың негізгі мақсаты. Жібек жолы
жобасы шеңберіндегі экономикалық тақырыптар арасында байланыс пен кеден
мәселелеріне көбірек көңіл бөлу керек.
Жоғарыда теңіз тасымалы пайда болған соң Жібек жолының маңызын
жоғалтқаны атап өтілді. Түркі кеңесі бұл ретте құрлық және темір жолының
теңіз тасымалына балама бола алатынын алға тартуда. Заманауи тұрғыдағы
Жібек жолы тарихи Жібек жолының орнын темір жолдар торабымен, байланыс
желілерімен, энергетика дәліздерімен және табиғи газ құбырларымен
|