ҰЛЫ ДАЛА тарихы
210
Жібек жолының түрк әлемінде, дәлірек айтқанда Орталық Азияда және/немесе
Түркия арқылы Шығыс-Батыс бағытында сауда-экономикалық байланыстарды
жандандыруы.
Осы күндері күн тәртібінде қолға алынып жүрген «Жаңа Жібек жолы» жобасы
негізінде БҰҰ Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және
әлеуметтік комиссиясы (ESCAP) өңірде халықаралық автокөлік жолдарында
тасымалдауды дамыту мақсатында 1959 жылы бастаған Азия автокөлік
жолының бұрын белгіленген альтернативті бағыттарынан тұрады. ESCAP
жүргізген жұмыстардың нәтижесінде Азияда үш тасымалдау дәлізі анықталды:
Сібір теміржолына параллель, Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы
Еуропамен байланысатын «Солтүстік дәліз»; Орталық Азияны Каспий теңізі,
Кавказ және Қара теңіз, Ресей, Түркия немесе Украина арқылы Еуропамен
байланыстыратын «Орталық дәліз»; Орталық Азияны Иран және Түркия
арқылы Еуропамен байланыстыратын «Оңтүстік дәліз».
Орталық Азиядағы түрк мемлекеттері өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізгеннен
кейін Жібек жолын әрі сауда-саттық жолы, әрі тарихи және мәдени құндылық
ретінде қайта жаңғырту мәселесі халықаралық деңгейде талқыланып, осы
жолдың бойында салынған, қазіргі таңда қолданылмайтын нысандарға жаңа
қызметтер жүктеп, оларды қорғауға алу және өмір сүрулерін жалғастыру
үшін жұмыс істету шаралары қабылданды. Мысалы, АҚШ-тың «Жаңа Жібек
жолы» стратегиясының экономикалық өлшемдері мен аспектілері өңірді
экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуға және көне жолдарды қайта
салуға бағытталған аса маңызды жоба. Бұл стратегия Орталық Азиядағы
сауда-саттықты ырықтандыру, экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сауда
айналымын арттыру, оңтүстік және Орталық Азия халықтарын жақындастыру
секілді маңызды мәселелерді қамтиды. Осыған орай темір жолдар, энергия
көздерін тасымалдау құбырларын, автокөлік жолдарын салуды ұсынады.
Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Халықаралық валюта қоры сынды
құрылымдар аталған жобалардың кейбіреулерін қаржыландырды. Қысқасы,
шекараны асу және бюрократиялық кедергілерді жою негізге алынды. Өйткені
Орталық Азия экономикасы жаһандық экономикамен ең аз интеграцияда болған
өңір. «Жаңа Жібек жолы» стратегиясында халықаралық қауіп-қатерді барынша
азайту, инфрақұрылымдар салу, коммуникацияны арттыру сияқты өңір үшін
шын мәнінде зор маңызға ие мәселелер қамтылған. Бұл жобалардың көбі қазіргі
таңда іске асырылып болып, өңір халқының игілігіне ұсынылды.
Жібек жолын қайта жаңғырту Қытаймен сауда-саттықтың қарқынын
арттыруға да байланысты. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы
шеңберінде Қытай өзінің экономикалық мүдделері мен энергетика қажеттілігін
қамтамасыз ету мақсатында инвестиция құю, несие беру, жұмыспен және
|