Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет220/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

234 


кейбір мәліметтер кездеседі. Бір топ зерттеушілер пікірінше ХІІ ғасыр немесе 

ХІІ ғасырдың соңы – ХІІІ ғасырдың басында, басқа бір топ ғалымдар бойынша 

XIV ғасырда өмір сүргендігі болжанатын Қарахан кезеңінің түрк ақыны Ахмет 

Йүгінекидің Һибат үл-хақаиқ «Ақиқат сыйы» мен Атабат үл-хақаиқ «Ақиқаттар 

тартуы» атымен белгілі еңбегінде кітабын «түрк және парсы мемлекеттерінің 

билеушісі  Ұлы  әмір  Мұхаммед  Дад  Сипехсалар  бекке  арнағандығы»  туралы 

жазбаның  келуі

428

  бұл  пікірді  қуаттап,  онда  кездесетін  Дад  Сипехсалар  бек 



түбінде  ескерткіштегідей  Дадбек  Исфехсалар  түрінде  болуы  да  ықтимал. 

Мұндай жағдайда аталмыш адамның «Дәуітбек» кесенесінде жатқан тұлғамен 

байланысының барлығы байқалады. 

Ескерткіште  келген  адамның  да,  Ахмет  Йүгінеки  жазған  билеушінің  де  кім 

екендігіне  байланысты  бір  шешімге  келу  мақсатында  аталмыш  жазушыға 

қатысты  кейбір  мәселелерге  тоқталуға  болады.  Əсіресе,  жазба  деректерде 

нақты  мәліметтердің  кездеспеуі  немесе  кездесетін  қысқа  деректердің  өзі  бір-

бірімен  сәйкеспеуі

429

  тұрғысынан  Ахмет  Йүгінекидің  туған  жері,  туып,  қайтыс 



болған  кездері  туралы  толық  тоқтамға  келу  мүмкін  емес,  дегенмен  Йүгінеки 

деген  лақабына  қарап  оның  Отырар  аймағындағы  Йүгінек  қаласында  туған 

десек,  сол  кезең  тарихының  кейбір  мәселелеріне  жауап  табуға  болатындай. 

Яғни,  орта  ғасырларда  Орта  Азияның  үш  бөлек  аймақтары:  Самарқан, 

Ферғана, Отырарда дәл сондай атқа ие елдімекендер кездесіп, зерттеушілер 

Ахмет Йүгінекидің олардың қайсыбірінен екендігі туралы нақты шешімге келе 

алмауына  қарамастан,  кейбір  себептерге  байланысты  Отырар  маңындағы 

Йүгінек аталмыш ақынның туған жері деген көзқарас кең тараған.

Ахмет Йүгінеки еңбегінің Қарахан текті билеуші 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет