Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет223/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   407
Байланысты:
udt

Бектөре қолжазбасы

А. Юлдашев қолжазбасы

Оның ұлы Ісмайыл хан

оның ұлы Ілияс хан,

оның ұлы Ахмед хан,

оның ұлы Санжар хан,

оның ұлы Дадбек, 

оның ұлы Хасан хан

оның ұлы Мұхаммед хан, 

лақабы Білге хан, 

оның ұлы Мәлік хан

оның ұлы Әбді (әл)-Халық 

хан. Бәрі Отырарда еді. 

Үргеніш (Хорезм) сұлтаны 

Мұхаммед сұлтан келдіБілге 

ханды өлтірді.

Оның ұлы Ісмайыл хан, 

оның ұлы Ілияс хан,

оның ұлы Ахмед хан,

оның ұлы Санжар хан,

оның ұлы Хасан хан,

оның ұлы Мұхаммед хан, 

Мұхаммет ханның лақабы Білге хан 

еді, 

оның ұлы 

Дадбек хан

оның ұлы Әбді әл-Халық. 

Бәрі Отырарда еді. Үргеніш 

(Хорезм) сұлтаны Мұхаммед сұлтан 

келдіБілге ханды өлтірді.

433


 Дадбек – түпнұсқада осылай келеді. Шежірені аударғандар бұл әріптер шоғырын қазақша аударма 

мен  транскрипциясында  Дадбек  хан  деп  береді  (Насапнама  2013:  47,  56,  100).  Негізінде  басқа 

“Насапнамаларда” бұл адам Дад-бек хан деп келеді (қараңыз. Насап-нама 2013: 116, 125, 135).

434


Әбді (әл)-Халық – түпнұсқада осылай келеді. Шежірені зерттеушілер бұл әріптер шоғырын қазақша 

аудармасында Хасан деп берсе, түпнұсқа транскрипциясында Әбу әл-Хасан деп көрсетілген (қараңыз

Насапнама 2013: 47, 56, 100). Бірақ бұл адам аты басқа “насапнамаларда” Әбді әл-Халық түрінде 

ұсынылады (қараңыз. Насап-нама 2013: 116, 125, 135 бб.).

435

 Насапнама 2013. С. 47, 56, 99-100.



436

 Насапнама 2013. С. 116, 125, 135.




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

237 


Екі шежіреден байқағанымыздай, бұл жерде аттардың шатасып келуі бар. 

Біріншісінде  Дадбектің  әкесі  Санжар  хан,  ұлы  Хасан  хан  десе,  екіншісінде 

Дадбектің әкесі лақап аты Білге хан болған Мұхаммет хан, ұлы Əбді әл-Халық хан 

делінген. Бұл екеуінің қайсысы шындыққа жақын екенін білу қиын болуымен қатар, 

екінші қолжазбадағы «Дәуітбек» кесенесінің мазар тасындағы мәліметтермен 

белгілі  бір  дәрежеде  сәйкес  келетінін  айта  аламыз.  Себебі  бұл  шежіреде 

Хорезмшах Мұхаммет өлтірген Білге хан Дадбек ханның әкесі деп көрсетіліп, 

ескерткіштегі  «Ұғыл  бек  әш-Шәһид  (өлтірілген)  Дадбек»  деген  мәліметпен 

айтарлықтай сәйкестікке ие. Басқа жағынан мұндай «Насапнамалардың» бірі 

«Полат  қожа  Маменов  қолжазбасында»  бұл  шежіренің  қысқа  нұсқасы  «Оның 



ұлы Ісмайыл, оның ұлы 

Ілияс хан, оның ұлы Ахмед хан, оның ұлы Санжар хан, 

оның ұлы Хасан хан, оны ұлы Мұхаммед хан, лақап аты Білге хан еді, оның ұлы 

Дадбек хан, оның ұлы Әбді әл-Халық хан» түрінде келіп

437


, «Абдулла Юлдашев 

қолжазбасындағы» мәліметтермен ішінара сәйкес болуы ескерерлік жайт.

Осылайша  Таразда  жерленген  аталмыш  Қарахан  билеушісі  Дадбек 

Исфехсалар б. Ілиястың екі-үш буын бұрынғы атасы 1217 жылы Хорезмшах 

өлтірген Отырардағы соңғы Қарахан билеушісі Мұхаммед Білге ханға баратыны 

туралы  болжам  жасауға  болады.  Аты  аталған  Отырар  билеушісінің  ұлы 

Дадбек хан б. Мұхаммед Білге ханмен «Дәуітбек» кесенесінде жатқан Дадбек 

Исфехсалар  б.  Ілиястың  атасы  (немесе  әкесі)  Ұғыл  бек  әш-Шәһид  Дад  бек 

әл-Тарази  екеуі  бір  адам  болуы  әбден  мүмкін.  Бұл  адамды  да  әкесі  сияқты 

1220-жылдары бір деректерде Хорезмшахтар өлтіріп, оның «әш-Шәһид» деген 

лақап аты соған куәлік етсе керек. Негізінде басқа қарахандықтарға қатысты бұл 

әулеттің басқа бір тармағы, яғни Отырар мен Тараздың билеушілері әкімшілік, 

саяси  тұрғыдан  бір-бірімен  мүлтіксіз  сәйкес  келіп  отыр.  Турасын  айтқанда, 

Тәңір тауының (Тянь-Шань) ең батыс баурайында орналасқан бұл екі тарихи-

мәдени аймақ географиялық тұрғыдан бір-біріне жақын, бұл жақындық көптеген 

әулеттердің оларды бір әкімшілік аймақ ретінде басқаруына мүмкіндік берді. Бұл 

дәстүрді жалғастырған Қарахандар кейде Таразды, кейде Отырарды басқару 

орталығы ретінде таңдау арқылы аймақты билеген. 

Мәселенің айқындала түсуі үшін Қарахандар мен Хорезмшах-Ануштегіндер 

арасындағы  қарым-қатынастарға  қысқаша  тоқталған  жөн.  1210  жылы 

Қарақытайларға  қарсы  Тараз  да  кіретін  Жетісудың  басым  бөлігінде  соғыс 

жүргізген  Мұхаммед  Хорезмшах  Хорезмге  қайтар  жолында  соңғы  Қарахан 

билеушілерінің бірі, Отырар мен көршілес аймақтардың билеушісі Білге ханды 

өзімен бірге ордаға әкетіп, кейін оны Неса (Ашхабад маңы) қаласына жібереді. 

Сол заманның тарихшысы Нәсәуидің жазбаларына сәйкес ол Самарқанда билік 

437


 Насап-нама 2013, С. 145, 155, 164.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

238 


жүргізген  Қарахан  билеушісі  Ұлығ  Сұлтан  Османның  (1202-1212  жж.)  немере 

ағасы  болған.  Оны  1217  жылы  Хорезмшах  өлтіргендігі  көптеген  деректерде 

жазылған

438


Бартольд, Ибн әл-Асир және Жүзжанидің жазбалары бойынша Хорезмшах 

Мұхаммед  өлтіргендердің  қатарында  тек  Осман  мен  оның  немере  ағасы 

емес,  сондай-ақ  осы  әулеттен  шыққан  бірқатар  билеушілердің  болғандығы 

алға тартылады

439


. Оның мұндай саясат ұстануына Қарахан әулеті өкілдерінің 

Хорезмшахтың билігін емес, Қарақытайлардың билігін мойындауы немесе оған 

қарсы шыққандарға қолдау көрсетуі әсер етті. 

Жоғарыда  келтірілгендей,  «Насапнамаларда»  Отырардың  соңғы  Қарахан 

билеушісі ретінде көрсетілген Білге ханның орнына Хорезмшахтар Қайырханды 

тағайындауы, оның қаңлылардан шыққандығы туралы мәліметтер ол кезеңнің 

деректерінде де кездеседі

440


.

Бір  айта  кететіні,  Отырар-Тараз  жазирасына  жататын  аталмыш 

«Насапнамаларда» келген Ілияс хан, Ахмет хан, Санжар хан, Мұхаммед хан, 

Әбді  әл-Халық  хан,  Хасан  хан  және  т.б.  Қарахан  билеушілерінің  аты  түрінде 

сол кезеңнің жазба деректері мен тиындарында кездеседі. Мысалы, Фарапта 

(Отырар)  табылған  Қарахан  тиындарында  атағы  Құтлық  Білге  қаған  болған 

Əбді  әл-Халық  б.  Хусейн  (һ.  574  жылға  дейін),  сондай-ақ  дәл  сондай  атағы 

болған Хасан б. Əбді әл-Халық (һ. 596) аттары кездесетініндей, Шаш (Ташкент), 

Ұстыршана, Самарқан және басқа аймақтарда табылған Қарахан тиындарында 

да  жоғарыда  «Насапнамаларда»  кездесетін  есімдер  жазылған

441


.  Əйтсе 

де,  олардың  тегі  аталмыш  шежірелердегілерге  толықтай  сәйкесе  бермейді. 

Жоғарыда атап өткеніміздей, көбісі кейінгі кезеңдерде құрастырылған аталмыш 

«насапнамалардағы» кейбір сәйкессіздіктер қарастыруды қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет