Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет216/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

231 


Осылайша  моңғолдар  бірқатар  жергілікті  әулеттерді  жойып,  қалалары 

мен  басқа  да  мәдени  орталықтарын  өртеп,  қиратуына  қарамастан,  жаңадан 

иемденген  аймақтарда  бітімгерлік  қатынас  орнатуы,  қайта  құру  мен  құрылыс 

жұмыстарын  бастауы,  жергілікті  басқару  пен  наным-сенімге  байланысты 

істерді  кейбір  көне  әулеттердің  өкілдеріне  немесе  басқа  жергілікті  өкілдер 

қолына беруі аңғарылады. Моңғолдар осындай ұнамды әрекеттер қылу арқылы 

шапқыншылық кезінде оларға қарсылық көрсетпеген немесе аймақтағы үстемдік 

жүргізген  күштерден,  әсіресе  Хорезмшах-Ануштегіндерден  зорлық  көрген 

әулеттерге мұра болып келген заңды билігін жалғастыруға мүмкіндік бергендей 

болып көрінеді. Анық болғандай, Шыңғыс хан ұрпақтарынан бұрынырақ Орта 

Азияда  билік  жүргізген  Қарақытай  (1128-1213  жж.)  мен  Найман  Күшлік  хан 

(1213-1218  жж.)  аймақтың  жерлерін  басып  алғаннан  кейін  осыған  ұқсас  бір 

жүйе қалыптастырды. Олар жергілікті әулеттерден салық алып, оларды өкілдер 

арқылы бақылауда ұстау сынды тетіктерді дамытты

419



Енді  «Дәуітбек»  кесенесінде  жерленген  адамның  тұлғасына  тоқталайық. 



Біріншіден,  оның  аты  мен  атағы  келесідей  бөліктерден  тұратынын  айтуымыз 

керек:


1) Белгілері мен атақтары: Құтлығ-Тонга Ұлығ-Білге Иликхан/Иқбалхан

2) Аты мен тегі: Дадбек Исфехсалар б. Ілияс ... Ұғыл бек әш-Шәһид Дадбек

3) Туған жері (күнясі): әл-Тарази

Айта  кететін  жайт,  осыған  дейін  қарастырған  ескерткіштер  мен 

зерттеулерімізде толықтай Дадбек Исфехсалар б. Ілияс ... Ұғыл бек әш-Шәһид 

Дадбек әл-Тарази деген атқа сәйкес келетіні табылмады. Оған тиесілі болған 

Құтлығ-Тонга Ұлығ-Білге Иликхан/Иқбалхан түріндегі белгі-атақтары да толық 

түрде деректерде кездеспейді, әйтсе де Құтлық Білге хан мен Ұлығ Тоғрыл хан 

сияқты жақын келетін аттар Қарахан билеушілерінің лақабы мен атағы түрінде 

жазылған ескерткіштер мен нумизматикалық материалдар жолығады

420



Бартольд  марқұмның  моңғолдарға,  яғни  Шыңғыс  хан  ұрпақтарына  тиесілі 



Ұлығ-Білге Иқбалхан атағына ие жергілікті билеуші болғандығын, бұған ұқсас 

Түркістандық  билеушілердің  аты  жазба  ескерткіштерде  кездесетінін  айтқан. 

Зерттеушінің  жазғандарына  сәйкес  осы  кезеңге  жататын  Жамал  Қаршидің 

«әл-Мүлхақат  бис-Сурах»  атты  еңбегінде  (XIV  ғ.)  осыған  ұқсас  билеуші 

аттары Ферғана мен Шаш (Ташкент) аймақтарының жергілікті билеушілермен 

байланыстырылған

421

. Қаршидің аталмыш еңбегімен танысқанымызда бірқатар 



Ферғана мен Ташкент билеушілеріне қатысты мәліметтер табылды, дегенмен 

олар  біз  қарастырып  отырған  ескерткіштегі  билеуші  атына  ұқсамайтындығы 

анықталды.  Əсіресе  Қарши  Ферғанамен  байланысты  Илик  әл-Мәди  атты 

419


 Бартольд, 1963, 133-134 с.

420


 Кочнев, 2006: 28-29.

421


 Бартольд, 1966: 307.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет