ҰЛЫ ДАЛА тарихы
284
Терең тарихты қозғаған бұл толымды туынды әсіресе түрк дүниесі үшін аса
құнды дерек көзі болып саналады. Тарихын тасқа қашап қалдырған түрктердің
тағдыры бізге негізінен қытай, араб және парсы және басқа да халықтардың
өкілдері жазған қолжазбалар мен жылнамалар арқылы жеткені белгілі. Олардың
біразын біз әлі күнге дейін сараптап, сұрыптамай, Құран сөзіндей көріп, қабылдап
жүрміз. Ал Рашид ад-диннің еңбегі бізге өзге елдерде жазылған қолжазбаларды
салыстыра отырып, оған дейін көбіне ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жыр
жолдарымен жеткен, кейде аңыз-әпсанаға айналып, түгенделмей жатқан жауын-
гер жұрттың мол мұрасын да бір ізге түсіріп, жүйелеп берді. Бұл туралы автор
былай дейді: «... мұғулдардың және мұғулдарға туысқан болып келетін барша
түрк тайпаларының шежірелерін, бөлек-бөлек, шашылып жатқан, осы уақытқа
дейін оларды жинауға ешкімнің қолы бармаған, ешкімге оларды ретке келтіріп,
жинақ тау бақыты бұйырмаған, соның салдарынан бүкіл тарихшылар олардың
жартысын халық аузынан естіп алып, кейін өзінің қалауы мен көңіліне сай күйде
баяндап келген, ал олардың шынайы мән-жайын ешкім білмеген, ешкім тексере
алмаған хикаяларды әрі олардың баянын... сақталып жатқан жерлерінен тауып,
оларды сараптап, сынға алып, жазбаларда жазылған дерек тердің дәлдігін
тексеріп, терең зер ттеуден өткізіп, оларды жинап, керек тісін ретке келтіріп, мінсіз
тір кес тер күйінде баяндап, осы уақытқа дейін сыр жамылғысының астында
сақталып келген хикаяларды, керемет те, көркем ақыл-ойдың сұлуларын ашық
алаңға шығарып, әлемге жария етіп көрсетсін» деп патша әмір етті».
Осы жолдардан біз автордың түрк ру-тайпаларының шығу тегі мен тарихын
жетік білетін сұңғыла бектер мен асқан білімпаздардың сөздеріне ден қойғанын,
шежірешілерге жүгінгенін, солардан оқиғалардың анық-қанығын тексергенін
байқаймыз. Өзі бұл туралы «...ол түрк халықтары жайлы деректерді әрбір
халықтың атақты риуаятшылары мен нақылшыларының жеткізгеніне сәйкес
және олардың кейбір кітаптарында табылғандарын алып, өзгертпей келтіруде»
деген Рашид ад-диннің Қашқаридің әйгілі «Түрк сөздігі» сияқты іргелі еңбектерді
пайдаланғанын аңғарамыз. Шежірешілер арасында ұлы әмір Болат чинсанның
есімін ерекше атаған ғұлама ғалым бұл тарихтар жинағын жазып шығу үшін
өзінен бұрынғы Табари, Ибн Асир, Масғуди, Бируни, Балхи, Нишабури, Раванди,
Туси, Жувайни
490
сияқты тарихшылардың еңбектерінде келтірілген деректерді
де ретімен қолданғаны да анық.
Нұх пайғамбардан бастап, Оғыз қаған нәсілінен тарайтын Шыңғыс хан және
оның ұрпақтары жайлы сөзін сабақтаған Рашид ад-дин Ұлы дала тарихындағы
көптеген халықтар мен олардан шыққан көр некті қайраткерлер, даңқты тұлға лар
туралы баяндайды, соның ішінде оғыз, қаңлы, қыпшақ, қарлұқ, қалаш, ұйғыр,
қырғыз, татар, жалайыр, мер кіт, найман, керейт, қоңырат және Ергенеқоннан
490
Tarih-i-Jahan Gusha, 2004.
|