Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет275/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

287 


ҚАЗАҚ-ТҮРІК БАЙЛАНЫСТАРЫ

(архив деректері ізімен)

Дүниеде  тарихты  жасайтын  һәм  жазатын  ұлттар  бар.  Басқаша  айтқанда, 

төңкеріс  жасап,  дәуірдің  доңғалағын  кері  айналдыратын,  алайда,  белгілі  бір 

кезеңнен кейін тарих сахнасынан шығып яки ізім-қайым жоғалып кететін ұлттар 

болатыны  сияқты,  тамырын  тереңге  тартпаса  да,  өзгенің  тарихи  мұраларын 

тонау арқылы өткенін жасанды түрде безендіретін ұлыстар да аз емес. Ал, кең- 

байтақ даланың апайтөсін мекен еткен халқымыз тарихты жасаған һәм жазған 

ұлттардың басында келеді. Адамзаттың атажұрты – Еуразия кеңістігінде еркін 

ат  ойнатып,  өткенін  өшірмей,  тасқа  ойып  жазып  кеткен  бабалардың  дүбірлі 

тарихы бұған куә болса керек. 

Аталарымыз  армандаған  азаттыққа  қол  жеткізіп,  тәңірі  тілекті  беріп, 

тәуелсіздік алдық, ес жиып, етек жаптық. Тоналған тарихымызбен жат қолында 

кеткен жәдігерлеріміз түгенделіп жатқан тұста, Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы 

Назарбаевтың  тікелей  Жарлығымен  жүзеге  аса  бастаған  “Мәдени  мұра” 

бағдарламасы  талайлы  тарихымыздың  қатпарлы  тұстарын  аша  түсіп,  шын 

мәніндегі рухани сілкініске ұйытқы болар деген үміттеміз. Өйткені, толыға түскен 

тарихи  мұралардың  сәулесі  сансыраған  санаға  сенім  ұялатып,  шамырқанған 

шындық жаңа ұрпаққа серпін береді. Ал, мәдени мұралар мен дереккөздерінің 

әуелі  мұрағаттар  мен  мұражайларға  түсіп,  толығары  әркімге  де  аян  болса 

керек.  Сондықтан,  ұлттық  мұрағат  ұлттық  және  мемлекеттік  жадының  негізін 

қалап қана қоймайды әрі оның қорғаушы бойтұмар қалқаны да болады. Өйткені, 

ұлттық мұрағат – мемлекеттің меншігін айқындайтын құжат, өзіңді де өзгені де 

боямасыз танытатын дереккөзі, сондай-ақ, ұлттың өткенін бүгінге және бүгіннен 

келешекке жалғайтын мәдени көпір. Əлемнің алпауыт елдерінің мұрағаттарға 

қаншалықты мән беріп отырғандары – сөзіміздің дәлелі болса керек.

Ұзаққа  бармай-ақ,  айналамыздағы  алпауыт  елдер  –  көршілес  Қытай 

мемлекеті мен іргелес Ресей елінің мұрағаттары әлемнің ең бай мұрағаттарынан 

саналады.  Сондай-ақ,  бір  кездері  “үстінде  күн  батпайтын  мемлекет”  атанған 

Британия  мұрағаттары  да  бүгінде  әлемнің  талай  құпия  сырларын  ішіне  бүгіп 

жатыр.  Ал,  Азияның  кіндігі  мен  Анадолыда  үш  ғасыр  билік  құрған  Салжұқлы 

мемлекетін айтпаған күннің өзінде Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік 

Африка жерінде алты ғасыр бойы салтанат құрған Османлы мемлекеті де кезінде 

әлемдегі ең бай мұрағаттың біріне ие болған. Бүгінде Түркия Республикасында 

Османлы мұрағат құжаттары мұқият зерттелу үстінде. Белгілі жүйеге түсіріліп, 

компьютерге енгізіле бастаған мұнда зерттеушілерге барлық жағдай жасалған, 

қажетті құжатты көрсетсеңіз болғаны, қызметкерлер қолыңызға ұстата қояды. 

Дегенмен, азаттық соғысынан кейінгі алмағайып кезеңде, жас республиканың 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет