Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет270/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

282 


толық  баян даған  алғашқы  іргелі  еңбек  –  Рашид  ад-диннің  осы  шығармасы 

болды. 


Рашид  ад-дин  1247  жылы  Иранның  Хамадан  қаласында  дәрі-дәрмек 

жасайтын  оқымысты  дәрігерлер  әулетінде  дүниеге  келген.  Атасы  мен  әкесі 

Құлағу ханның (1217-1265 жж.) сарайында дәрігер болып қызмет еткен. Осындай 

білімді отбасында дүниеге келген ол жақсы білім алып, әуелі Құлағу ханның ұлы 

Абақа ханның дәрігері әрі хатшысы болған. Аса қабілетті, дарынды, жан-жақты 

оқымысты ғалымды бағалаған Ғазан хан оны 1298 жылы Елхан мем лекетінің 

уәзірі шеніне дейін көтер ген. Рашид ад-дин көптеген кітап тар мен рисалалар 

жазған.  Хүсни  хат  пен  миниатюра  шеберлерін,  сурет шілер  мен  ұсталарды 

және аудармашыларды маңайына жинаған оның кітапханасы аса бай болған. 

Жиырма  жылдық  уәзірлік  қызметінде  көптеген  кітапханалар,  ауруханалар, 

медреселер салдырған. Өз қаражатына Тебриз қаласында «Руб-и Рашиди» деп 

аталатын арнайы қалашық салдырған. Ұлына жазған хатының бірінде Рашид 

ад-дин бұл қалашықта 30 мыңдай үй, 24 керуен сарай, 1500 дүкен, моншалар, 

баулар  мен  бақшалар,  ұстаханалар,  қонақүйлер,  6000  шәкірт  оқитын,  400  

ғалым  дәріс  оқитын  ірі  медресе  орналасқанын  айтады.  Сондық тан  кейбір 

зерттеушілер «Руб-и Рашиди» қалашығын Иранның алғаш қы университеті деп 

санайды. 

Осындай көрнекті ғалым, қайрат кер тұлға болған Рашид ад-дин «Жамиғ ат-

тауарих» деп аталатын тарих тар жинағын Елхан мемлекетінің әміршісі Ғазан 

ханның


489

 жарлығы бойынша 1300 жылы бастап, 1316 жылы Олжайытұ сұлтан 

дәуірінде тәмамдаған. Ол туралы ғұламаның өзі: «Бүкіл әлем халықтары мен 

адам  заттың  түрлі  топтарының  өмір  салты  мен  хикаяларын  қамтитын  тарих 

осы уақытқа дейін ешбір дәуірде жасалмаған әрі ол мемлекеттерде өзге елдер 

мен қалалар туралы мәліметтер жазылған ешқандай кітап болма ған, оған қоса 

бұрынғы  патшалар дың  ешбірі  зерттеулер  мен  ізденістер  жүргізбеді,  кітаптар 

шығармады», – дей отырып, Ғазан ханның жарлығы бойынша осындай іргелі 

жұмыстың басталғанын, ол бұйрықты орындау үшін барлық елдердің ғалымдары 

мен  беделді  адамдарынан  деректер  жинастырылып,  анықтау  жұмыс тарын 

жүргізгенін, көне кітаптардың реттеліп таңдап алынғанын, солардан сарапталып, 

489


  Ғазан  хан  –  Сұлтан  Махмұд  Ғазан  (Қазан)  хан.  Елхан  мемлекеті  Құлағұ  әулетінің  7-нші  ханы 

(1271-1304 жж.). Шыңғыс қағанның кенже ұлы Тұлый, одан Құлағұ (1217-1265 жж.) туады. Құлағұдан 

-Абаға,  одан  Арғұн,  одан  Ғазан  туады.  Елхан  мемлекетін  Құлағұдан  кейін  Абаға  (1265-1282  жж.), 

Ахмад Текүдер (1282-1284 жж.), Арғұн (1284-1291 жж.), Ғайқатұ (1291-1295 жж.), Байду (1295), Ғазан 

(1295-1304 жж.), Өлжейіт (1345-1316 жж.), Абу саид Баһадүр (1317-1335 жж.) деген тоғыз хан биледі. 

Ғазан Арғұн ханның үлкен ұлы. Қазан хан 1295-1304 жылдары билік құрған. Ислам дінін мемлекеттік 

деңгейге  көтерген,  саяси-экономикалық  көптеген  реформаларды  жасаушы.  Оның  билігі  тұсында 

Елхан мемлекетінің территориясы кеңейіп, Иран, Ауғанстан, Əзербайжан, Ирак Бағдаты, Курдстан, 

жоғары  Месопотамия,  Кіші  Азия  енді.  Елхан  мемлекеті  Селжүк,  Грузия,  Трапезүндек  (Трабзон), 

Армян,  Кипрден  салық  алып  тұрды.  Сирия,  Палестинияға  жорықтар  ұйымдастырып,  Мысырдағы 

мәмлүктермен әскери қақтығыстар жасап тұрды. Ғазан хан ақша реформасын жасатты, өз атынан 

монеталар соқтырған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет