ҰЛЫ ДАЛА тарихы
281
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ – «ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ»
Ұлы даланы мекендеген көш пелілер құрған алып мемлекеттер әлемдік
тарихтың доңғалағын ілгері жылжытып, адамзат өркениетін айқындаушы
бетбұрыстар жасағаны белгілі. Бұл ретте, түрлі кезеңдер мен ал мағайып
дәуірлердегі қоғам дық болмыстың нақтылы кес кін-келбетін, этномәдени құбы-
лыстарды, ру-тайпалық құры лымдарды, саяси-экономи ка лық жүйе мен сыртқы
қарым-қатынастарды тануға ортаға сыр лық шығыс тілді жазба дерек тердің орны
айрықша бағалы.
Түрк әлемі тарихында тағдыр шешті пассионарлық қуатты құбылыс байқалып,
XIII-XIV ғасырларда дүние жүзін дүр сілкіндірген ұлы империя іргесі бой көтерді,
Ұлы далада бұрын-соңды болмаған орасан зор дүбір лі өзгерістер болды.
Шыңғыс қаған шаңырағын көтеріп, керегесін керген көгентүп көшпелілердің ортақ
мекені Еуразия кеңістігін қамтыды. Сондықтан да төрткүл дүниенің ұлан-ғайыр
аумағын алып жатқан алып империя тарихына қатысты сан алуан тілдерде
жүздеген жазба ескерткіштер мен алуан түрлі түпдеректер пайда болды.
Қазіргі кезеңде алтын әулет ұр пағы алты құрлыққа кемел билік жүр гізген
кемеңгер Шыңғыс
487
қағаннан мемле кеттік бастауын тартатын елдер де көп,
бұл тақырыпта қалам тартатын жандар да аз емес. Осыған байланыс ты кейде
түпдеректерге сүйенбеуден балаң да ұшқары пікірлер, жаңсақ жорамалдар
да айтылып жүргені белгілі. Сайып келгенде, мұның негізгі себебі түпнұсқа
деректерді оқымаудан, қол жазбаны ғылыми деңгейде игермеуден туған
олқылықтан деуге болады.
Осы орайда Шыңғыс хан құрған империя тарихына қатысты канондық
нұсқадағы ортағасырлық парсы дереккөздері
488
арасында әйгілі Рашид ад-дин
Фазлуллах ибн Имад ад-Даула Абул-Хайр Али Хамаданидің (1247-1318 жж.)
«Жамиғ ат-тауарих» еңбегінің бағасы орасан зор.
Есте жоқ ықылым замандардан бері көптеген тұлғалар, жылнамашылар мен
шежірешілер өз таным-түсініктері мен көзқарастары тұрғысынан адамдар мен
аймақтар, тұрғындар мен олардың тұрмыс-тіршіліктері туралы көптеген кітап
жазғанымен, дүниенің төрт бұрышынан жиылған түрлі мәліметтерді тексеріп,
дерек тер ді салыстыра отырып, тұтас Еуразия құрлығындағы адамзат тарихын
487
Парсыша
Достарыңызбен бөлісу: |