ҰЛЫ ДАЛА тарихы
32
еңбегінде бұл күнтізбенің түрктік тамырын бұлтартпас деректермен айғақтайды
49
.
Ендеше, дәстүрлі жыл қайыруды балама күнтізбе ретінде жиі пайдаланып,
зерттеу жұмыстарын арттырсақ, түрк жұртына ортақ құндылықтың ортамызға қайта
оралары анық. Ғұн заманынан пайда болған 12 жыл дық мүшел түрк дәуірінде
жетіліп, ке меліне келген. Бұл туралы Қашқарлы Мах мұт әйгілі сөздігінде «түрк
қағаны хал қымен кеңес құрып: «кейінгілер жа ңыл мас үшін, он екі жұлдыз бен он екі
ай дың санындай он екі жылдың әрқайсы сы на ат қояйық. Жыл санауымызды осы ған
қарап жүргізейік» депті
50
. Сөйтіп қа ған жабайы аңдарды Іле өзеніне қарай қуың дар
деп бұйрық береді. Аңдардың он екі сі суды кешіп өтеді. Өзеннен өткен әрбір аң-
ның аты бір жылға беріледі» деп жазады. Көк түрктердің осы жыл қайыру амалын
жиі қолданғанын білеміз. Мысалы, жылан жылы қайтыс болған Елтеріс қағанның
көктасына жыланның бейнесі қашап салынған. Ислам діні хижра жыл санауын ала
келгенімен, түрк жұрты көне күнтізбесінен бас тартпаған. Салжұқ сұлтаны Мәлік шах
1079 жылы көне жыл қайыруға жарлық шығарған. Ал әйгілі Рашид-ад-дин, Əбілғазы
бахадүр хан еңбектерінде бұл күнді Ергенеқонмен тікелей байланыстыратынын
айттық.
Құздардың қуысына сыймаған Ел ханның ұрпақтары Ергенқонда өсiп-өркендеп
қалың елге айналады. Тәңiрдiң рахымы түскен олар 400 жыл болғанда басқа
тайпалардан саны асқан екен. Осы зәузат тар шатқал, бiтеу ұйыққа сыймай лықсып,
ендi өздерiн қоршап тұрған сеңгiр құзды тесiп, бiр кезде бабалары басып келген,
кейiннен бiтелiп қалған жалғызаяқ жым жолды аршығалы ақылдасады. Ақыры ылғи
темiр қазып алып қорытатын тау баурайындағы кен орнын тесуге тәуекел етiседi.
Барлығы жиналып бұл жерге отын үйiп, көмiр тасып, жетпіс өгiзді сойып, соның бітеу
сойылған терiсiнен дәу көрiктер жасап, сол белге жағалай орналастырған 70 алып
көрiктi ұсталар қаз-қатар тұрып бiр демде үрлеп, темiр тауды оттың күшiмен ерітiп
жiберуге уағдаласады. Осылайша қисапсыз темiр қорытып ала берiп, тауды отпен
қыздыра-қыздыра тесiп жiбередi. Тар қысаң таудан олар кең далаға ағылып көшiп
қоныстанады. Қияннан тараған мол рулар көрiк басысқан көрiнедi. Сондай-ақ Нукуз
деген тайпаның үрiм-бұтақтары, соған жататын ұранқай руы көрiк басысқан көрінеді.
Басқа рулар көрiк басыстық дегенiн бұл тайпалар құптамайды, бiрақ зәузаты мол
қоңырат тайпасы басқалармен келiспестен баса көктеп тар шатқалдан алдыңғы
лекте таласа-тармаса шыққан деседі. Сол себептен де қоңыраттар ұста дүкенінің
шоғын басып кеткендіктен сарып ауруына ұшырап, аяғы майып болған деген аңыз
да бар.
Еркіндікке шыққан түрктер көк бөрінің жол көрсетуімен жаңа қонысқа жетіп,
ұланасыр Ұлыстың ұлы күнін тойлайды. Осылайша бұл күнді Жыл басы ретінде
тойлау салтқа айналып, түрк қағандары көрік басып, балға ұрып, төс соғатын ырымға
айналыпты. Бұл дәстүрді Шыңғыс хан қайта жаңғыртқан. Бүгінде Əзербайжанда
жиылған жұрт от жағып, алаудан аттайды, Анадолы түрктері көрік басып, төске балға
соғады. Мәңгілік ел мұратын жадыда жаңғыртатын осы дәстүрді біз де Наурызды
тойлау барысында ескерсек, Ұлыстың ұлы күні түрлене түсер еді деген ойдамыз.
49
Chavannes, Edouard. 1906. Le cycle turc des douze animaux. T’oung Pao 7 (série 2): 51-122.
50
Қашқари, 1993, 29-30 -б
|