Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет30/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

33 


АЛТЫН ӘУЛЕТ – «АШИНА» 

Т

арлан  тарихымыз  бен  түйсік-санамыздың  терең  қатпарларында  қалған 



жұмбақтарды аша түсетін құнды еңбегінде Рашид-ад-дин жан-жағы қамал сынды 

заңғар таулармен қоршалған Жерұйық мекен – Ергенеқоннан түскен Бөрте-чино 

жайында баяндайды. Оның «Уа, қасиетті көк бөрінің оғландары, ата-жұртымызды 

қайтарып алайық» деген сөзінен кейін жауынгер жұрт тауды балқытып, жол салып, 

туған жеріне оралды дейді аңыз.

Аңыз түбі – ақиқат. Сондықтан бұл аңыздар бізді Көктүрк қағандығын құрған 

әйгілі Ашина әулеті туралы ақиқатты зерделеуге жетелейді. 

Ашинаның шығу тегі мен олардың Алтай тауларына қалай келгендігі жайында 

қытайдың «Чжоу шу», «Вей шу», «Тан шу», «Тун дянь» сынды жылнамаларында 

бірнеше  аңыз  нұсқалары  баяндалған.  Мәселен,  «Тун  дянь»  жылнамасының 

197-тарауында  Ашиналардың  шығу  тегі  туралы  мынадай  аңыз  сақталған:  «Көк 

түрктер  әуелден  Пин-лиаңды  мекендеген  Хулардың  бірі  едi.  Олар  негізінде 

ғұндардың бір бұтағы болатын. Арғы тектері – Ашина. Кейiн Вей заманында Тай-

ву патша Чие-чу әулетін талқандаған соң Ашина бес жүз отбасымен жужандарға 

қашып  келіп,  Алтай  тауын  мекен  етті.  Бұл  таудың  пішіні  дулығаға  ұқсас 

болғандықтан, оларды өздерінің тілдерінде дулыға мағынасына саятын Түчүе деп 

атады»

51



Қытай жылнамаларынан Ашинаның «сиун-ну» - дан (ғұннан) шыққанын жақсы 

білеміз.  Бұл  дереккөздерде  түрктердің  шығу  тегі  Ху,  Хунну,  Со  атауларымен 

өзгеріп  отырса  да  ғұндармен  қатыстылығы  ешбір  дау  туғызбайды.  Аңыздар 

желісі  түрктерді  Қытайдың  солтүстігінен  шығарып,  Алтын  тауға  (Алтай)  келіп 

орналастырады. 

Ашина әулетінің түпкі тұрағы ретінде Тұрфанның солтүстік-шығысы мен Алтай 

тауларының оңтүстік-батысындағы таулы аймақ аталады. Кейбір дереккөздерде 

олардың  V  ғасырда  Оңтүстік  Сібірдегі  Енисей  қойнауынан  Богдо  тауы  (Шығыс 

Түркістанның  солтүстік-шығысы)  маңайына  көшіп  келгендігі  баяндалады.  Бұған 

сенсек,  Алтай  тауларының  оңтүстік  етегіне  көшірілген  Ашина  әулеті  552  жылы 

өз мемлекетін құрғанға дейін сол елдің қол астына қарап, темір өндіруге мәжбүр 

болған. 


Көктүрк қағандығын құрған рудың атауы жылнамаларда А-ши-на деп аталады. 

Ол көбіне Көктүрк билеушілерінің атымен бірге аталып, оларға этностық туыстығын 

білдіретін  болған.  Мысалы,  Шаболо  Кехан  Ашина  Хо-лу  (Ишбара  қаған  Ашина 

Ұлығ), Ашина Мише, Ашина Бужен, Ашина Хиен, Ашина Хуаи-дао, Ашина Син 

сияқты

52

. Дегенмен, Қытай жылнамаларында Ашина этнонимі көп жазылғанына 



қарамастан, ол сөздің мағынасы туралы қандай да бір анықтама кездеспейді. 

51

 Бичурин, 1950, С. 221



52

 Бичурин, 1903, P. 148






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет