Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет291/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

303 


дәріптейді.  Жалпы,  жәдитшілдер  дінді  бөлуші  емес,  елдің  бірлігіне  ұйытқы 

боларлық бір бүтін ретінде қарастырды.

Ресей  үкіметі  тарапырнан  1870  жылы  жаңа  заң  шығарылып,  медреселерде  

орыс  тілін  оқыту  міндеті  қойылды.  Бұл  шешімге  қарсы  болмаған  жәдитшілдер 

қоғамның  дамуы  үшін  әртүрлі  ғылым  салалары  қажет  деп  тапты.  Олар  діни 

ілімдермен  қатар,  дүниелік  ғылымдармен  де  айналысу  керектігін,  сондықтан 

Батысқа  және  жаңашыл  ғылымға  апаратын  жолда  шет  тілінің  маңыздылығын 

ұғына білді. Мәселен, Ш.Маржани «Орыс-татар мұғалімдер мектебінде» мұғалім 

болып жұмыс істесе, И.Ғаспыралы Парижде И.С.Тургеневпен етене танысып, оның 

жанында болды. Осылайша, ресейдің алдыңғы қатарлы демекрат ойшылдары мен 

ғалымдарының шығармаларымен таныс болуы ислам ілімдерін жетік меңгерген 

жәдитшілдердің ой-өрісін одан да кеңейе түсті. 

Ұлтты тек ағарту саласымен ғана оятудың жеткіліксіз екенін ұққан жәдитшілер 

ұлттық  сипаттағы  басылымдар  шығара  бастады.  Жәдитшілердің  бастамасымен 

газет-журналдар  шыға  бастады,  ұлттық  әдебиеттің  негізі  қаланды.  1883  жылы 

сәуір айының 10-ы күні 

«

Тәржіман


»

 газетін шығарған И. Ғаспыралы, алғысөзіне 

былай деп жазды: 

«

Тәржіман



»

 шамасы келгенше дұрыс пікірлерді және пайдалы 

мағлұматтарды  мұсылмандар  арасында  тарату,  мұсылмандардың  пікірлері 

мен  мұқтаждықтарымен  орыстарды  таныстыру  үшін  қызмет  жасайды.  Осы  өте 

маңызды  мәселелерді  мойнымызға  ала  отырып,  осы  мәселеде  халқымызға 

қолқанат  болатынымызға  сеніміміз  мол.  Халықты  оятуды  көздеген 

«

Тәржіман


»

 

газетінде  саяси-әлеуметтік,  мәдени  және  әдеби  мәселелер  көтерілді.  Тілде, 



пікірде  және  тірлікте  бірлік  ұранымен  шыққан  газеттің  негізгі  ұстанымы  да  дін 

бірлігі  бар  Ресей  бодандығындағы  мұсылман  түрк  халықтарының  тіл  бірлігін 

қалыптастыру, сол арқылы түрк әлемінің тұтатығына қол жеткізу. Патша өкіметінің 

қысымына  қарамастан, 

«

анық  қарап,  абайлап  басып”  1918  жылға  дейін  үздіксіз 



жарияланған газеттің тиражы 5 мыңға жетті, ол Еділ бойы, Түркістан өлкесі, Түркия 

және  Қытайдағы  мұсылмандардың  ортақ  сүйікті  басылымына  айналды.  Оның 

ізімен  шыққан 

«

Шура



»

«



Уақыт

»



«

Айқап


»

«



Теракки

»

  сияқты  газет-журналдар 



жаңа дүниеге келді. 1886 жылы И. Ғаспыралының 

»

Молда Аббас



»

 деп аталатын 

романы  жарық  көрді.  Ресей  қол  астындағы  мұсылмандардың  алғашқы  романы 

болып  табылатын  осы  шығарманың  негізінде  кейіннен  ұлттық  прозаның  негізі 

қаланды  деуге  толық  негіз  бар.  Жәдитшілер  ағартушылық  мақсатпен  сахналар 

құрып,  театрлар  аша  бастады,  осылайша  ұлттық  драматургия  дамыды.  Жыр 

жолдарына  соны  леп  келіп,  поэзия  жаңаша  өріс  алды.  Айта  кету  керек,  Абай 

мен Шәкәрімнің, Ахмет пен Міржақыптың, Мұхамеджан Сералин мен Мағжанның 

«

Тәржіман


»

  газетін  сүйіп  оқығанын  еске  алар  болсақ,  қазақ  ұлттық  әдебиетінің 

де  түп-тамырын  алыстан  іздеудің  қажеті  жоқ.  Сондай-ақ, 

«

Тәржіман



»

  газетінде 

Ыбырай мен Шоқан туралы мақалалар жарияланып, Мұса Шорманов пен Мәшһүр 

Жүсіптің туындылары жарық көріп тұрған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет