Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет288/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

300 


Міне, сондықтан, ең әуелі отаршыдыққа қарсы басталған жәдит қозғалысы 

бірте-бірте ұлттық идеологияның мәйегіне айналып, халықтың санасын оятуға 

және  оны  тәуелсіздікке  бастауға,  ол  үшін  дәстүрлі  құндылықтарды  сақтай 

отырып ғылым-білімге, озық технологиямен қарулануға бағытталды деуге толық 

негіз бар. Жәдитшілдер ең алдымен өз өлкелерінің батыстық өркениеттің артта  

қалып, ал, мұсылмандардың өзге елдердің езгісіне түсуі себептерінің түп төркінін 

іздеді.  Өйткені,  олардың  пікірінше,  ислам  діні  адамзатқа  келген  діндердің 

соңғысы әрі кәмілі еді. Құран Кәрім адам баласын парасат биігіне, ғылым мен 

білімге шақырған еді. Құран мен сүннеттен бастау алған мұсылмандар Аббаси, 

Андалусия,  Алтын  Орда,  Османды  сияқты  іргелі  мемлекеттер  құрып,  мәдени 

жетістіктерімен  Еуропаға  өркениет  үйреткен  еді.  Ислам  ғалымдары  тек  діни 

ілімдерде ғана емес, дүниауи ғылымдарда да әлемдік жаңалықтар ашып, Ибн 

Сина, Фараби сынды ғалымдар төрткүл дүниге өздерінің теңдессіз еңбектерімен 

танылған  еді.  Ал,  енді  сол  өркениеттің  құлдырап,  мұсылмандардың  бір 

кездері  өздеріне  тәуелді  елдерге  басыбайлы  болуын  қалай  түсінуге  болады. 

Алланың  сүйікті  құлдары  неге  бодан  болды?  Мұның  себебі  неде?  Қайтсе 

мұсылмандар  азат  болып,  тәуелсіздік  туын  желбіретеді?  Жәдитшілдердің 

пікірінше, мұсылмандардың артта қалу себебінің бірі – мұсылмандардың дінді, 

оның діннің қайнар көзі – Құран Кәрім мен пайғамбар өсиетін дұрыс түсінбей, 

исламды  жаңылыс  жорудан,  иман  мәселелеріне  салғырттықтан,  надандықтан 

және алауыздықтан туындаған еді. Ал, сайып келгенде, мұның бәрі оқу-ағарту 

ісінің  дінге  және  заман  талабына  сай  жолға  қойылмай  отыруына  әкеп  тіреді. 

Сондықтан жәдит қозғалысының түп төркініне көз жіберіп, тамырын терең түсіну 

үшін әуелі сол кезеңдердегі оқу-ағарту жүйесіне тоқталмай өте алмаймыз.

Тарихтан  белгілі,  Ресей  қол  астындағы  мұсылман  жұртшылығының  тегіс 

мойындап,  бет  түзейтін  діни  орталығы  Бұхара  қаласы  болатын.  Өйткені, 

көптеген ғасырлар бойы тек Түркістанның ғана емес, күллі мұсылман әлемінің 

ірі ғылыми және мәдени орталықтарының бірі болған Бұхара қаласы дін ғылымы 

мен  дүниауи  ғылымдардың  және  сопылық  өмірдің  біте  қайнасқан  ортасы  еді. 

Медреселерінде түрлі ғылым салаларымен бірге діни ілімдерді терең оқытатын 

Бұхараға ислам дүниесінің түкпір-түкпірінен шәкірттер ағылып жататын. Алайда, 

уақыт  өте  келе  Бұхарадағы  оқу  орындары  да  тоқырауға  ұшырап,  кері  кете 

бастады. Жәдитшілдік қозғалысының көрнекті өкілі С.Айнидің пікірінше, Бұхара 

медреселерінің құлдырауы XVI ғасырдың соңына қарай басталған. С. Айнидің 

айтуына қарағанда, осы кезден бастап Бұхара медреселерінде тек діни ілімдерді 

ғана үйретіп, дүниауи ілімдер оқытылмайтын болған. Сондай-ақ, медреселерге 

басшылық ететін кейбір атаққұмар молдалар да өз аттарын шығару мақсатында 

медреселердегі  оқу  бағдарламаларына  өздері  жазған  түсініктемелер  мен 

қосымшаларын қосып, уақыт өте келе негізгі кітаптардың оқытылмай қалуына 

себеп болған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет