ҰЛЫ ДАЛА тарихы
301
Медреселерді терең зерттеп, мұсылмандық білім беру жүйесін сынағандырдың
бірі – Ресейді мекендеген мұсылмандар арасында жәдитшілдік қозғалысының
негізін қалаушы, Еділ бойының татары Шахабеддин Маржани еді. Бұхарада
білім алған Ш.Маржани еңбектерінде мұндағы білім беру жүйесін ауыр сынға
алады. Медреселердегі білім беру жүйесінің нашарлығын, мұнда 20-30 жыл бойы
дәріс болғанымен шәкірттер арасында арабша сөйлей алмайтын және жаза
алмайтындардың табылатынын Абдурашид Ибрагим де атап көрсетеді. Ұлы
Абайдың «Бұл күнде тахсил ғулум ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға
пайдасы жоқ болды» деуі де сондықтан болар…
Дегенмен мұсылмандар арасындағы халық ағарту жүйесіне ерекше тоқталып,
жаңа әдіспен білім беретін жәдит мектептерінің негізін қалаған кісі қырымдық
татар Исмаил Ғаспыралы еді. Əуелі Қырымда медреседе, кейін Мәскеуде білім
алған Ғаспыралы, Ыстанбұлда болған жылдары мектеп медреселер туралы,
ал Еуропада болған жылдары жоғары оқу орындары жайында түрлі зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Оның пікірінше, бір кездері озық мәдениеттің бесігі болған
медреселерде уақыт өте келе мынадай қателіктерге жол берілген:
Мектептер мен медреселерде белгілі бір оқу жүйесі жоқ;
Дәрістер оңайдан емес, керісінше, күрделіден басталады;
Шәкірттер ешқандай сынақ немесе тексеруден өткізілмейді;
Шәкірттер қабылдануына және қабілеттеріне қарай сыныптарға бөлінбейді;
Ана тілінде оқу, шығарма, есеп сияқты жеке сабақ ретінде оқытылмайды;
Негізгі кітаптардың орнына қажетсіз түсініктемелерге көп орын берілген, т.б.
Исмаил Ғаспыралының айтуына қарағанда, уақыт өте келе Ибн Сина, Ұлықбек,
Хорезми, Али Құсшы және тағы басқа ғұламалардың еңбектері медреселерде
қажетсіз деп табылып, жаратылыстану пәндері оқу бағдарламасына енгізілмеген
еді. Мұнда ортақ жүйе және оқу жоспарының жоқтығынан шәкірттер әртүрлі
пәндермен бейберекет айналысатын еді.
Осылайша, ілім беру саласына терең талдау жасаған жәдитшілдер, оқу-ағарту
ісінің ұлттық педагогика негізінде боып, мектептердің ана тілінде ілім беруін,
медреселерде діни ілімдермен бірге дүниауи ғылымдардың қатар оқытылуын
және жаңа әдіспен белгілі бір қалыпқа түскен, өзіндік ережелері мен қағидалары
бар оқу жүйесчнің схоластикалық пәндерден арылуы керектігін, оның орнына
оңайдан бастай отырып ғылымхал, тәпсір, хадис, тарих, жағрапия пәндерне
көбірек мән берілуін баса айтты. Сондықтан олар дәстүрлі медреселер мен
мектептерге реформа жасау қажет деп білді. Жәдитшілдердің көсемі Ғаспыралы
осы мақсатпен тәуекелге барып, 1884 жылы Бахшасарайда алғашқы жәдит
мектебін ашты. Жаңаша білім беретін жәдит мектебі қысқа мерзім ішінде халықтан
қолдау тауып, саны бірте-бірте арта түсті. Алғаш қырымда тұсауы кесілген жаңа
үлгідегі мектептер Қазанда, Уфада, Орынборда, Бұхарада, Ташкентте, Семейде,
Алматыда және тағы басқа қалалар мен елді мекендерде ашылып білім бере
|