Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет290/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

302 


бастады.  Миссионерлердің  іріткісімен  іргесі  сөгіле  бастаған  туыстыққа  қайта 

дәнекер болған бұл мектеп, медреселерде түбі бір түрк халықтарының балалары 

түгел болды. Мәселен, Ғалия, Хұсайния, Расулия медреселерінде татар, башқұрт, 

өзбек, әзербайжан балаларымен бірге жүздеген қазақ балалары да оқыды. Сондай-

ақ, қыздар үшін де арнайы мектеп, медреселер ашылды. Кейінірек Польша, мысыр, 

Үндістан және Қытай сияқты шет мемлекеттерде де ашылған жәдит мектептерінің 

саны 1905 жылы тек Ресейдің өзінде ғана бес мыңнан асып кетті.

Өркениеттің  шыңына  көтеріліп,  отаршыл  Батыстың  боданынан  босау  үшін  

әуелі  дінді  дұрыс  түсінуді  ұсынған  жәдитшілдер  Османды  мемлекетіндегі, 

Үндістандағы  және  Мысырдағы  жаңашыл  ұлт-азаттық  қозғалыстармен 

байланыста  болды.  Мәселен,  Абай  нақыл  сөздерінде  Османды  мемлекетінде  

жаңа  түрдегі  мектептердің  ашылып  жатқанын  хабарлайды.  Сондай-ақ, 

жәдитшілдер  жаңашыл  бағыттағы  Шах  Уалиуллах  Дихлеуи,  Жамаладдин 

Ауғани, Мұхаммед Абуһтың еңбектерімен етене жақын таныс болды. Дегенмен, 

жәдитшілдерге  ең  көп  әсер  еткен  ғалым  –  Имам  Ғазали  еді.  Өйткені,  ислам 

әлемі  тығырыққа  тірелген  кезеңнің  бірінде  дүниеге  келіп,  діни  ілімдер  мен 

дүниауи  ғылымдарды  үндестіріп  кеткен  ғұлама  ғалым  Имам  Ғазали  бүкіл 

Мұсылман  ғалымдарының  жүгінер  ұстаздарының  бірі  еді.  Ғазалидің  кітаптарын 

оқып  әсерленген  Абдунасыр  Курсави,  мұсылмандардың  Құран  мен  сүннетті 

қажетсінбей,  иждихатты  керексінбей,  халефтің,  яғни  кейінгі  ғалымддардың 

пікірллерін  қайталаудан  тұратын  тақлидке  бой  ұруын  сынады.  Бұл  әсерді  

Абайдың шығармаларынан да көруге болады. Курсави сияқты мутакаллимге қарсы 

пікір айтқан Абай иманды тахиқи және тақлиди деп екіге бөліп, тек қайталаудан 

ғана тұратын тақлиди сенімді сынға алады. Ғазалидің пікірлері Маржаниге де үлкен 

әсер етті. Сондай-ақ, Маржани, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Халдун, Ибн Хазм, Ибн 

Халлакан,  Ибни  Араби,  Имам  Суюти,  Юсуф  Қарабағи,  Ғұламаһи  Дауани  және 

тарихшылар Ибн Фадлан, Якут Хамауидың еңбектерімен де таныс еді.

Жалпы, көптеген жәдитшілдер сияқты Ш.Маржани де Құран мен сүннетке толық 

мойынсұнып, бұлардан басқаларын дәлелсіз қайталауға қарсы еді. Ол сондай-ақ, 

ғибадатқа ықыласпен беріліп, намазға өте мұқият еді, қолы қалт еткенде Құран 

оқып,  шәкірттеріне  де  «Ең  үлкен  ұстаз  –Құран.  Сондықтан  әр  күн  кем  дегенде 

бір  пара  Құран  оқыңыз.  Мүмкін  болғанша  мағынасын  терең  түсінуге  тырысып 

мұқият оқу керек. Осы үшін бір тәпсір оқып шығыңыз…» дер еді. Жәдитшілдер 

өз  шығармаларында  сопылық  ілімі  туралы  да  байыппен  баға  берді.  Зейнуллаһ 

Расули,  Рызаеддин  бин  Фахреддин,  Алимжан  Баруди,  Муса  Жаруллаһ  сияқты 

сопылық ілімге ден қойған жәдитшіл ғалымдар өз еңбектерінде түрк халықтары- 

ның  моралдық  кодексі  болған  кемел  адамдық  ілімді,  яғни  Абайша  айтқанда,  

«толық  адамдық»  ұстанымды,  Алла  тағаланы  үнемі  еске  алып,  зікір  етуді  және 

қалыпты  тазалап,  рухты  тәрбиелеуде  сопылық  жолдың  ерекшеліктерін  жазып 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет