Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет38/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

42 


Көне түрк бітік жазуы

Түрк қағандығының тұсында VII-VIII ғасырлардан бастап түрк жаңа жазуын 

мемлекеттік  деңгейде  қолдана  бастады.  Бұл  көне  түрк  бітік  жазуы  болатын. 

Бұл  жазудың  арғы  генезисі  де  түрктердің  таңбалар  жүйесінен  басталғанын 

айту  керек.  Бұл  жазуларды  түрк  империялары,  қағандықтары,  хандық, 

ұлыстық  биліктері  секілді  іргелі  мемлекеттік  құрылымдар  дипломатиялық 

іс-қағаздарынан  бастап  күнделікті  хат-хабарлар  алмасуға  дейін  кеңінен 

пайдаланып, рухани өміріндегі алуан түрлі мұраларды жазып қалдырды. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, «руна» деп аталып кеткен көне түрк жазуы 

«бітік/бітіг»  деп  аталды  (сөздің  семантикалық  төркіні  «пішу,  пішіндеу,  пішін 

деген  мағынада»),  ежелгі  таңбаларға  негізделген  түрк  тілінің  табиғатын  аса 

ықшам әрі тиянақты әдеби тіл нормасына жүйелеген, қағаннан бастап халыққа 

дейін тез үйреніп меңгерген, мемлекеттің дипломатиялық хаттарынан бастап 

шежіре тарихы жазылып келген әмбебап жазу болды. Көне түрк бітік жазуы – 

түрктердің өздері ойлап тапқан дыбыстық әрі буындық жүйенің қос қызметін 

түйіндеген бірегей жазу.

Əрине,  түрктер  ол  кездерде  әлемдегі  грек,  қытай,  соғды,  брахми  сынды 

жазулардан  хабардар  болды.  Алайда  өз  тілінің  табиғаты  мен  этномәдени 

болмысына сай төл жазуларын асқан біліктілікпен жасай білді. 

Осы жазу арқылы бұйрық ету, жарлық шығару, үкім жолдау, мөр-таңба басу, 

елші жіберу, хат алмасу және басқа мемлекеттік маңызды іс-құжаттар жүргізіліп 

отырды. Қағанның алтынмен апталған таңба-мөрін сақтаушысы –«тамғачы», 

«алтын  тамған  тархан»,  ал  іс-құжат  хатшысы  –  «бітікші»  деп  аталды.  Ел 

тарихы қағандардың бұйрығымен ұрпаққа аманат ретінде түрк бітікпен қағазға 

хатталып, тасқа қашалған бітіктастарда бәдізделіп айшықталды. «Мың жылдық 

түмен  күндік  бітік  жазуыммен  біліктілігімді  бекем  тасқа  қашадым»  дейді  ер 

жүрек түрктер. Барлық түрк тектес этностарға ортақ әрі түсінікті түрк бітігі тез 

арада ұлан-ғайыр аймаққа кеңінен таралып, әмбебап жазуға айналды. 

Алапат  заманнан,  соғыс  зұлматтан,  қауіп-қатерден  ұрпағын  аман  сақтап 

қалуды көздеген ер жүрек бабаларымыз «ұрпақты сақтауды ұлттық код» ретінде 

тасқа ақыл-өсиеттерін, асыл ойларын болашаққа аманат етіп қалдырды. Бұл 

«руна»  (құпия  жазу)  деп  болжанып  келген  жазумен  мәрмәр  тасқа  қашалып 

кейінгі замандарға дейін оқылмай жұмбақ қалпында XIX ғасырға жеткен еді. 

Оның құпиясын ашқан дат ғалымы, полиглот Вильгелм Томсен



 болатын. 

Осыдан  125  жыл  бұрын  әлемдік  түркологияда  өз  атын  өшпестей  етіп 

қалдырған ол 1893 жылы қарашаның 25 күні «Орхон-Енисей жазуының кілтін 

тауып», желтоқсанның 15 күні Дания ғылым академиясында арнай баяндама 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет