Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет309/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

322 


ДАЛА ДАНАГӨЙЛЕРІ: МАЙҚЫДАН МӨҢКЕ БИГЕ ДЕЙІН

Түмен-түмен  қол  төңкеріп,  түйдек  бұлттай  жөңкіп  көшкен  аласапыран 

тарихты ат тұяғымен жазған баяғы бабаларымыздың парасат пен салтанатқа 

толы  өмір  салты  да  өзгеше  болған  ғой!  Ұлы  даланы  уыстап  тұрған  қаһарлы 

ханның  қасында  отырып  әділдікке  келгенде  туғаны  жоқ  тумадай  қара  қыл ды 

қақ жарып тура сөйлеп, бі тіс пес дау ды бір ауыз сөзбен тоқ тат қан би лерінің биік 

ақыл-ойына орда да ғы орны да, ел ішіндегі беделі де сай болыпты. 

«Өзенге бие байлатып, төскейге орда орнатып, төрткүлдеп ошақ қаздырып, 

тө бел  бие  сойғызып,  төменде  бидің  ке ңе сін,  бізде  бір  құрар  ма  екенбіз»  деп 

жыр  лаған Ақтамберді, «Кетбұғадай би лер  ден кеңес сұрар күн қайда?» деп тол-

ға ған әйгілі Доспамбет жырау лар дың тау суын дай тулаған ағынды жырларының 

өзі-ақ данышпан дала билерінің салмағы мен салтанатын айғақтап тұрған жоқ 

па?!. 

Болашаққа барар жолды заманалар борасыны жасырған бабалар ізімен қай-



та жалғап жатқан осы бір жарқын шақ та қай заманда болсын елдікке ерен ең  бек 

сіңірген, бөлекті біріктіріп, дауды қош, жауды дос қыла алған туабітті қаси е тімен 

өлмес өсиет қалдырған, бітімі ерек, болмысы бөлек билеріміз жайында аз-кем 

болса да айтуды өзімізге міндет са на дық. 

Түпкі сөзді түрктерден бастасақ, олар ерте дәуірден замананың заңын түз ген, 

тілге ұста, елге тұтқа тұлғаларды би/бей/бек деп атаған. Бидің тамыры өте көне 

дәуірде жатыр. Оған, әрине, та рих тың өзі куә. Тарихта таңбаланған би лер дің 

арғы атасы дана Тоныкөк екені анық. Оның ордасы Орхон дариясындағы Білге 

қа ған ордасынан шалғай Тоғұла өзені са ғасында дербес орналасты. Ордадан 

алыс халыққа жақын болған абыз елдің іш кі рухани өмір-тіршілігін қадағалап, да-

налық сөздерімен ұлысты ұйыстырып, жұртына арқа тіреген. Ол ресми билікке 

айбарлы сөздерін арнау, толғау түрінде айтып, тілектерін орындатып отырды. 

Артына халқына азық, хандарға қазық болатын даналық толғау, өсиетті нақыл 

сөздер қалдырды. 

Көне түрктік бек мансабы кейіннен биге ұласады. Билердің қызметі мен мін-

детінің тамырын тап басып таныған сөз зергері Сәкен Сейфуллин билердің құ -

діреті хандар мен батырлардан да ай бын  ды екендігі туралы айта отырып, қа зақ 

әдебиетінің тұтас бір дәуірін «Б и лер дәуірі әдебиеті» деп атауы тегін емес

545



Өйткені халық мұрасын байытқан ма  қал-мәтелдер, өсиет-толғаулар, ғиб рат ты 



нақылдар мен тәмсілдер билерге қатысты таралған. 

Билер  мен  бектердің  халық  арасын да ғы  жер  дауы,  жесір  дауы,  құн  дауы, 

мал дауындағы әділ шешімдері уақыт өте келе саралана түсті. Данышпан би 

ба ба лар  түзім  еткен  әдет-ғұрып  заңдары  ны  ғайып,  шыңдалып,  кемелденіп, 

545

 Сейфуллин, 2007, 66 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет