Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет305/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

317 


АЙКӨЛ МАНАС БАТЫР 

Ақбас  Алатау  баурайында  бір  түйенің  өркешіндей  бірге  жасасып,  біте 

қайнасқан  қазақ  пен  қырғыз  тарихтың  ұзын-салқар  керуенінде  үзеңгілес  те 

үндес жүрген. Сондықтан Мұхтар мен Шыңғыс, Кенен мен Оспанқұл, Жамбыл 

мен Тоқтағұл, Шоқан мен Боранбай сынды арда ұлдары төс түйістірген, тарихы 

ғана  емес,  тағдыры  да  қатар  өрілген  бауырлас  жұртты  біріктіретін  қасиет-

құндылықтар аз емес. Соның бірі де бірегейі – «Манас» дастаны

.

Алаш ұранды алып Манас

Ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұр сын ұлы  батырлар  жыры  туралы  «Бұрынғы 

жаугершілік  заманда  халық  тән  есебінде  болғанда,  батырлар  жан  есебінде 

болған.  Халықтың  батырлары  қандай  болса,  халықтың  рух  жағы  да  сондай 

болған»  деп  жазады

535


..  Ұшы  қиыры  жоқ  Ұлы  даланы,  сал қар  сахараны  ат 

тұяғымен бағын дырған, күн түбіне күңі рене жортып, дүниенің келбе тін әлденеше 

өзгерткен батыр бабаларға жорықшы жыраулар жігер берсе, қаһармандық эпос 

ар-намысына қамшы бол ған. Эпикалық санадағы көш пеліге ел қамы үшін от пен 

суға түсуге тайсалмайтын қаһар ман ер-азамат үлгі болды, осы лай   ша ғасырлар 

бедерінде жауын  гер түрктер арасында мінсіз ке йіп кер батыр культі қалыптасты.

Туған  жерін  қызғыштай  қорғап,  туған  елін  қой  үстіне  боз торғай 

жұмыртқалайтын  бара қат ты  өмірге  бастайтын  же ңім паз  батыр  бейнесін  шал-

қар  шабытпен  жырлайтын  абыз  жыраулардың  мәртебесі  қаша нда  жоғары 

болған. Күл лі көшпелі жұрттың ортақ мұрасы «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», 

«Манас»  секіл ді  ұлы  эпостарымызда  Байқалдан  Балқанға,  Алтайдан  Альпі ге 

дейін жортқан жауынгер жұрт тың шаңды жорығы ның сүр леу суреті ғана емес, 

халқы мыз дың өр рухы, терең даналық тол ғамы қатар сақталған. Сол се бепті 

түрк халықтары әлемде тең десі жоқ телегей-теңіз эпос тудыр ды, ақындығымен 

даңқы шы ғып, адамзат мәдениетіне асыл қазына сыйлай алды. Сол жау һарлар 

ішінен Гиннестің рекорд  тар кітабына енген «Манас» жы рының түгел түрк үшін 

бағасы айрықша зор екені белгілі.

«Манас» – қырғыздың ұлы эпосы ғана емес, түрк халық тарының эпикалық 

мұрасының да алып шыңы. Телегей теңіз бұл жырдың көлеміне әлемде бірде-

бір  эпикалық  ескерткіш  теңесе  алмайды.  Мәселен,  Сағымбай  Орозбақовтан 

жазып алынған жырдың көлемі 250 000 жолдан тұрады. Бұл Фирдоуси «Шах-

намасынан»  2  есе,  Гомердің  «Илиа дасынан»  16  есе  көп.  Бұ ған  Саяқ бай 

Қаралаевтан  жазып  алын ған  Манастың  баласы  мен  немересі  суреттелетін 

535


 Байтұрсынұлы, 2003, 279-280 бб.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

318 


«Семетей», «Сейтек» жырын қос са ңыз, тауды шайқайтын, те ңіз ді тебірентетін, 

орманды мүл  гі тетін ақындықтың айшық ты құдіретін тани аласыз.

Энциклопедиялық сипатта ғы, эпикалық тыныстағы эпос тың арғы бастаулары 

тым те реңнен тамыр тартады. «Бұрын ғыдан қалған сөз: Қарахан, Оғыз қағаннан 

кейін Аланча хан ұрығынан Байғұр, Ұйғыр дегендер болған екен» деп есте жоқ 

ықылым заманнан шежіре бастайтын жыр Манасты:

«Артық туған Манастың,

Арғы атасы Қарахан. 

Қараханнан тараған,

Теңдесі жоқ Оразай.

Кіндік қаны тамған жер,

Алтай деген жер екен», – деп таныстырады

536

.

Осылайша арғы алтайлық тамырдан бастау алып, түпкі тегін Қарахан, Оғыз 



қағанмен байланыстыратын алып Манас шамырқанған бір сәтінде:

«Атам – Жақып, Манаспын,

Арғы ұрығым – Алашпын!» – деп ұлы бабасына сыйынады.

«Алаш,  алаш  болғанда,  Ала  тай  ат  болғанда,  Тамғасыз  тай,  енсіз  қой 

болғанда» деген тәмсіл сөз қазақ, қырғыз, қарақалпақ сияқ ты бір атадан тараған 

ха лық тарға ортақ ұран болған. Сон дықтан әйгілі дастан:

«Арғы атамыз Алаш деп,

Намысыма талас деп,

Алты жүз арғын, найманды,

Ер тартуға сайлады.

...Түбінен бөтен туып па,

Түркті құдай ұрып па?!

Алаш хан екен атамыз,

Арпалыспай қайтіп жатамыз», – деп Алаш ұранын ту етіп көтереді.

Ендеше,  бүгіндері  жүз  жылға  толған  Алаш  автономиясының  әзелгі  ұраны 

Алаша хан мен Манас батыр заманынан ұла сып, жүлге тартып, ұрпаққа жет кені 

дау  тудырмайды.  Бұл  орай да  тарихи  жырлар,  аңыз-әпса на лар,  шежірелерді 

жүйелі игеру арқылы отандық тарихтың дерекқорын байыта түсуге болады. Тек 

«Манас»  жырының  өзінде  түгел  түркке  қатысты  қаншама  тарихи  оқиға,  жер-

су аттары, тегі бір кейіпкерлер бар десеңізші. Егер «Манас» эпосын адамзат 

ақыл-ой  қазынасына  қосылған  алып  мұра  десек,  осы  жырдың  өнбойында 

536


 Манас, 1978, 15 б.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

319 


батыр бабаларымыз туралы өмір-деректердің өріле өрнектелгенін байқаймыз. 

«Манас»  жырында  жалпы  алты  Алаштың,  түгел  түрктің  бірлігі  дәріптеледі. 

Тек  қырғыз  тарихына  қатысты  ғана  емес,  қазаққа  байланысты  да  көптеген 

мәліметтер, деректер келтіріледі.

«Жолдас болған нойғыт бар,

Арқа сүйеген найман бар,

Қоныстас жүрген қоңырат,

Үйірлес жүрген үйсін бар,

Араласқан алшын бар,

Арғыннан Қарақожа бар», – 

деген жолдар эпос пен этностың біртұтас ағза екендігін көрсет кендей

537


.

Сондықтан төл тарихымызды шетелдік жиһангерлердің жол жазбалары мен 

архивтерден ғана іздемей, қаһармандық жырлардан, алтын аңыздарымыздың 

арқауынан  іздеу,  жадыны  жаң ғыр тудың  бір  құралы  болса  керек.  Бұл  орайда 

зерделі,  құй ма құлақ  халқымыз  тудырған  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  тарихи 

дерек ретінде қолдану, ғылыми нысанға айналдыру – бүгінгі күннің талабы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет