ҰЛЫ ДАЛА тарихы
320
Бұла рдың барлығы бір ғана дәуір ге және бір ғана Манас батыр дың төңірегіне
топталған. Бұл ежелгі дала «Илиадасына» ұқсайды. Қырғыз халқының тұр мыс-
салты, мінез-құлқы, жағы рафиясы, діни және меди ци налық білім-түсініктері,
елара лық қарым-қатынастары тап осы зор эпопеяда өз көрінісін тапқан» деп
баға береді.
Академик Əлкей Марғұлан шығыстың шоқтығы биік ға лымы Шоқан жазып
алған жыр дың тілі орамды, көркемдігі орасан шұрайлы болуына қазақ пен
қырғыздың бауырлас тық, туысқандық сезімі ерекше әсер еткенін дәлелдеп,
жыршы Шоқан Уәлихановқа ақ пейіл мен ақтарылып, ал В.Радловқа келгенде
тосырқап қалғанын айтады: «Тегінде екі ғалым да бір жырды бір жыршыдан
(Назар) жазып алғанға ұқсайды. Мазмұн жағынан екі жырдың арасында артық
өзгешелік жоқ.
Айырмашылық тек қана жыршының қандай шабытпен айтуынан, жазып
алушының қандай тәсіл қолданған әдісінен айырылып отырады. В.Радлов
жазуында кейбір әдемі суреттермен бірге, жырдың ағымы жүлгелі түрде
суреттелмей, кейде үзіліп, кейде кібіртіктеп отырады. Шоқанның жазуындағы
аң қып тұрған хош иістер, көр кем бейнелер мұнда сараң кез де седі. Тегінде
Шоқанға аш қан кеудесін жыршы аяулы ғалым ға ашпаған, қулыққа салып
«Көкетай» жырының көп жерін қалдырып айтқан, оның ішін де Көкетайдың өсиет
сөзі мүлде жоқ, көш жолы, ас беру, асқа шақы ру, ат сынау суреттері Ш о қ ан ның
жазуындай шалқыта ал май, қысқа-қысқа, кібіртіктеп жазылған»
540
.
Кеңес Одағы дәуірінде «Манас» эпосын ғылыми тұр ғы дан зерттеудің
іргесін кеңіт кен әйгілі сөз зергері, заңғар жазушы Мұхтар Əуезов болға ны
баршаға мәлім. Ол Шоқан Уәли хановтың соқпағын жаң ғыртып, манастануды
жаңа сапалық деңгейге көтереді. Данышпан Əуезов Сағымбай Орозбақовтан
Ыбырай Абрах манов жазып алған эпос нұсқа сы мен алғаш 1928 жылы Фрун-
зеде танысады. Академик-жазу шының манастануға қосқан шоқ тық ты еңбегінің
бірегейі – «Киргиз ский героический эпос «Манас» деген көлемді зерттеуі
541
.
Моно графиялық еңбектің алғашқы нұсқасы 1934 жылы әлдеқашан дайын
болған. Автор оны әртүр лі саяси-идеологиялық кедер гі лерге байланысты өзегін
өз герт пегенімен әр жылдары шұқ шиып редакциялап, еселеп өң деп, болаттай
шынықтырып, шың дай түскені байқалады.
Бұл іргелі зерттеуінде Мұхаң эпикалық мұраны түгел түрктік кеңістікте
зерттегенде ғана шынайы нәтижеге жетуге болатынын бағдарлап, кон цеп-
туалдық соны тәсіл ұсы нады. Жырды Күл тегін, Тоны көк мұра сымен бір лік те
зерт теуді ұсы нып, эпос тың шығу тегін байыр ғы Қыр ғыз хан ды ғымен ұштас-
тыра ды. «Манас» эпосының пай да болу кезеңін арнайы тарау етіп тал дап, бұл
540
Марғұлан, 1985, 249 б.
541
Əуезов, 1985., 66-166 бб.
|