Тұлғалар тағылымы
«Манас» жырын алғаш рет жазып алып әлемге танытқан көрнекті
шығыстанушы ғалым, біртуар тұлға Шоқан Уәлиханов болса, оны іргелі зерттеу
нысаны еткен, кеңестік қиямпұрыс идеологияның қызыл алауынан қарлығаштай
қанатымен су сеуіп қорғап, қапаста қалып қоймай қайта жариялануына жолдама
берген қайраткер-қаламгер Мұхтар Əуезов болатын.
Шоқан Уәлиханов жазып алған эпостың ең бір шүйгін тарауы «Көкетайдың
асы» жыры қапияда ұзақ жылдар жоғалып кеткенде қараңғы архивтердің түк-
піріне көз майын шырақ етіп жағып, жансебілдікпен із деп тапқан, эпосқа екінші
ғұ мыр сыйлаған тағы да академик Əлкей Марғұлан еді
538
. Міне, осы лайша қазақ
халқының үш алы бы әлемдік эпостың шыңы, тү гел түрктің мақтанышы «Манас»
жырына берік қорған болған.
«Манас» жырын Шоқан 1856 жылы Ыстықкөл экспедициясында Қарқара
жайлауында өткен келелі кеңеске қатыса жүріп, қырғыз Боранбай би ауылында
жазып алады. Бұл туралы Шоқан «Жоңғария очерк тері»
539
атты еңбегінде:
«Манас» – қырғыз мифтерінің, жомоқтарының, аңыздарының энциклопедиялық
жинағы.
537
Манас, 1978, 145-146 бб.
538
Марғұлан, 1985, 257 б.
539
Уәлиханов, 1961, 392 б.
|