ТҮРКІСТАНДЫ ТҮГЕЛ БИЛЕГЕН: ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ
ЕР ЕСІМ ХАН
Қазақ хандығының тарихы сөз бол ғанда еске Қасқа жолды Қасым ханнан
кейін Ұлы даланың құдіретті әміршісі болған жеңімпаз қолбасшы еңсегей бойлы
ер Есімнің түсетіні белгілі. Хандықтың аумақтық тұтастығын кеңейтіп, мемлекет
билігін өрістеткен, Түркістанды түпкілікті астана етіп, орталық билікті күшейткен
Есім хан заманында Орта Азияның геосаясатына үлкен өзгеріс енгіз ген айтулы
тұлға
570
.
Ел «Еңсегей бойлы ер Есім» деп әс петтеген даңқты хан туралы аңыз-әпсана,
тарихи шежірелердің тек қазақ арасында ғана емес, ағайын жұрт қырғыздарға
да кең таралуы оның қайраткерлік тұл ғасына берілген халықтың шынайы құр-
меті мен жоғары бағасын аңғартады.
Мәселен, халық ақыны Қазанғап Байболов «Еңсегей бойлы ер Есім» жы рын
1938 жылы жырласа, атақты қыр ғыз ақыны Тоғалақ Молда 1942 жылы «Энчегер
бойлуу Эр Эшим» дас танын тудыруы осы сүйіспеншіліктің айрық ша белгісі,
еншісі бөлінбеген ағайын жұрт тың кезінде бір мемлекеттің шаңы рағы ас тында
болғанының айпарадай ай ға ғы-сын ды.
Ақын Қазанғаптың ауылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би
ауданындағы Қасқасу, Сайрамсу, Қара сора өзендері құймасындағы «Есім хан
ордасы» деп аталатын ортағасырлық тарихи ескерткіш «Төрткүлтөбе» маңында
орналасқан. Есім хан мен оның дәуіріне қатысты тарихи жер-су атауы бұл құтты
өлкеде сайрап тұр. Алайда жергілікті халық «Есім ханның ордасы» деп атап
келген, орта ғасырдан бергі түрлі мәдени қабаттарға толы ежелгі қаланың қорған
жұртына бүгінге дейін мардымды зерттеулер жүргізілмеген екен. Мемлекеттік
қорғауға да алынбаған бұл қастерлі мекен тіпті «Киелі Қазақстан» тізіміне де
ілікпеген сияқты.
Таяуда осы ауылға арнайы ат басын бұрып, тұрғындарымен кездесіп,
шежіреші қарттар мен жергілікті өлкетанушы азаматтар аузынан осы қаланың
жұрты жайында, Есім хан және оның замандастары туралы ауызекі әңгімелер
шоғырын жазып алдық.
Көне қала жұрты үш өзеннің қиылысында оқшау тұрған тік шатқал ды жеке
жасыл төбенің үстінде тегіс тік ке орналасыпты. Қорғанның топы рақ үйінділері
төрткүлденген қала ор ны ның жиегінде құланды күйінде көз ге шалынады. Ежелгі
қала жұрты ауыл балаларының футбол ойнайтын алаңына айналыпты. Ауыл
жастары бұл маңнан құмыра, жебенің ұшы, құбырдың қыштарын тауып алып
өлкетану музейіне тапсырғанымен, бұл жер бүгінге дейін арнайы археологиялық
570
Есімханның қайраткерлігі туралы төмендегі еңбектерден оқуыңызға болады: Тынышпаев, 1992.
С.83-88; Сейфуллин, 2007. 34-42-бб; Мағауин, 2002. 48-59 бб.
|