ҰЛЫ ДАЛА тарихы
328
ық тимал. Толғауда ол туралы «Арық шы ғар деп еді, сол арықтың ішінде,
ыңғайы жоқ жаманның, пышағы мен шақ пағы, қалып шығар деп еді» деп на-
лиды. Жауынгерлік қару-жарақ, аң шылық тұрмыстың құрал-саймандары кісе
белбеу, оқшантай, білтеге от жаға тын шақпақ, өткір пышақтан айыры лу би үшін
ақырзаман белгісіндей қа был данады.
Ақырзаман сарыны Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани секілді
даналарда да бар. Ал Мөңке би, Шортанбай, Дулат, Мұрат бастаған ақындар
оған әлеуметтік-саяси сипат бере білді. Əлемдік діндерде ақырзаман белгілі бір
дәуірдің аяғы болғанымен айыптылар жазаланатын, дүние күнәдан айығатын
жаңа ізгі замананың басы болып та есептеледі. Олай болса әулие Мөңке би-
дің сөздері түңілу емес, бодандық жүйе ні жазғырып, айыптап, азаттық аң саған
ақиқаттың үні деуге болады. Ол толғаулар бүгіндері бодандық жүйе қалдырған
мінез-құлқымыздағы кем ші л іктерді түзеуге, келешегімізге сергек қ арауға,
өзгелерге көзсіз еліктеп кетпей ата салтымызға оралуға, келеңсіз жайттардан
сақ болуға қызмет ете береді. Сондықтан мың жылдықты болжаған, абыздардың
сарқыты әулие Мөңке биді аңызбен асқақтатқан халық «Ұқсаң ұққан – ұлым,
ұқпасаң қалған – ұлым» деп Қызыр ғалайсалам айтады екен Мөңке биге» деген
әңгіме таратқан.
Айбарлы Шыңғысханның қасында жүрген Майқы биден Нұралы ханның
жанына ерген Мөңке биге дейінгі дала даналарының айтқан әр сөзі алаш рухына
серпін беретін сарқылмас қуат көзі болып қала берері хақ.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
329
Достарыңызбен бөлісу: |