Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет319/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

332 


Мінгені Есім ханның – Сарыпқұла

Аңыз-дастандарға  құлақ  түрсек,  ел дің  ерекше  қаһарманына  қанат  бол-

ған  ғажайып  тұлпар  мінгізетінін  аң ғарамыз.  Қобыландының  Тайбурылы,  Ал-

памыстың Байшұбары, Қамбардың Қара қасқасы көнеден жеткен алтын аңыздар, 

бертінгі Қаракерей Қабанбайдың Қубасы, Қанжығалы Бөгенбайдың Нарқызылы, 

Кенесарының Көкбурылы да ер серігі болған арғымақтар. 

Сол сияқты еңсегей бойлы ер Есімнің тұлпары Сарыпқұла туралы аңыздар 

да қазақ пен қырғыз арасында ортақ таралған. Қырғыз эпосында Есім ханның 

мінген тұлпарының аты – Шарыпқұла. Қырғыздар тұлпардың түп иесі Түгелбай, 

Шарыпқұла кермарал тәрізді ғажайып тылсым жануардан туған будан деседі. 

Аңызға сенсек, Түгелбайдың жылқы сында қисап жоқ екен, ер Есімнің сыншысы 

үйірдің  шетіндегі  «жабағы  жүні  түс пеген,  құм  сірке  басып  биттеген»  құла ны 

таңдап алыпты, ол лезде тұлпарға ай налады. Қырғыз жыр-аңыздарында Есім 

ханға тұлпарды Түгелбай сыйлайды. Түгелбай туралы Алаш қайраткері, білгір 

тарих шы  Мұхамеджан  Тынышбаев  «бұл  қыр ғыздағы  Алаш  зиялысы  Ешенәлі 

Ара баевтың тоғызыншы атасы. Ешенәлі Арабаевтың бабасы Түгелбайға олжаға 

тарту етілген қатағанның қызынан туған» деп жазады

574


Қазақ шежіресінде Түгелбай – Есім ханның оң тізесін басқан Құдайберді бидің 

ұлы

575


,  оның  туған  бауыры  Əлібектен  әйгілі  Төле  би  тарайды

576


.  Бір  қызығы, 

атақоныста отырған бидің бүгінгі ұрпақ тары Түгелбайдың қатағанның бір қызына 

үйленгені, оның қырғыз ішіне барып әулетімен бірге сіңіп кеткені туралы шежіре-

әңгіме айтады. Қалай болғанда тоғысып жатқан тарихты көреміз. 

Түгелбайдың  ұрпағы,  Төлеби  ауданы  Қасқасу  ауылдық  округінің  тұрғыны 

1938  жылы  туған  Қ.Бошатайұлынан  фольклортанушы-ғалым  А.Тойшанұлы 

жазып алған Есім хан мен Тұрсын ханның әу бастағы кикілжіңі неден болғаны 

туралы  аңыз  төмендегідей  сыр  шертеді:  «Тұрсын  ханда  керемет  бір  тұқымы 

тұлпар туатын айғыр бар еді. Сол айғырдан Есім хан да бір құлын алғысы келеді. 

Тұрсын хан келіседі, бірақ қызғанып, жылқышысына «Есім ханның биесіне айғыр 

шапқан  кезде  басын  тартып  қап,  ұрықты  сыртқа  ағызыңдар»,  деп  жасырын 

тапсырма береді. Мұндай болатынын сезген Есім хан да атбегіне ескерту жасап, 

қырағы болуды тапсырады. Биені әкеліп, айғыр шаба бергенде Тұрсын ханның 

жылқышысы айтқандай-ақ басын тартып қалады, оны сезген Есім ханның атбегісі 

тақиясын тоса қояды да, ұрықты жерге төкпей құйып алады. Осылайша күйлеп 

тұрған биені жығып жібереді де, жатырына тұқымды дереу құяды. Осы биеден 

керемет тұлпар туа ды да, ақыры екі ханның бақастығы тіпті қозып, араларына 

сына-сызат түсе береді». Ел аузында сақталған аңыз осылай сыр шертеді. 

574

 Тынышпаев, 1992, С.83-88



575

 Биболатұлы, Астана, 2017, 23 б.

576

 Шыныбекұлы, 2017, 94 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет