Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Екі ел эпосының сом тұлғасы – ер Есім



Pdf көрінісі
бет318/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   407
Екі ел эпосының сом тұлғасы – ер Есім

Есім  хан  туралы  әуелгі  эпосты  оның  жорықшы  жырауы  болған  Жиембет, 

Марғасқа  жырау,  қырғыз  Көкім  билер  жұртқа  таратқаны  анық.  Аңыз-әпсана, 

ертегі, хикая, қысқа өлең жолдары секілді түрлі пішінде ел құлағына алуан түрлі 

571

 Еңсегей бойлы Ер Есім, 2008, 515-523-бб.; Бабалар сөзі, 56-том, 2009. 363-б. 




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

331 


нұсқалары  әуелден  сіңісті  болады.  «Ең сегей  бойлы  ер  Есім»  тарихи  эпосын 

кейін гі жырлаушы Қазанғап Байболов Есім ханның бас батырының бірі ретінде 

алшын Жиембет Бортағашұлын атауы да дәстүрге деген адалдықты танытады. 

Жыршы  «Есім  далаға  шығып,  ілгері  айтқан  хабары  бойынша  үш  жүздің 

баласын тегіс жинап, хан көтерілді... Сол күнде үш жүздің баласында атақты 

төрт батыр болар еді. Ұлы жүзде, дулаттан Шабайұлы Жақсығұл деген мерген 

еді, қоңыраттан Алатау деген батыр еді. Кіші жүз алшын-жаппаста Бөрітоғашұлы 

Жиембет деген еді. Үйсіннен Сүлеймен батыр» дейді. Осылайша ақын «Есім 

сені есірткен, есіл де менің кеңесім» деген өр мінезді жырау Жиембеттің аруағын 

тербетеді. Жыршы Қазанғап Байболов өзі өскен ортадағы ел аузында айтылып 

жүрген  сюжеттерді  жинастырып,  топтастырып  эпикалық  дәстүрге  сай  тарихи 

жыр тудырады. Қаһарманның жауға аттанып кеткенде өзінің жақын туысының 

елін шабуы, патшалықты уақытша иемденуі, анасы мен баласын қой жайғызып 

құлдыққа салуы, оған бас кейіпкердің жасырын, көбінде бет пішінін өзгертіп келуі, 

жа қын дары оны тани алмауы, олармен қайым өлең айтып айтысуы, артынан 

елін зұ лымнан азат етіп мәңгі бақытты етуі – дәстүрлі эпостың құрылымында 

кез десетін тұрақты сарындар. Сол себептен бұл жыр бір қарағанда «Алпамыс» 

эпосына көбірек ұқсап кетеді. 

Қырғыздағы «Эр Эшим» жырының сюжеті де осындай

572


. Екі елдің эпосында 

да  қалмақты  жеңіп  келген  ер  Есім  жауға  таланған  жұртта  мал  бағып  жүрген 

жақын туыстарына жолай кез болады. Қырғызда ер Есімнің әйелі «Бекбекей» 

әуеніне салып қасіретті жағдайы туралы өлең айтса, қазақта ханның анасы бесік 

жырының әлдиімен зарын жеткізеді

573


. Əйткенмен екі елдегі эпоста кездесетін 

кейіпкерлер,  оқиғаның  өрбуі  мүлде  бөлек.  Бір  сөзбен  айтқанда,  бұл  жыр  бір 

эпостың  нұсқалары  емес,  жеке-дара  туған  екі  бөлек  дүние  деуге  болады. 

Дегенмен,  мұнда  егіз  ботадай  ұқсастықтар  аңғарылады.  Тарихи  тұлғаның 

нақтылы  өмірі  жырланғандықтан  да  солай  болуы  заңды  тәрізді.  Мәселен, 

ханның жау қолындағы жұбайы қырғыз жырында:

«Қой қайтарған біздің қыз

Қозы баққан біздің қыз

Эншегер бойлуу эр Эшим, 

Есен  келсе  қалмақтан,  Біздің  қыздай  болар  ма  екен  Сіз дің  қыз?»,  –  деп 

зарлайды. Əрине бұл шу мақтар негізінен сол қалпында Қазан ғап нұсқасында 

қайталанады.  Өйткені  бұл  тарихи  өлең  әу  бастан  ел  құлағына  сіңіс ті  болып, 

кейіннен көркем эпосқа кірік кені сөзсіз. 

572


 Эр Эшим, 2016, 504 б. 

573


 Еңсегей бойлы Ер Есім, 2016, 120 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет