ҰЛЫ ДАЛА тарихы
377
Мұхаметжан Тынышпаев және Тұрар Рысқұловтың хабары болғанымен,
түрлі себептермен құрылтай жұмысына қатыса алмады. Дегенмен, Григорий
Сафаров сияқты большевиктер тарапынан «пантүркшіл», «басмашылардың
рухани көсемі» деп айыпталған Тұрар Рысқұловтың орталықтың пиғылынан
қаймықпай, Зәки Валидовпен және түркшіл-ұлтшыл топтармен байланысын
астыртын жалғастыра бергенін байқаймыз. Тұрар Рысқұлов түркшілдік идеясын
және жаңадан құрылып жатқан Түркия Республикасымен байланыс орнатуды
ерекше қолдады. Белгілі Тұрартанушы Ордалы Қоңыратбаев атап көрсеткендей,
түрк халықтары коммунистерінің ІІ Жалпыресейлік кеңесінде «пантүркшілдік»
идеясының түрк халықтары үшін орасан зор пайдасы бар екеніне тоқталған
Тұрар Рысқұлов Түркия туралы былайша ой өрбітеді: «Біздің айтайын дегеніміз
Түркия, империалистік Түркия, ол енді жоқ. Шығыстың орасан зор халқын
соңынан ертетін жаңа Түркия бар. ...Қазір Кемалдық Түркия түрк халықтарының
қозғалысына басшылықты кеңестік Ресей жасай алмайды деп мәлімдегісі келіп
отыр. Біз олардың айтқанының дұрыс екенін мойындауымыз керек».
Жалпы, бұл кезеңде барлық ұлтшыл топтар мен астыртын ұйымдардың
бір-бірімен байланысы болғанын аңғару қиынға соқпайды. Мәселен, татардан
шыққан қайраткер тұлға Мирсаид Сұлтанғалиевтің Башқұртстандағы партия
жетекшілерінің бірі Адигамовқа жазып, алайда И.В.Сталиннің қолына түскен
хатында да «Валидовпен байланыс құр» деген сөйлем бар еді. Ал, Валидовпен
байланыс құру – басмашылық қозғалысымен байланыс орнату екені айтпаса
да түсінікті жайт. Сондай-ақ, қулығына құрық бойламайтын Иосиф Сталин,
Сұлтанғалиевтің осы кездері Тұрарға жазған жасырын хаттарын да білетін еді.
Достарыңызбен бөлісу: |