Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет367/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

376 


қазақ, өзбек және түрікмен ұлттық ұйымдарының өкілдері Бұқараға келді. Мұнда 

Түркістандағы негізгі үш ұйымның, атап айтқанда Алашорда, жәдитшілдер және 

социалистік бағыттағы “Ерік” партиясының біріккен бағдарламасы қабылданды. 

Зәки Валидовтың естеліктерінде айтылғандай, Алашорда өкілдері Хайретдин 

Болғанбаев, Дінше Əділов және қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Əуезовтің 

қатысуымен  қабылданған  бұл  бағдарламада  тәуелсіздік,  демократиялық 

республика, ұлттық армия, ұлттық экономика, халық ағарту ісінің жаңа жолға 

қойылуы, ұлт мәселесі және діни бостандық сияқты барлығы жеті баптан тұратын 

ауқымды  мәселелер  қарастырылған  болатын.  Дегенмен,  сұңғыла  саясаткер 

ғана  емес,  дәуірінен  озық  туған  ойшыл  да  бола  білген  Мұстафа  Шоқай  мен 

Тұрар Рысқұлов, басмашылық қозғалысының түпкілікті жеңіске жете алмасын 

білді.  Бұл  мәселеде  қос  бәйтерек  қарапайым  халықтың  қанға  бөгіп,  қызыл 

қырғынның  құрбаны  боларына  қауіптеніп,  қабырғасы  қайысты.  Сондықтан, 

басмашылық қозғалысының бел ортасында жүрген Зәки Валидов, өз кезегінде 

«Рысқұлов басмашылық қозғалысындағы әскерді аман сақтап, оларды келешек 

«Мұсылман Қызыл Армиясы» қатарына қабылдауды, осылайша ұлттық армия 

жасақтаудың қажеттілігін жақтайтын еді» деп жазды. 

Бұл кезеңде Тұрар Рысқұлов және басқа да халықтың ұлтшыл ұлдарының 

жанқияр еңбектері нәтижесінде көптеген астыртын ұйымдар құрыла бастады. 

Ұлт зиялылары, Алашорда және Түркістан үкіметтерінің бұрынғы мүшелері және 

талантты ақын-жазушылар Ташкентке топтаса бастады. Сондықтан, жасырын 

ұйымдардың  қайсыбірі  әдебиет  үйірмесі  ретінде,  енді  бірі  бірлестік  болып 

құрылып жатты. Астыртын ұйым мүшелері кейде әдебиет кештерінде жолығып, 

бас  қосатын,  ал  кейде  үйлердің  қалтарыстарында,  дәліздерде,  подвалдарда, 

вагондарда  кездесіп,  хабарласатын  еді.  Негізін  Мұстафа  Шоқай  қалаған 

осындай астыртын ұйымның ең үлкені «Түркістан Ұлттық Бірлігі/Туркестанская 

национальная объединение» деп аталды. Аталмыш ұйым 1920 жылдан бастап, 

1921 жылы толық құрылып бітті. Ұйымның құрылуына Түркия Республикасының 

да өзіндік үлесі болды. Атап айтар болсақ, 1921 жылы шілде айының соңына 

таман  Түркиядан  Мұстафа  Кемал  Ататүріктің  тапсырмасы  бойынша  Ұлттық 

Мәжілістің мүшесі Мұстафа Супхи Сойсаллыоғлы Бұқараға келді. Оның ұсынысы 

бойынша  «Түркістан  Ұлттық  Бірлігі»  құрылып,  оның  төрағасы  болып  Зәки 

Валидов  сайланды.  Тамыз  айының  3-5  күндері  комитеттің  алғашқы  отырысы 

болып, комитет бұдан былай “Орта Азия ұлттық мұсылман ұйымдарының одағы” 

деп аталды. Айта кету керек, бұл одаққа көп еңбек сіңіргендердің бірі – Тұрардың 

жақын серігі, қырғыз халқының аяулы перзенті Төреқұл Жанұзақов еді. Ұйым 

кейінірек «Түркістан Ұлттық Бірлігі» болып қайта құрылды және Мұстафа Шоқай 

ұйымның Еуропадағы өкілі болып сайланды. Ал, 1921 жылы 18 қыркүйекте Зәки 

Валидовтың ұйытқы болуымен VІІ. Түркістан Ұлттық құрылтайы өтті. Тағы да 

Валидовтың естелігіне жүгінер болсақ, Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет